КСМ4 көпірінің өлшеу схемасын есептеу
КСМ4 типті автоматты теңестіру көпірінің резисторларының кедергісін есептеу қажет.
Есептеу берілгендері:
Tmin= -70 ºC
Tmax= 130 ºC
Термометр типі гр, 5П
U = 6,3 В
Rл= 2,5 В
R2= R3 = 300 Ом
R4= 4,5 Ом
Rp= 126 Ом
Rш= 315 Ом
Imax= 9 мА= 0,009А
Градуировкалау кестесі бойынша термотүрлендіргіштік кедергінің минимум және максимум кедергілерін таңдаймыз.
Rt min=3,6165 Ом
Rt max= 7,4915 Ом
Көмекші p және q мәндерін анықтаймыз.
p =Rл + R2 – Rt min – R4
p = 2,5+300-3,6165-4,5 = 294,39
q = – [Rл(Rt min+R4 ) +R2 (Rt max+ R4)]
q = –[2,5(3,6165+4,5) + 300(7,4915+4,5)]= -3617,74
R1 - резисторының кедергісін анықтаймыз.
R1 = – +
R1= – + ) = 11,815 Ом
Реахорд түйінінің жалпы кедергісін анықтаймыз.
Rж = · (Rt max-Rt min)
Rж = · () = 3,70 Ом
Реахордтың келтірілген кедергісін анықтаймыз.
Rкелт=
Rкелт= = 90 Ом
Реахордтың келтірілген кедергісін қажетті мәнге дейін жеткізу үшін R резисторының кедергісін анықтаймыз.
R = =3,58 Ом
Өлшемдік схеманы қоректендіретін кернеудің максимал және минимал мәндерін есептейміз.
Umax= U + 0.1 · U
Umax= 6,3 + 0,1 · 6,3 = 6,93 В
Umin= U – 0.1 · U
Umin= 6,3 – 0,1 · 6,3 = 5,67 В
Термотүрлендіргішті кедергі арқылы өтетін максимал тоқтың мәнін біле отырып
Imax = 6 мА , R резисторының кедергісін анықтаймыз.
Rд= – (Rt min + Rл+ R4+ Rж + R3)
Rд = – (3,6165+ 2,5 + 4,5+3,72+300 ) = 455,67 Ом
Термотүрлендіргіш кедергі арқылы өтетін минимум тоқтың мәнін анықтаймыз.
Imin =
Imin = = 0,007 А =7мА
Термотүрлендіргішті кедергі арқылы өтетін тоқтардың еселігін анықтаймыз.
K =
K = = 1,29
ЕҢБЕКТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Автоматтандыру құрылғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі
Өндіріс орнының әкімшілігі тоңазытқышты пайдалану ережелерін, шығарған зауыттың, үлгілік нұсқаулығын орындауға міндетті.
Бұл нұсқауларда жұмысқа қосу, тоқтату және пайдаланған уақытта немесе апат болғанда ұстайтын режимі, жөндеушілерге тапсыру тәртібі, қауіпсіздік,қолданатын отынның түрі,т.б. көрсетіледі.
Әр жұмыскердің қолына пайдалану нұсқаулығы,құбырлардың сызбасы,арматуралардың орнатылған жерлері, жұмыс істеу уақытының тәртібі беріліп, бұзылыс немесе өрт шыққанда қолданылатын шараларжұмыс орнында көрінетін жерде ілініп тұруы керек.
Тоңазытқыш қондырғыларының ғимараты сағатпен немесе телефонмен жабдықталады.
Тоңазытқыш машинисті мынаны айқын білуі шарт:
- пайдаланатын тоңазытқыш құрылысын, жұмыс жасау принципін, қолданылатын отын ерекшелігін, экономайзерлер, ауа жылытқыштар, т.б. құрылымдарын;
- қосымша жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципін (газтартқыш, желдеткіш, сорғылар)
- газ жабдықтарының, бүріккіштерін, ошақтың, гарнитурлар мен арматуралар құрылысын пайдалану ережелерін;
- бақылау өлшеу аппараттарын, автоматты түрде реттеуші және өрттен қорғауға арналған саймандарының жұмыс тәсілін пайдалануын білуі;
- тоңазытқыш қондырғысының сұлбасы, орнатылған жерлері, атқаратын міндеттері мен олардың құрылысын;
- қажетті мұзды дайындау тәсілдерін;
- отынның, электр энергиясының, судың үнемдеу тәсілдерін;
-пайдалану құжаттарын толтыру тәртібін;
- жұмыс істеп тұрған жабдықтарды жөндеу.
Қоршаған ортаны қорғау шаралары және экология
Табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы болып табылады. Басқарудың мақсаты – экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз етуғ адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау.
Қазақстанда табиғатты қорғау саясаты Қазақстан Республикасының Конститутциясының 19 – шы бабында негізделген. Еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін «2030 – экология және табиғи ресурстары» мемлекеттік тұжырымдамасына сай жүргізілу керектігі айдан анық. Бұл тұжырмдама жүзеге асу үшін кәсіпорндар ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу мен табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін, аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны жетілдіру, яғни экологиялық таза техникалық шешімдерді өндіріске енгізіп және қоршаған ортаның ластануын азайту талабы қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы Экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, сондай – ақ оны жергілікті органдардың(облыстық, қалалық және аудандық) атқаратын қызметіне мына төмендегілер жатады:
қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін іске асыру;
қоршаған табиғи ортан қорғау саласында біртұтас мемлекеттік ғылыми – техникалық саясат жүргізу;
мемлекеттік экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;
қоршаған табиғи ортаны пайдалану мен қорғауға және табиғи ресурстар қадастарын дұрыс жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
табиғатты қорғау қызметін белгілейтін ережелерді, нормативтерді, стандартты әзірлеу және белгілеу;
табиғатты арнайы пайдалануға, өнеркәсіптік, тұрмыстық және өзге де қалдықтарды көмуге(жинауға), өсімдіктермен жануарлар дүниесін пайдалануда, зиянды заттарды шығару мен тастауға рұқсат беру;
табиғатты қорғау заңдарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың бұзылғаны үшін экономикалық және әкімшілік сакциялар қолдану;
Республикадағы қорық ісіне басшылық ету мен оны жүргізуді, ерекше қозғалатын басқа да табиғи объектілер мен аумақтарды сақтау;
халық арасында экологиялық білімді насихаттау ісін ұйымдастыру және оған басшылық жасау;
қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы республикааралық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
Жергілікті өкілді органдардың міндеттері:
тиісті аймақтарда қоршаған ортан қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
жергілікті бюджеттер құрамында қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;
жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларның қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың жай күйі туралы есептерін тыңдайды;
Жергілікті атқарушы органдар:
қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және өз құзіреті шегінде табиғатты пайдалануды реттейді.
тиісті аймақтарды қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөнінде бағдарламалар әзірлеу мен оны жүзеге асыруды, экологиялық сараптаманы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі объектілерді салу мен қайта құруды ұйымдастырады;
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдік ақы мөлшерін бекітеді, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызметті тоқтата тұрады және тиісті шаралар қолданады;
заңға сәйкес өзге де өкілетті жүзеге асырады.
Табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың мақсаты мен әдістері осы саладағы заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ержелердің мазмұны болып табылады. Бұл салада басқарудың іс жүзіне асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың лауазымды адамдар мен азаматтардың іс – әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |