М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
«Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімі
«Қорғауға жіберілді»
ПЦК төрайымы:
________ Д.Ділдәбекқызы
« ____» _________ 2023 ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәні: Педагогика (дидактика)
Мамандығы: 0111000 – «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111113 – «Ағылшынша білімі бар математика пәні мұғалімі»
Тобы: М-Л-19
Орындаған: Аманжолова Гүлжаз
Ғылыми жетекшісі: Ділдәбекқызы Дана
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сыныптан тыс жұмыс туралы жалпы түсінік _____________________5-6
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, мақсаты-міндеттері,бағыттары _____________________________________6-7
1.3 Математикадан тыс жұмыстардың түрлері_______________________7-8
II ТАРАУ. МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Математика пәнінен факультативтік сабақтарды ұйымдастыру______ 9-12
2.2 Математикалық үйірме жұмыстарын ұйымдастыру______________12-16
2.3 Математикалық жарыстарды ұйымдастыру______________________16-17
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.
"Genius" математикалық жарысы______18-19
ҚОРЫТЫНДЫ___________________________________________________20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ__________________________21
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Себебі қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі қазіргі заман талабына сай болуы баршаның мақсаты болып отыр. Елбасы жолдауында «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс», — деп атап көрсетті. Ал оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағытта пәндерді игеруі- математикадан басталады. Математика пәнін дұрыс игермеген оқушы осы бағыттағы қай салаға да маман болып барса да шеберлік шыңына жетуі қиынға соғады. Сондықтан ғылымның негізі болып табылатын математика пәнін оқушы сапалы түрде игеруі тиіс.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең біліммен іскерліктің болуын, олардың шығармашылық пен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Білім беру саласының алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
Оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасымен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі. Өйткені оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен білімді пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылыққа білетін дамыту үшін сабақта әртүрлі, жан – жақты болуы керек. Оқушының логикалық ойлауы дамуы үшін математика пәнінен түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру барысында сыныптан тыс жұмыстардың алар орны ерекше.Қазіргі педагогтар оқушылардың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады.
Жоғарыда айтығандарды ескере отырып.зерттеу тақырыбымды «Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» деп алуды ұйғардым.