Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ауызша есептеу және оны ұйымдастыру.» Орындаған



бет15/21
Дата06.01.2022
өлшемі206,71 Kb.
#13181
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21


1.6. Ауызша есептеуді сабақта ұйымдастыру және ауызша есептеудің басқа пәндермен байланысы.

Ауызша есептеу күн сайын дамып отыру үшін, оқушылар жазбаша есептеуді тек қана ауызша есептеуге келмегенде ғана шығаратындай болу керек. Қолданылған ауызша есептің мысалдарын толық қамтуы керек. Оларды үй тапсырмасын сұрауда, өткенді пысықтауда, жаңа тақырыпты бекітуде қолдануға болады.

Қазіргі кезде сабақ алдында ауызша есептеуге 5-7 минуттан өткізу дәстүрге айналды. Бұған материалды мұғалімдер оқулықтан немесе ауызша есептеуге арналған жинақтаулардан алады. Қолданылған ауызша есептеу өтілетін сабақтың мақсатына, барысына сай болу керек. Осыған байланысты мұғалім ауызша есептеудің сабақта алатын орнын анықтайды. Егер ауызша есептеу алдыңғы өткен тақырыпты пысықтау үшін берілсе және жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы ретінде құрылса, онда ол сабақтың басында өтіледі. Егер ауызша есептеу сабақта өткенді пысықтауға арналса жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін өтіледі. Ауызша есептеу балалардың зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін керек етеді және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Сондықтан ауызша есептеу сабақтың соңында жүргізілмейді. [12]

Ауызша есептеу тапсырмалар берілген уақыттан аспау керек және балаларды жалықтырмау керек. Ауызша есептеу тапсырмалары балаларға көру немесе есту арқылы беріледі.Егер ауызша есептеуге берілген тапсырмалар көру арқылы ұсынылса, онда тапсырмалар тақтаға жазылады немесе плакатқа, карточкаларға жазу арқылы беріледі. Балаларға көру арқылы мысалдарды шешу оңай, яғни оларға есте сақтау керек емес.Кейде көру және есту арқылы тапсырма беріледі. Бұл кезде жаттығу мұғаліммен немесе оқушымен оқылады, ол тақтада немесе дәптерге жазылады. Мысалы: мұғалім бір оқушыны тақтаға шақырып, оған тапсырманы оқиды. 1-ші қосылғыш 8399-ға тең, ал екінші қосылғыш 1-ге тең, оқушы тапсырманы тақтаға жазады да жауабын айтады. Немесе мұғалім оқушыға карточка береді, оқушы карточкадағы тапсырманы дауыстап оқып орындайды. Ал, есту арқылы тапсырма берген уақытта тапсырманы мұғалім немесе 1 оқушы оқиды, қалғандары тыңдап отырады. Бұнда күштің бәрі есте сақтау қабілетіне түседі, сондықтан оқушылар тез шаршайды. Бірақ бұл жаттығулар өте керек, олар балалардың есте сақтау қабілеттерін күшейтеді. Ауызша есептеу кезінде осы 3 тәсілді кезек-кезек қолданып отыру керек. Оқушылар тапсырманы орындаған соң қолдарын көтеріп, мұғалімнің қалауы бойынша жауаптарын айтады немесе бұл жұмыста карточкаларға жазылған цифрлардың көмегімен жүргізіледі. Бұндай карточкалардың арқасында оқушылар толыққатысады, ал, мұғалім тапсырманы кім қалай орындап отырғанын бірден көріп отырады.Оқушылардыңүздік жұмысын тексеру үшін тапсырмаларды нұсқа бойынша бөліп береміз. Бұл кезде оқушылар тапсырманың жауабын карточкаларға немесе дәптерге жазады, кейін тексеріледі.[18]

Оқушылар ауызша есептеу ойын түрінде өткенін көп ұнатады. Және ойын түрінде өткізген өте қолайлы. Бұл кезде балалардыңқызығушылығы пайда болады, сабаққа деген ынтасы артады және балалар ойын үстінде қалай есеп шығарып жатқандарын байқамайды, олар толық ойынға беріліп кетеді. [10]

Ауызша есеппен жүйелі жұмыс жасау есептеулердің нәтижелілігінің жоғарлауына ықпал етеді. Көптеген есеп шығару операциялары жеңілдеп, дербес міндеттен күрделі есептерді шешудің көмекші құралдары қатарына көшеді (мысалы, көбейту кестесі). Жұмыстың мұндай нысандарын өзге пәндерде де пайдалануға болады мысалы: физикада, химияда. Түрлі сабақтардағы қолданылатын тәсілдердің біртектілігі оқушылардың сапалы есептеулерге деген тұрақты әдеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар, физика және математика сабақтарындағы ауызша есептеулер есептеу дағдыларын дамуы мен қалыптасуы олардың сабаққа деген қызығушылығының артуына, оқу-танымдық іс-әрекетінің, логикалық ойлауының дамуына және оқушының жеке бас сапаларының дамуына ықпал етеді. Түрлі ауызша жаттығулардың көмегі арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім оқушыға оқу материалымен белсенді жұмыс жасауға көмектеседі және олардың есептерді шешу мен есептеулердің тәсілдерін жетілдіруге деген талпынысын арттырады. [12]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет