Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Мақсат функциясы және математикалық программалау есебінің шектемелері»



бет6/7
Дата22.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#95738
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-71884

Қорытынды
Экономикалық жүйелерде байланыстар орасан көп, оларды егжей-тегжей есептесе, одан тым қолайсыз және іс жүзінде пайдаланылмайтын модельдер немесе модельдер жүйесі пайда болар еді. Сондықтан модельдеу практикасында шектеу талаптарының қолданылатынын білу қажет. Мұның өзіне модельге өндіріске ықпалы бар факторларды енгізу, сондай-ақ оған айтарлықтай ықпал етпейтіндерді елемеу қажеттігін естен шығармаудың маңызы зор. Экономикалық-математикалық модель терең зерттеулер мен ең қажеттілерді ескере отырып, нақты экономикалық жүйелердің ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.Экономикалық-математикалық модельдеу аппараты бірқатар жағдайларда сауатсыз қолданылады және алынатын шешімдер халық шаруашылығы практикасында осы себептен қолдануға жарамай қалады. Демек, жоспарлау және басқару органдары қызметкерлері негізделген шешім қабылдағанда көмек көрсетуге арналған практикалық экономикалық-математикалық есеплеулер жүргізу идеясы іс жүзіне асырылмайды.
Экономикалық-математикалық модельдеу аппаратын іс жүзінде пайдалануды ұйымдастыру және модельдерді ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мәселелері жөнінде арнайы зерттеулердің болмауы да экономикалық-математикалық бағыттағы жетістіктерді халық шаруашылығы практикасына енгізу қарқыны мен нәтижелеріне елеулі ықпал етті. Модельдің ақпараттық базасын қалыптастыру кезінде туындайтын қиындықтар қолда бар ақпаратқа модельді бейімдеудің теріс практикасына әкеп соқтырады.
Модельденетін обьектінің белгілі бір уақытқа немесе уақыт аралығына сәйкес қасиеттерін сипаттайтын математикалық модельдер статикалық деп аталады. Үрдістердің белгілі бір уақыт аралығындағы өзгерістерін зерттейтін модельдер динамикалық деп аталады.
Динамикалық программалау теориясын жетілдіруге, өңдеуге американ математигі Р. Беллман үлкен үлес қосты. Ол негізгі функционалды теңдеуді өңдеп жетілдіріп шығарды. Теңдеу динамикалық программалаудың негізгі принциптерінің бірі – оптималдық принципін өрнектейді. Бұл принциптің ерекшелігі алғашқы шешім қандай болса да келесі шешімдер оған байланысты оптималды болады.
Динамикалық бағдарламалау аппаратын қолданып, көмір шахталары учаскелерінде кен жабдықтарын алмастырудың оңтайлы саясат мəселесінің шешімі қарастырылған.
Математикалық модельдерде сызықтық және сызықтық емес тәуелділіктердің әртүрлі түрлері қолданылады.
Сонымен динамикалық бағдарламалау уақытты есептей отырып жоспарлауды оптималдау есептерін қарастырады.
Динамикалық бағдарламалаудың ерекшелігі сонда, онымен кезкелген есептің шешімін көп сатылы процестің оптималды шешімін табуға келтіруге болады. Яғни оптималды шешім іздеу процесін үлкен емес бөліктерге бөліп шешімін табуға болады.
Динамикалық бағдарламалау әдістерімен капитал жұмсауды оптималды үлестіру, құрал жабдықтарды ауыстыру, қорды оптималды жұмсау т.с.с. есептер шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет