Курстық ЖҰмыс пәні: Азаматтық құқық Тақырыбы: «Шарттың ұғымы, маңызы, түрлері»



бет3/5
Дата03.01.2023
өлшемі43,96 Kb.
#60328
1   2   3   4   5
Байланысты:
перизат

2. ШАРТТЫҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Шартты жасау
Шарт екі жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жактың ондай ұсынысты кабылдау нәтижесінде жасалады.
Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітілген. Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы — оферта арқылы шарт жасау (бірінші кезең) және екінші жақтың ұсынысты қабылдауы (екінші кезең) оның акцепті болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әр жақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (АК-тің 394-бабының 1-тармағы).
Әлгінде айтқанымыздай, шарт бір жақтың үсынысымен (оферта), екінші жақтың оны қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ та, кез келген ұсыныс оферта ретінде қарала алмайды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін болады.
Шарт жасасудың екінші кезеңі-акцепт. Акцепт-оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы (АК-тің 396-бабьшың 1-тармағы). Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжатынан, іскерлік өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиісті соманы төлеу жөне т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі (АК-тін 396-бабының 3-тармағы). Акцепт қайтарыльш алынуы мүмкін. Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрьш немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі (АК-тің 396-бабы).
Шарттың жасасу сәті мынадай жағдайларға:
1) акцепт үшін мерзімі керсетілген кезде не онсыз ұсыныс жасалды ма;
2) оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Офертада акцептіге арналған мерзім керсетілген жағдайда, егер оферта жіберген жақ акцептіге онда көрсетілген мерзім ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі.
Офертаны жіберген тарап және шартты жасасуға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акцеп жасау туралы хабар алған тарап шарт жасасу кезінде пайда болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап 30 күн ішінде не акцептіге арналған мерзім өткен соң егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері туралы өзге мерзімі белгіленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.
Егер шарт жасасуға міндетті тарап жіберген шарт жобасына 30 күн мерзімде осы шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші тарапқа шартты сол редакцияында қабылданатыны туралы, не келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап 30 күн ішінде хабарлауға міндетті. Келіспеушілік хаттамасын қабылдамаған , не оны көрсетілген мерзімде қарау нәтижелері туралы хабарды алмаған жағдайда келіспеушілік хаттамасын
жіберген тарап, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлері туралы өзгеше белгіленбесе, алған тарап мұндай келіспеушілікті соттың қарауына беруге құқылы.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту арқылы туғызған заладың орнын толтыруға тиіс. Шарт жасасу кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен соттың қарауына берілген болса, шарттың тараптар келіспеген ережелері сот шешіміне сәйкес белгіленеді.
Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетiлмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерiнде немесе оферта жiберген заңды тұлғаның орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде баскадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жері оның тұрған жері болып табылады.
Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығы болғанмен, заңда және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі қарастырылған.
Мұндай жағдайлар көп емес. Мысалы, жария шартты және алдын ала шартты атауға болады. Өзге заң актілерінде белгіленген жағдайлар ішінен мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындауын алуға болады.

2.2 Шартты өзгерту және бұзу


Шартты өзгерту — оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты Азаматтық Кодекстің 367-бабында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату.
Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәртібінде, орындаудан біржақты бас тарту) Азаматтық Кодексте, басқа заң актілерінде және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі.
Шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:

  1. екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;

  2. заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.
Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.
Шартты өзгерту және бұзу тәртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
Шартты бұзу және өзгерту салдары. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.
Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.
Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.
Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту). Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.
Тараптардың бірі, атап айтқанда:
1)шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);
2)егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3)шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi. Басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет