Рестрикциялық ақша-несие саясаты – әдетте мемлекеттік облигацияларлы сату, пайыздық мөлшерлемелерді көтеру және банктерге қойылатын резервтік талаптарды арттыру арқылы экономикада айналымдағы ақша көлемін азайту үшін қолданылады. Үкімет бұл әдісті инфляциядан аулақ болғысы келгенде қолданады. Оны жүзеге асыру әдетте бюджеттік және салықтық щаралармен: салықты арттыру, мемлекеттік шығындарды қысқарту және т.б. жүреді.
Шектеуші ақша-несие саясатының мақсаттары: инфляцияны тежеу, төлем балансын жақсарту, нарықтық конъюнктураның қызып кетуімен жүретін экономикалық өрлеу кезеңдеріндегі іскерлік белсенділіктің циклдік ауытқуларын тегістеу болып табылады.
Экспанциондық ақша-несие саясаты – ақша-несие саясатының бұл түрі пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, банктерге қойылатын резервтік талаптарды төмендету және орталық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу арқылы экономиканың ақша массасын ұлғайта алады. Бұл саясат жұмыссыздықты азайтуға, сондай-ақ іскерлік белсенділікті және тұтынушылық шығындарды ынталандыруға көмектеседі. Ол салық ставкаларының төмендеуімен және мемлекеттік бюджеттің өнімсіз шығыстарының өсуімен қатар жүреді.
Экспанциондық ақша-несие саясатын жүзеге асырудың мақсаттары іскерлік белсенділікті және экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықты азайтады.
ЭКСПАНЦИОНДЫҚ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
ҚОҒАМДЫҚ СЕКТОР
ЖЕКЕ СЕКТОР
ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУҒА НЕСИЕЛЕРДІҢ ӨСУІ
ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ АРТУЫ
ӨНДІРІСТІҢ ӨСУІ
ЖҰМЫС ОРЫНДАР САНЫНЫҢ АРТУЫ
ЖИНАҚТАРДЫҢ ӨСУІ
ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІҢ ӨСУІ
ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕРГЕ СҰРАНЫСТЫҢ АРТУЫ
1 -сурет. Экспанциондық ақша-несие саясаты
«Арзан ақша» саясатымен өндірісті дамытуға берілетін несиелер өсіп, инвестиция мен өндіріс көлемі, демек, жұмыс орындары да көбейеді. Сонымен қатар халықтың жинақтары мен тұтынуға арналған несиелерді өсуде, бұл тауарлар мен қызметтерге сұраныстың артуына алып келеді, өндірістің өсуін ынталандырады.