ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
«Педагогика және Психология» ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ:Ағылшын тілі сабағында АКТ қолдану тиімділігі
0111000- Негізгі орта білім беру
(мамандығы)
0111083 – Шетел тілі мұғалімі
(біліктілігі)
ШТ-Д-19 топ студенті:.............................. Тилеуова Мөлдір
(қолы)
Пән оқытушысы: ........................................... Бимаханова А.
(қолы)
Қызылорда, 2022-2023 жыл
МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ............................................................................................................... 3
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА АКТ-ны ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ағылшын тілі сабағында АКТ қолданудың маңызы
АКТ Құралдарының түрлері
Ағылшын тілі сабағында АКТ арқылы оқушының тыңдалым қабілетін дамыту жолдары
2.АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АКТ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК НӘТИЖЕСІ
2.1
2.2
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Сонымен қатар білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр
Бүгінгі таңда мектептегі білім беруді жаңғырту бағыттарының бірі компьютерлік технологиялар мен мультимедиялық құралдарды енгізу болып табылады. Бұл оқушылардың талдау әрекетін белсендіруге, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, оқушылардың психикалық процестерін, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.Ақпараттық коммуникациялық техологиялардың бала тәрбиесіне, оның қоршаған әлемді қабылдауына әсері орасан. Әрбір баланы қысқа мерзімде практикалық іс-әрекетте үлкен ақпарат ағынын меңгеруге, түрлендіруге және пайдалануға үйрету қажет. Оқыту процесін баланың сабаққа қызығып, ынтасымен белсенді жұмыс жасайтындай, өз нәтижесін көріп, бағалай алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Компьютерді пайдалану оқу үдерісін мобильді, сараланған және жеке етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім берудің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі болып табылады, ал оқушыларға оқу материалы бойынша өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын сіңіру табысты оқудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Оқу үрдісіне өзіндік жұмыстың тиімді әдістерін енгізу мәселесі ерекше маңызға ие.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.Ағылшын тілінде де АКТ-ны пайдалану өзекті мәселелердің бірі. АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Сонымен қатар АКТ арқылы балалар өздерінің жазылым, тыңдалым, сөйлеу дағдыларын қалыптастыра алады. Сондай ақ сабақта ақпараттық комуникациялық технологияларды пайдалану оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен білім қорын жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. АКТ арқылы балаларды білімге, оқуға деген жаңашыл көқарасты қолдану тәжірибеге бағытталған оқытудың ең үлкен жетістігі болып табылады, сонымен қатар сапалы алынған білім мақсатқа жетуге үлкен жол ашытыны сөзсіз.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, ағылышын тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға ағылышынша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |