Қорытынды
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетініңтиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, өзбекстан психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда.
Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сайөз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолданаалатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.
Алгоритм тілін оқыту информатика пәніндегі қиын тақырыптардың бірі. Дегенмен, әр оқытушы кез келген тәсілдерді пайдаланып, оын тез игертуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар:
Оқу мақсаттарының қойылуы;
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |