Курстық жұмыс Пәні


Коллимациялық қатені тексеру



бет14/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

3.4.2 Коллимациялық қатені тексеру

Дүрбінің көздеуіш осі айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Көздеуіш осі деп объективтің оптикалық центрі мен жіптер торының айқаспасы арқылы өтетін жорамалдағы сызықты атаймыз (17,в-сурет).


Осы шартты тексеру үшін дүрбі жіптері торының айқаспасын түтіктің айналу осі деңгейінде орналасқан, жергілікті жерде жақсы көрінетін нүктеге келтіреді және вертикаль дөңгелектің екі күйі кезінде горизонталь дөңгелек бойымен есеп алады: ОД– дөңгелек – оң-вертикаль дөңгелек дүрбіге қатысты оң жақта орналасқан, СД- дөңгелек – солға-керісінше C коллимациялық қателікті мына формула бойынша есептейді
С=(СД-ОД±180)/2
Егер С шамасы есептік құрылғының қос дәлдігінен асатын болса, онда түзету жүргізеді. Бұл үшін мына формула бойынша X дұрыс өлшемді шығарады
X=(СД+ОД±180)/2
және горизонталь дөңгелек алидадасының келтіргіш бұрамасымен осы өлшемді бекітеді. Осы кезде жіптер торының-4 айқаспасы дүрбінің көру шегінде байқалатын нүктеден ығысады (18-сурет). Сонда жіптер торы жақтауының вертикаль түзету бұрамаларын босатып, бүйір бұрамаларын айналдыра отырып, жіптер торының айқаспасын бақыланатын нүктеден біріктіреді. Бұдан кейін вертикаль түзету бұрамаларын бекітіп, тексеруді С шамасын 2 аз, яғни 1алғанға дейін қайталайды.

18-сурет- Жіптер торы


Коллимациялық қателіктің әсері горизонталь бұрышты өлшеу кезінде вертикаль дөңгелектің екі күйі кезінде болмайды.


3.4.3 Тіреуіштер теңдігін тексеру

Дүрбінің айналу осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек (17,г,д - сурет).


Жаңа заманғы теодолиттерде берілген шарттың орындалуына дайындаушы зауыт кепілдік береді, алайда тексеру міндетті түрде.
Осы шартты тексеру үшін ғимараттан 20-30 м қашықтықта теодолитті орнатады және дұрысталған цилиндр деңгейлеуіш бойынша оның айналу осін вертикаль күйге келтіреді. Жіптер торының айқаспасын теодолит горизонтынан жоғары орналасқан нүктеге келтіреді. Түтікті көздеуіш осьтің горизонталь күйіне дейін айналдыра отырып, бақыланатын нүктенің проекция орнын қабырғада белгілейді. Ұқсас операцияны вертикаль дөңгелектің басқа күйі кезінде жүргізеді. Егер бақылаудағы нүкте проекциясы вертикаль дөңгелектің екі күйінде сәйкеспесе, онда түзету жасау қажет, ол арнайы шеберханада ғана жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет