Курстық жұмыс Пәні



бет15/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

3.4.4 Жіптер торын тексеру

Жіптер торының горизонталь жібі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы VV (17, г -сурет) немесе жіптер торының вертикаль штрихы түтіктің коллимациялық жазықтығында орналасуы тиіс.


Осы шартты тексеру үшін жіптер торының горизонталь штрихының шетін нүктеге келтіреді және келтіру бұрамасын айналдыру арқылы горизонталь дөңгелек алидадасын бұрайды. Егер бақылаудағы нүкте горизонталь штрихтан түсетін болса, түзету жасау қажет. Вертикаль штрихты теодолиттен 10-15 м қашықтықта ілінген тіктеуіш жібімен біріктіре отырып, осы тексеруді орындауға болады.
Түзету үшін окуляр бөлігін бекіту бұрамаларын түтік корпусына қарай босатады және окуляр бөлігін шарт орындалғанға дейін жіптер торымен бірге бұрады. Бұдан кейін бекіту бұрамаларын тартады.


3.5.5 Вертикаль шеңбер нолінің орнын тексеру

Вертикаль дөңгелек нолінің МО орны деп дүрбінің көздеуіш осінің және цилиндр деңгейлеуіш осінің горизонталь орны кезінде вертикаль дөңгелек бойынша өлшемді атайды. Вертикаль дөңгелек нолінің МО орны 0° тең болуы немесе 0° жуық болуы керек.


МО мәнін қашық нүктені көздеу арқылы солға айналу және оңға айналу кезінде анықтайды және вертикаль дөңгелек бойынша сәйкес СА және ОА өлшемін алады. Вертикаль дөңгелек бойынша өлшем алар алдында горизонталь дөңгелек алидадасы кезінде цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігі ноль-пунктте болуы керек.
ТЗО және 2ТЗОМ теодолиттері үшін МО мәнін формула бойынша есептейді
МО=(СД+ОД+180)/2.
Осы кезде 90 кіші өлшемге 360 қосады. 2ТЗО теодолит МО үшін МО мәнін формула бойынша есептейді
МО=(СД+ОД)/2 .
Егер МО мәні өлшемдік құрылғының қос дәлдігінен асып кетсе, онда түзету жасау қажет.
МО түзету үшін дүрбінің келтіргіш бұрамасын бұрау арқылы вертикаль дөңгелек бойынша, төменде келтірілген формулалардың бірі бойынша есептелетін МО шамасынан бос өлшем орнатады
– Т30 және 2Т30М теодолиттер үшін
 = (СД-ОД-180)/2;
=ОД-МО=МО-ОД-180 ;
– 2ТЗО теодолит үшін
=(КЛ-КП)/2 ;
=СД-МО=МО-ОД.
Осы кезде жіптер торының айқаспасы бақыланатын (14 -сурет) нүктеден ығысады. Сонда жіптер торы жиегінің горизонталь түзеткіш бұрамаларын босатып, жіптер торы айқаспасын бақыланатын нүктемен біріктіреді. Бұдан кейін горизонталь түзету бұрамаларын бекітіп, берілген тексеруді және коллимациялық қателікті қайталайды.
4 зертханалық жұмыс – Теодолиттік түсірілім кезінде камеральдық жұмыстар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет