Курстық жұмыс Пәні


Жұмыс мақсаты және оны орындауға қойылатын негізгі талаптар



бет16/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

4.1 Жұмыс мақсаты және оны орындауға қойылатын негізгі талаптар

Жұмыс мақсаты: студенттерге теодолиттік жүрісті өлшеу нәтижелерін камеральдық өңдеу бойынша машықтар сіңіру. Осыған орай тапсырманы орындау кезінде студент келесі есептерді шығаруы керек:


1. Теодолиттік жүрістің бастапқы қабырғасының дирекциялық бұрышын есептеу.
2. Тұйықталған полигонның бұрыштық үйлеспеушілігін есептеу және бұрыштарға теңестіру жасау.
3. Полигонның келесі жақтарының дирекциялық бұрыштарын есептеп шығару.
4. Румбтарды немесе кестелік бұрыштарды есептеп шығару.
5. Координаталар биікайырымын есептеп шығару.
6. Абсолютті сызықтық және салыстырмалы жүріс үйлеспеушілігін есептеу.
7. Координаталар биікайырымында үйлеспеушілікті бөлу.
8. Полигонның барлық шыңдарының координаталарын есептеу.
9. Теодолиттік түсірілім жоспарын құрастыру және сызу.
Есептер тушьпен немесе қарындашпен орындалатын сұлбалармен және қысқаша түсіндірме жазбалармен қатар жүруі керек.
Есептеуге арналған бастапқы деректерді оқытушы тапсырады. Әрбір студентке жеке тапсырма беріледі.


4.2 Теодолиттік жүріс пункттары координаталарын есептеу бойынша камеральдық жұмыстар

Теодолиттік жүрісті өлшеу нәтижелерін өңдеу далалық жу журналды тексеруден басталады. Осыған орай журналда орындалған есептеулерді тексереді, өлшеу нәтижелерінің бекітілген шектерге сәйкестігін бақылайды. Қатені тапқан кезде дұрыс емес нәтижені сиямен бір сызықпен сызып тастайды және үстіне дұрыс мәнін жазады. Журналды тексерген тұлға оған қол қояды.


Сызықтар ұзындығын өлшеу нәтижелері бойынша горизонталь қашықтықтарды есептейді. Таспамен өлшенген ұзындықтарды нұсқауларға сәйкес көлбеу үшін, салыстыру үшін және температура үшін түзетулермен түзетеді.
Тірек желісіне байланыстырудың күрделі жағдайларында теодолиттік жүрістің бастапқы пункт координаталарын (21-сурет) және бастапқы қабырғаның 1 -2 дирекциялық бұрышын есептейді.
Кез келген ыңғайлы масштабта теодолиттік жүрістердің сұлбасын, өлшенген бұрыштар мен қабырғаларының ұзындығын пайдалана отырып құрастырады.
Теодолиттік түсірілім бойынша камеральдық жұмыстар жүргізу үшін бригада төмендегілерді пайдаланады:
1) нүктелер координаталарын есептеу ведомостары және горизонталь салынулар журналы;
2) горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу журналы;
3) тригонометриялық функцияның алты мәнді кестелері;
4) координаталар биікайырымының кестелері;
5) калькуляторлар;
6) 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500 масштабтарының топографиялық жоспарларына арналған шартты белгілері;
7) Дробышев сызғышы;
8) сызу тақтасы, қағаз, сызу аспаптары мен керек-жарақтары.


21-сурет Теодолиттік жүрістер сұлбасы:


а) ажыратылған; б) тұйықталған

Камеральдық жұмыстарды далалық журналдардағы есептеулерді және горизонталь бұрыштардың орташа мәндерін есептеуді мұқият тексеруден бастайды, тек осыдан кейін далалық журналдар деректерін одан арғы есептеулер үшін пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет