1. Шарт туралыережелер 1.1 Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шартта байланыста. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар өндірушілер мен таратушыларға дербестік негізде тауар-ақша айналымында барабарлық (эквиваленттік) және өтемелік принциптерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысан болып табылады.
Кез келген әрекет шарт арқылы жасалады десем артық емес мысалы несие беру , сатып алу-сату шарты , тауармен жабдықтау шарты, жалға алу ол да шарт арқылы жасалады екен. Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады. Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас-тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар.
ҚР АК-ның 379-бабының 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Демек, шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады. АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туыңдамаса, онда АК-ның 22-тарауының баптары яғни шарт ұғымы және оның ережелері қолданылады.
ҚР АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міңдеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады ҚР АК-ның 380-баптың 2-тармағын қараңыз. АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көшпілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-баптың 2-тармағында заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік оргаңдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады" делінген. Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді. ҚР АК-ның баптарына жүгінсек 382-баптың 1-тармағыңда императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген. Тиісті ереженің мазмұны занда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орыңдауға міндетті.
Шарт мазмұнына қатысты мысал келтіретін болсақ, АК 282-бапта ақша міңдеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген немесе АК 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Соңдықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты АҚШ долларымен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Негізінен алғанда олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар болып келеді. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.
Шарттың елеулі ережелерін қарастырып өтейік. Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл — шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп болмағандығы шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады.
Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шартжасасқан кезде осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-бабы).
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш ықпал етпейді.
1.2 Шарттың түрлері
Шарттардың түрлері. Оларды атап өтетін болсақ нақты және консенсуальдық шарттар, ақылы және ақысыз шарттар, бір жақты және өзара шарттар, бір типті және аралас шарттар, негізгі және алдын ала шарттар, еркін және міндетті шарттар, өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары және өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар болып бөлінеді.
Нақты және консенсуальдық шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міңдеттері басқаша анықталады. Оған мысал ретінде сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық-шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында. Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру (бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау жатады.
Шарттардың көпшілігі ақылы. АК-да бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру, сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабыңда қаңдай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (АК-ның 107-бабы), демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық формасына айналуда.
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген шикізатты өндеу) сатып алу-сату шарты мен мердігерліктің элементтерін қамтиды.Тиісінше оған сатып алу-сату шартының элементтері бар бөлігінде сатып алу- сату шартының нормалары, ал, егер мердігер шет елде болса — сыртқы экономикалық сатып алу-сату шартының элементтері қолданылады. Мердігерлік шарттың элементтері бар бөлігінде мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шартгың айрықша ережелерін алып, оның басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туыңдайды. Алдын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе
(мысалы, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты), оңда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс. Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса (мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), аддын ала шарт, заңсыз болып қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады.
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс. Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міңдетті жағдай болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық мерзімі анықталған. Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін жояды.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міңдетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міңдетті шарттар (мысалы, мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны ерекше. Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.)
Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары. Өзара келісілген шарт жасасқанда оның ережелерін тараптардың екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін тараптардың біреуі дайыңдайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды.
Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр, т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шартқа айналады.
Жалпы қосылу шартыңда қосылған тарап шартты бұзуға немесе сотқа жүгінуге құқылы емес, немесе шартты дайындаған тарап шарт бойынша міндеттемелердің қандай да бір бұзылғаны үшін жауаптылықтан босатылады деп белгіленген.
Өзінің қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың — өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың — үшінші жақтың пайдасын көздейтін шарттар да бар.
Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады.
Үшінші адамның пайдасына жасалған шарт, бұл — азаматтық құқықтың дәстүрлі институты, үшінші жақ қатынасқан талаптар көрініс табатын жағдайлардың бірі. Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттардың ең көп таралған түрлері мыналар: жүкті (багажды) тасымалдау шарты, оған сәйкес тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді (АК-ның 689-бабы); үшішпі жақтың пайдасына сақтандыру шарты (815-бап); үшінші жақтың пайдасына банктік салым шарты (764-бап).
Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшішні жақтың шартта арнайы көрсетілген — көрсетілмегеңдігіне байланысты емес. Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Тәжірибеде кездестетіндей, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орыңдалуын талап етуге құқылы.
Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап ету құқығынан бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші сақтаңдыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.