б)Коммерациялық банкілерді қайта қаржыландыру
“Қайта қаржыландыру” термині орталық банкіден несие мекемелерінің ақша қаражаттарын алуы деген мағынаны білдіреді. Орталық банк коммерациялық банкілерге несие бере алады, сонымен қатар олардың портфеліндегі бағалы қағаздарды (көбінесе вексельдерді) қайта есептей алады.
Қайта қаржыландыру саясаты ақша нарығы мен капитал нарығына әсер ете алады. Вексельдер қайта дисконттау мөлшерімен есептеледі. Бұл мөлшерді тағы да ресми дисконттық мөлшер деп атайды, бұның қайта қаржыландыру мөлшерінен айырмашылығы оның мөлшері аз болды.
Орталық банкі қайта қаржыландыру мөлшерін өсірсе, коммерациялық банкілер қарыз алушыларға беретін несие бойынша мөлшерді өсіріп өзінің шығындарын компенсациялайды. Яғни, есептік (қайта қаржыландыру) мөлшерінің өзгеруіне тікелей әсер етеді. Бұл орталық банкілерідің ең басты мақсаты болып табылады.
Ақша-несие саясатын жүргізгенде қайта қаржыландыру әдісін қолданудың кемшілігі бұл тек коммерациялық банкілерге ғана қатысы бар. Егер қайта қаржыландыру аз пайдаланытан болса онды бұл әдіс өзінің тиімділігін толық жоғалтады.
Қайта қаржыландыру мен қайта дисконттау ресми мөлшерін белгілеуден басқа орталық банк ломбардтық несие бойынша пайыздық мөлшер белгілейді, яғни ба,алы қағаздарды кепілдікке қойып берілетін несие бойынша пайыздық мөлшер. Кепілдікке жоғары өтімділігі бар бағалы қағаздар: мемлекеттік бағалы қағаздар, алдыңғы қатарлы саудалық вексельдер, банкілік акцептілер жатады.
Орталық банкі есептік мөлшер саясатын (оны тағы дисконттық саясат депи атайды) ақырғы қарыз беруші ретінде жасайды. Ол суддаларды қаржылық жағынан тұрақты банкілерге береді. Кей уақытта қаржылық қиыншылық көріп жатқан банкілерге балансын дұрыстау үшін де беріледі.
Орталық банкі ссуданы бере отырып коммерациялық банкінің қорларын көбейтеді, демек оның несие беру қабілеттілігің де жоғарлатады.
Ұлттық банк қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтімділік мерзімі 6 айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттердің вексельдері, іс ж.зіндегі вексельдері, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданады.
в)Ашық нарықтағы операциялар
Бұл әдіс орталық банкілік жүйеде бағалы қағаздарды сатып алу – сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерациялық банкілерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерациялық банкілердің қаражаттарын ұлғайтып, олардың несие беру қабілеттілігін жоғарлатады, және керісінше. Орталық банкілер бұл операцияларды өте жиі пайдаланады.
Орталық банк коммерациялық банкілерге бағалы қағаздарды нарықтық бағалармен сатуға, сонан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды. Коммерациялық банкілер бұл операциядан пайыздық төлемдер алады.
Орталық банкінің бағалы қағаздармен нарықтық операцияларды жүргізу формаларына байланысты тіке және керісінше болып бөлінеді. Тіке операция дегеніміз қарапайым сатып алу-сату операциясы, ал кері операция бағалы қағаздарды сатып алып-сату алдын ала белгіленген бағам бойынша міндетті түрде кері сатып алып-сату болап табылады. Кері операциялардың икемділігі, оның жұмсақ әсері бұл құралға атақ береді.
Ақша-несие реттеудің әдісі ретінде ашық нарықтағы операциялар алдыңғы екеуінен қатты айырмашылығы бар. Ең басты айырмашылығы – өте жұмсақ реттеуді қолдану, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банкі саясатының бағытына қарай күнде өзгеруі мүмкін.
Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде таныладық. Өйткені елімізде бағалы қағаздар нарығы дамымаған болып отыр. Ұлттық банкінің мақсаты инвесторларды мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарлату болып табылады.
2. Мемлекеттің ақша-несие саясатының қазіргі жай – күйін талдау және оның мәселелері
2.1. Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының жүргізілу барысы
Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Ұлттық банк ақша массасының бір немесе бірнеше көрсеткіштердінің өсуінің мақсатты көрсеткіштерін белгілей алады. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта жоғары аталған құралдардың ішінде іс жүзінде қолданып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді:
-ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
-ресми есептік мөлшерлемесі
-РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
-“овернайт” займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
-күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Ресми қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығындағы жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негіздін немесе ҚҰБ Басқармасының жекеқаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданады.
Ресми есептік мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерациялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағаоы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесіне ауытқу жағдайында ақшалай қаржаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
“Овернайт” заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері – Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады. Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері.
Ең төменгі резервтік талаптар – ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуге, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлердің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қоладанады.
Қазіргі уақытта қолданылатын келесі ақша-несие саясаты операциялардының түрлері бар. Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның ішіндегі кері сатып алу құқығымен;
6) коммерациялық вексельдерді қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа даоперациялар.
Ұлттық Банктің қызметі мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталатын болады:
•инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындық;
•валюта режимін одан әрі ырықтандыру;
•Ұлттық Банктің ресми ставкаларын тиімді азайту.
3-сурет. ҚР Ұлттық Банктің құрылымы
2.1 Елдегі ақша-несие саясатының қалыптасуындағы және оның іске асуындағы мәселелерді талдау.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан алдында жоспарлы жүйеден нарықтық қағидаттарға көшуге байланысты экономиканың қызметін өзгерту міндеті тұрды. Бірінші кезекте жекешелендіруді жүргізу, баға белгілеуді ырықтандыру, бәсекелестік орта құру талап етілді.
КСРО-ның ыдырауы, бұрын қалыптасқан экономикалық байланыстардың үзілуі 90-жылдардың бірінші жартысында ел экономикасының барлық дерлік салаларында терең дағдырысқа әкелді.
1992 жылдың басында нарықтық баға белгілеуге көшу шаралары қабылданды. 1992 жылы бәсекелестік орта болмаған жағдайда жүргізілген бағаларды ырықтандыру гиперинфляцияға, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауына, өндірістің төмендеуіне, халықтың нақты табыстарының төмендеуіне және бүкіл экономиканың тоқырауына әкелді. Қазақстандағы инфляция деңгейі 1992 жылы 3060% максималды мәнге жетті. Кейінгі жылдары оның қарқыны төмендегенімен, айтарлықтай жоғары деңгейде қалды: 1993 жылы 2265% және 1994 жылы 1258%.
1991-1995 жылдардағы жыл сайынғы экономикалық құлдырау орта есеппен 9,3% құрады. Кәсіпорындар арасындағы төлем айналымы іс жүзінде жойылды, төлемеу сомасы айтарлықтай көлемге жетті. Экономиканы қажетті қаражатпен қамтамасыз ету міндетін Ұлттық Банк кәсіпорындарға, Үкіметке бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несиелер беру арқылы шешті, бұл инфляцияның жоғары қарқынының сақталуына әсер етті.
Қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін гиперинфляцияны төмендету және өндірістің одан әрі құрдырауына жол бермеу, қолма-қол ақша айналымының дұрыс пропорцияларын орнату бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет болды.
Дағдырыстан шығу үшін қатаң ақша-несие саясатын жүргізу үшін қажет болды, ол ұлттық валюта енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болды. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Оның басты мақсаты – елдің ұлттық валютасының ішкі және сыртқы жүйелігін қамтамасыз ету болды. 1993 жылы қарашада ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді, бұл тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Инфляцияның жоғары қарқынын төмендету және орталық банктердің классикалық функцияларына көшу мақсатында 1994 жылдан бастап жеңілдетілген несиелер беру тәжірибесі пайда болды және кәсіпорындарға тікелей несие беру тоқталды. Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға арналған мемлекетттік несиелер қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі бойынша арқылы негізде беріле бастады, ал 1995 жылы бұл тәжірибе толығымен тоқталды.
Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүзеге асыру кезінде классикалық құралдарды қолдана бастады: банктерге несие беру, қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін және ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу, валюта нарғында операцияларды жүргізу.
Несие ресурстарын Ұлттық Банк кредиттік аукциондар арқылы және ломбард негізінде бөлді. 1997 жылы банк жүйесіндегі ресурстардың жеткілікті болуына байланысты несие ресурстарының аукциондары тоқталды.
Ұлттық банк қабылдаған шаралар инфляцияны 1995 жылғы 60,3%-дан 1998 жылы 1,9%-ға дейін төмендетуге көмектесті. 1996-1999 жылдары орташа жылдық өндіріс өсімі 0,75% болды.
Ұлттық Банк ақша және қаржы нарықтарының инфрақұрылымын дамытуға үлес қосты. Нақты уақыт режимінде сатып алу-сату операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағалы қағаздардың электрондық биржадан тыс нарығының жүйесі жұмыс істей бастады.
1996 жылы Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген қысқа мерзімді РЕПО операцияларын жүргізе бастады, бұл банк өтімділігін тиімді реттеуге мүмкіндік берді.
1998-1999 жылдары нәтижесінде қолайсыз мұнай мен түсті металдарға әлемдік бағалардың конъюнктурасы, сондай-ақ Қазақстанның сауда серіктестері – елдердің ұлттық валюталарының айтарлықтай құнсыздануы, теңге нақты мәнде айтарлықтай нығайды. Бұл қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, экономикалық өсу қарқынына кері әсерін тигізді.
Ел экономикасына келеңсіз зардаптардың алдын алу үшін 1999 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан ұлттық валютаның еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшті. Нәтижесінде ішкі валюта нарығында шетел валютасының ұсынысы өсті, бұл валюта нарығы мен қаржы секторының тұрақтануына ықпал етті.1999 жылы инфляция 17,8% құрады.
Экономикадағы жағдайды тұрақтандыру жағдайында ақша-несие саясаты біршама босаңсыды. 1999 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 22%-дан 18%-ға дейін төмендетілді.
Ұлттық Банк өтімділікті уақытша тап болған банктер үшін қосымша қаржыландыру терезелерін ашты: күнделікті және овернайт заемдар.
1999 жылғы 5-18 сәуір аралығындағы кезеңді қоспағанда, ең төменгі резервтік талаптардың деңгейі уақытша 5%-ға дейін төмендетілген кезеңді қоспағанда, банктердің міндетті резервтік нормалары өзгерген жоқ және банктің жалпы депозиттік міндеттемелерінің 10% деңгейінде қалды.
Осылайша, 1995 жылға қарай Ұлттық банк ақша массасының көлемін қысқарту арқылы гиперинфляцияны тежей алды. 1991-1999 жылдар ішінде орталық банктің ақша-несие саясатынан классикалық құралдары – ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, ең төменгі резервтік талаптар және ашық нарықтағы операциялар, атап айтқанда валюталық интервенциялар мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар кезең – кезеңімен тәжірибеге енгізілді. Қаржы инфрақұрылымының негізгі элементтері құрылды, бұл экономиканың одан әрі дамуы үшін қолайлы жағдай туғызды.
Қазақстанда 2000-2006 жылдар аралығындағы макроэкономикалық орта қолайлы ішкі және сыртқы себептердің әсерінен дамыды. Елдегі макроэкономикалық жағдайды тұрақтандыруға әлемдік қаржы және тауар нарықтығындағы оң үрдістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық реформалардың дәйекті түрде жүзеге асырылуы әсер етті.
4-сурет. 2000-2006 жылдары ЖІӨ және инфляция көрсеткіштері.
2000 жылы – 2006 жылғы инфляция 6,4%-8,4% деңгейінде сақталды, орташа жылдық нақты ЖІӨ өсімі 10,3% болды.
2007 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайының дамуы кейіннен экономикалық дағдырысқа ұласқан жаһандық қаржы дағдарысы аясында өтті.
2007-2009 жылдары әлемдік экономика қаржылық дағдарыс жағдайында рецессия кезеңіне аяқ басты. 2007 жылы жаһандық экономикалық өсімнің 5,3%-ға дейін баялауы 2009 жылы 0,4%-ға құлдырауымен жалғасты. Жетекші қаржы нарықтарында өтімділік жетіспеді, пайыздық мөлшерлемелер көтерілді, портфельдік инвесторлар дамушы нарықтардан капиталды тартып алды.
Нәтижесінде, дамушы нарықтардың көпшілігі үшін, соның ішінде Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді. Жағдай 2008 жылдың екінші жартыжылдығында, әлемдік тауар нарықтарындағы “баға көпіршігі” жарлып, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына (мұнай мен металдар) бағаның күрт төмендеуіне әкеліп соқтырған кезде нашарланды.
2008 жылдың жазында барреліне 145,7 долларға жеткен мұнай бағасы жыл соңында барреліне 34 долларға дейін төмендеді. Бұл факторлар халық табысының өсуімен қатар бәсекелестіктің төмен деңгейі Қазақстанда инфляцияның 2007 жылы 18,8%-ға дейін өсуіне ықпал етті. 2009 жылы нақты ЖІӨ өсімі 1,2%-ға дейін баяулады.
5-сурет. 2007-2013 ЖІӨ және инфляцияның өсу динамикасы
Осылайша, 2007-2013 жылдары Ұлттық банктің ақша-несие саясаты экономикалық өсу қарқынын сақтауға, қаржылық тұрақтылық пен баға тұрақтылығын қаматамасыз етуге ықпал етті. Осы кезеңде инфляция жыл соңындағы 2007 жылғы 18,8%-дан 2013 жылдың соңында 4,8%-ға дейін төмендеді, бұл 1999 жылдан бергі ең төменгі деңгей.
2014 жылы Қазақстан экономикасында девальвациялық күтулер артып, алыпсатарлық операциялардың көлемі артты. Осыған байланысты Ұлттық Банк айтарлықтай валюталық интервенциялар жүргізіп, елдің алтын – валюта қорының деңгейі төмендеді. Осыған байланысты 2014 жылғы 11 ақпанда Ұлттық банк айырбас бағамын бұрынғы деңгейде ұстаудан бас тарту, валюталық интервенциялар көлемін азайту және теңге бағамын қалыптастыруға араласуды азайту туралфы шешім қабылдады.
2014 жылы ең төменгі резервтік талаптардың нормалары өзгеріссіз қалды, 2014 жылы резервтік активтердің құрылымы біртіндеп өзгерді: банктердің теңгедегі корреспонденттік шоттарының үлесі төмендеді (2013 жылғы 30 желтоқсандағы 55,4%-дан 2014 жылы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша 44,5%-ға дейін) Резервтік активтер көлемінің төмендеуіне қарамастан (жыл басынан бері 2014 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша 2,1%-ға азаюы), 2014 жылы жүйе бойынша резервтік активтер жалпы алғанда резервтердің қажетті көлемінен орта есеппен 2,2-ге асып түсті.
Тарихи тәжірибеге сүйене отырып, мұндай жағдайларда тұрақты айырбас бағамын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банктің алтын – валюта резервтерін жұмсау және ашық нарықтық экономиканың классикалық жұмыс істеуі жағдайында қажет деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, айырбас бағамын қатаң реттеу валюта нарығына алыпсатарлық шабуылдарға қолайлы жағдай жасайды.
2017 жылы ақша-несие саясаты инфляциялық таргеттеу қағидаттарына сәйкес жүргізілді. Ұлттық банктің шаралары, оның ішінде пайыздық саясат 2017 жылға 6-8% нысаналы дәліз шегінде айқындалған инфляцияның нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған.
6-сурет. Инфляциянның динамикасы мен құрамдастардың үлесі
Инфляциялық таргеттеу режимі инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге әкелетін шешімдердің қабылдануын анықтады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы дәліз 5-7% шегінде белгіленеді. 2018 жылы жылдық инфляция төмендеу үрдісін көрсетті, қарашада 5,3%-ды құрады (2017жылғы желтоқсанда 7,1%) бұл төменгі шекаралық нысаналы дәлізге жақын болды.
-сурет. Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операциялары бойынша ашық позиция, млрд.теңге
2018 жылы банк жүйесі теңгелік өтімділіктің құрылымдық профицитін сақтады. Өтімділіктің негізгі көлемін Ұлттық Банк өтеу мерзімі 7 және 28 күндік қысқа мерзімді ноттарды пайдалана отырып, алып тастады. Өтеу мерзімі 3,6 және 12 ай болатын қысқа мерзімді ноттардың шығарылымы қаржы нарығында кірістірлік қисығын құруға бағытталған.
8-сурет. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштері мен динамикасы.
2019 жылы ақша-несие саясаты инфляциялық таргеттеу қағидаттарына сәкес жүзеге асырылады. Ұлттық Банктің шаралары инфляцияның 2020 жылы төменірек, бірақ 4%-ға жақын мәнге біртіндеп төмендеуін қамтамасыз етуге және инфляцияны осы деңгейде одан әрі сақтауға бағытталатын болады. Орта мерзімді стратегияға сәйкес Ұлттық Банк 2019 жылы инфляцияның мақсатты дәлізін бір пайыздық тармаққа, 4-6%-ға дейін төмендетеді.
3. Мемлекеттің ақша-несие саясатын тиімді жүргізудің жетілдіру жолдары.
3.1 Қазақстандағы ақша-несие саясатының даму болашағы.
Ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 15 қазандағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша, сондай-ақ Ұлттық банктің 2019 жылғы есебін тыңдау қорытындысымен дайындады.
Стратегия баға тұрақтылығын қамтамасыз ету әлеуетін күшейту және Қазақстанда инфляциялық таргеттеу режимінің негізін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің саясатының ашықтығын арттыруға бағытталған. Стратегия ақша-несие саясатының негізгі басымдықтары мен қағидаттарын айқындайды, бұл халықтың Ұлттық Банк қызметі туралы хабардар болуы мен түсінігін арттыруға мүмкіндік береді.
2015 жылдан бастап инфляциялық таргеттеу режиміне көшу шеңберінде Ұлттық Банк төрт негізгі элементті енгізді:
құбылмалы айырбас бағамы бойынша;
пайыздық саясат құралдары;
макроэкономикалық жүйеге негізделген шешім қабылдау процесі;
ақша-несие саясатының ашық хабарлануы.
Дегенмен, монетарлық әсердің тежелуіне байланысты таргеттеу режимі өтпелі (бірдей инфляциялық таргеттеу) ретінде сипатталуы мүмкін. Ақша-несие саясатындағы шектеулер отандық экономиканың теңгерілмеген құрылымына байланысты сыртқы күйзелістерге ұшырауы, кең ресурстық база болған жағдайда импортқа жоғары тәуелділік, проциклдік фискалдық саясат, экономиканы нарықтық емес шарттарда несиелендіруге мемлекеттік субсидиялар беру болып қала берді.
Стратегия осы шектеулерді еңсеру және 2030 жылға қарай толыққанды инфляциялық таргеттеу режиміне қол жеткізу үшін ақша-несие саясатын жүргізудің айрықша құқығы бар арнайы институт ретінде әрекет етуінен көрінетін операциялық, құралдық және әкімшілік тәуелсіздік принципі. Осыған байланысты Стратегияда көзделген шаралар осы қағидаттарды сақтауға және нығайтуға бағытталған болады.
Стратегия баға тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетін іске асыру шеңберінде инфляцияның орта мерзімді нысаналы мәнін белгілеу қажеттілігін айқындайды. Орта мерзімді мақсатты болашақта қандай инфляция күтілетінін нақтылайды, сол арқылы экономикалық агенттер үшін белгісіздікті төмендету міндетін орындайды.
Орта мерзімді инфляцияның мақсатты көрсеткіші 3-4% деңгейінде белгіленеді. Сонымен қатар, 2020 жылы COVID-19 пандемиясының Қазақстан экономикасына кері әсері осы мақсатқа қол жеткізу мерзімдеріне өзгерістер енгізді. Қазақстан бірқатар тұтыну тауарларының импортына тәуелділігінен экономиканың әлсіз әртараптандырылуынан туындаған ағымдағы инфляция жоспарлы деңгейден асып түсті, экономиканы құрылымдық қайта құрудың және оның сапалы өсуінің шұғыл қажеттілігін көрсетті.
9-сурет. Инфляцияның мақсатты көрсеткіші
Экономиканың теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк инфляцияны кезең-кезеңімен орта мерзімді мақсат деңгейіне дейін төмендетуге ұмтылуда. Бұл үшін 2021-2022 жылдарға арналған меже 4-6% деңгейінде қалады. 2023 жылдан бастап 4-5% деңгейіндегі аралық мақсат белгіленеді, бұл төмендеуіне және оны 5%-дан төмен деңгейде бекітуге мүмкіндік береді. 2025 жылдан бастап 3-4 % орта мерзімді мақсат қойылды.
3.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатының заңдық реттелуі және жетілдіру бағыттары.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңда 1-бап бойынша Республикасының Ұлттық Банкі – оның орталық банкі, банк жүйесінің бірінші деңгейін мемлекеттің ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асырады, сондай-ақ банк-қаржы жүйесіне бақылауды жүзеге асырады. Ұлттық Банктің негізгі міндеттері бапта Ұлттық Банк 7 жарлықта айқындалған. Олар:
мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ең алдымен, Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар екенін түсіну керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең жоғары деңгейді алады және мемлекеттік басқа банк жүйелерімен, оның ішнде шетелдік банктермен қарым-қатынасына бақылау жасайды. Қолданыстағы Ұлттық банк туралы Заң 1995 жылы 30 наурызда қабылданып, негізгі қаржы институтының міндеттерін, функцияларын және саясатын реттейді. Бас банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін заңды тұлға болып табылады. Оған бір құрылымды білдіретін барлық филиалдар, бөлімдер мен ұйымдар да кіреді. Орталық банк сондай-ақ оның құзыретіне пәні кіретін заңдар шығарады. Заңдарды барлығы орындау міндетті: қаржы институттары; жеке тұлғалар; заңды тұлғалар.
Банктің біртұтас құрылымы бар, ол өз кезегінде мекеме бақылайтын бөлімдерді және өкілдіктерді қамтиды. Ұлттық банктің органдары – дирекция және басқарма. Соңғысының жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын төрағасыз мүмкін емес. Төраға банк жұмысына жауап береді, сонымен қатар басқа мемлекеттік органдармен және мекемелермен жұмыс істегенде оның атынан шығады. Төрағаның Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен де айқындалатын орынбасарлары болады. Ұлттық Банктің құрамына басқа да қызметкерлер кіреді, атап айтқанда: мемлекеттік саяси қызметшілер, Ұлттық Банктің және оның филиалдарының қызметкерлері; техникалық қызметкерлер. Қызметкерлер мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Ұлттық Банк туралы Заңда ұйымның келесі функциялары да ескертілген:
айналысқа ақша (банкноттар мен монеталар) және бағалы қағаздар шығару;
Республика аумағындағы ақша айналымын, оның ішінде банкноттар мен құндылықтарды қауіпсіз тасымалдауды, сақтауды, инкассациялауды бақылау;
ұлттық валютадағы ақша аудару жүйесін, сондай-ақ шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды бақылау;
Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде бағалы металдар мен тастарды сынау, сақтау, тасымалдау;
Қазақстан банкінің заң және құқықтық актілерінің талаптары бойынша несиелер беру;
нарықты тұрақтандыру үшін ақша айналысы, несиелер, сыртқы қарыздар, инвестициялық позициялар бойынша статистикалық мәліметтерді әзірлеу;
Қазақстан заңына сәйкес келетін қаржы нарығын реттеу және бақылау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, ақша – несие саясаты – бұл бағаның тұрақтылығын, халықтың толық жұмыспен қамтылуын және нақты өнім көлемінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында айналыстағы ақша көлеміне әсер ететін мемлекеттік саясат. Ақша-несие саясаты жиынтық нақты көлемін, жұмыспен қамтуды және баға деңгейін тұрақтандыру мақсатында ақша массасые өзгертуге бағытталған.
Ақша-несие саясатының негізгі құралы әдетте Орталық банк ең алдымен, валюта бағамына, пайыздық мөлшерлемеге және банк жүйесінің жалпы өтімділігіне, демек экономикаға әсер етуге бағытталған. Бұл мақсаттарға қол жеткізу тұрақты экономикалық өсуге, төмен жұмыссыздық пен инфляцияға бағытталған. Көбінесе ақша-несие саясаты бүкіл экономикалық саясаттың элементтерінің бірі болып табылады және үкіметтің басымдықтармен анықталады.
Ақша-несие саясатын Қазақстан Банкі өз қарамағындағы барлық құралдарына қана емес, сонымен бірге ақша массасын бақылау мен басқарудың қолда бар әдістерінің жиынтығын қалыптасқан жалпы экономикалық жағдайларға толығымен сәйкес ете отырып, олардың құрамын кеңейтуді көздейді. Дегенмен, ақша-несиелік реттеудің нақты құралдарын қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі көбінесе қаржы нарығының сегменттерін қалпына келтіруімен және дамытумен және банк жүйесін нығайтумен байланысты болады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу экономиканың барлық салаларының жұмыс істеуі және қажетті институционалдық қайта құрулардың жүзеге асырылуымен жасалған тиісті жағдайлардың болуына да байланысты болады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі қағидаты инфляциялық таргеттеу болып табылады. Саясаттың мақсаты - инфляцияны төмендету мен теңгенің жүйелігін қамтамасыз ету.
Жалпы курстық жұмыс толығымен ақша-несие саясатының ұғымы жөнінде түсінік берд. Қазақстанның ақша-несие саясатының жүргізілу барысын ерекшеліктерін анықтады. Кез-келген мемлекеттің саясатында ақша-несие қорлардың маңызы зор екенін көрсетті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. – Алматы: «Жеті жарғы», 2011. – 368 бет.
2. Мамыров Қ.Н, Тілеужанова Ә.М. Макроэкономика. Оқу құралы. – Алматы 2003ж, 214, 222 бет.
3. Сейітқасымов. Ғ. Б. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2005ж. 205 бет.
4. Документ: Основные направления денежно-кредитной политики Республики Казахстан на 2018 год, Алматы 2017 г. – 8бет.
5. Документ: Основные кредитные направления денежно-кредитной политики Республики Казахстан на 2019 год, Алматы 2018 - 5-7бет
6. Ілиясов А.Ә «Ақша-несие саясаты»: Алматы 2008 – 5-6б
7. Голикова Ю.С, Хохленкова М.А Банк Росии: организация деятельности, М., Издательско-Консалтинговая Компания ДеКа, 2000. – 267-295бет.
8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңы.
9. Доллар Э.Дж Макроэкономика – СПб: Санкт-Петербург Оркестр, 1994. – 48 бет.
10. Кушербаев Б. П. Банктер жіне несие алушылар қарым қатынастарын реттеу, Егемен Қазақстан. – 2004, 15 бет.
11. Ахметжанқыхы Л. Ел экономикасын қаржыландыру – банктердің басты міндеті. Жас қазақ үні. – 2005, 10бет.
12. Мақыш Ғ. С. Ақша айналысы жіне несие. Оқу құралы. – Алматы: «Маркет», 2004ж. – 119бет.
13. Самрат Ж. Бәсекеге қабілетті болу – стартегиялық мақсат. Егемен Қазақстан. – 2006, №19
Достарыңызбен бөлісу: |