Тақырыбы: «Үздік математик»
Мақсаты:1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Cабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Ойын, сұрақ-жауап топтық жұмыс.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ-ны қолдану.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ұлағатты сөздер, презентация.
Кезеңдері:
1-кезең. «Ширату»
2-кезең. «Белес»
3-кезең. «Логика шыңы»
4-кезең. «Ия –жоқ» стратегиясы
5-кезең.«Жасырынбақ»
6-кезең. «Мен және математика»
Математикалық жарысқа кем дегенде 2 топ қатысады,топтарға әділ бағасын беретін әділқазы алқасы алдын ала сайланады.Жарыстың әділ өтуін әділқазы алқалары бақылайды және жарыс жеңімпаздарын анықтайды.Жарыстың соңы жеңімпаздарды марапаттаумен,жүргізушінің қорытыныды сөзімен аяқталады. . [7. 12б]
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.
"Genius" математикалық жарысы
Мен «Дипломалды» практикасында Арал ауданы,Шөміщкөл ауылы №66 орта мектепте іс-тәжірибеден өттім.Практика барысында 7 сынып оқушылары арасында наурыз айының 30-шы жұлдызында "Genius" математикалық жарысын өттім.Өзіме бекітілген пән мұғалімі Нуриманова Гүлзат апайдың бағыт-бағдарымен жарысқа 7-сынып оқушыларын екі топқа бөліп,топ жасақтадым.Төменде өзім ұйымдастырған математикалық жарыстың жоспарынан үзінді ұсынамын.
Күні: 30.03.2023ж
Сыныбы: 7
Тақырыбы: «Genius»
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Білімділік: Оқушылардың өз беттерінше ізденулеріне, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
Достарыңызбен бөлісу: |