Курстық жұмыс Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ тақырыбы


Топалаң деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға



бет9/20
Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#12514
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
ВСЭ Курсавой

Топалаң деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға.

Егер ауру септицемия түрінде кездессе малдарды союды тоқтатады. Диагнозды анықтау үшін көкбауырдан, лимфа түйіндерінен, құлақты және зақымданған мүшелерден бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулерге сынамалар жүргізіледі. Талдаудың қорытындысы келгенше, барлық мүшелерді оқшаулайды. Егер де бактериоскопиялық зерттеу топалаң бар деп тапса, ұшаны барлық мүшелерімен, терісімен, бактериологиялық зерттеуді тоспай – ақ өртеп жібереді.

Қалған мүшелерін (аяқ, құлақ, желін, қан) және топалаңға шапқан малдың мүшесімен араласқан заттарды да өртеп жібереді.

Топалаңға шыққан малдың терісімен қатар болған терілерді ережелерге сәйкес зарарсыздандырады.

Егер де басқадай ұшаларға, мүшелерге жанасқан болса, онда оларды 6 сағ ішінде қайнату әдісімен зарарсыздандырады. Егер де олай істей алмаған күнде 10 С төмен температураға қойып сақтап, 48 сағ ішінде қайнатады. Егер де мүлде қайнатуға жағдай болмаса, өртеп жібереді.

2.5 Лептоспироз ауруының сипаттамасы және ауруға шалдыққан мал өнімін ветеринариялық-санитарлық сараптау

Лептоспироз (Leptospirosis) – табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі, несепте қан мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет