Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп информатика курсында алгоритмдеу мен бағдарламауды зерттеудің жалпы тәсілдері»



бет12/16
Дата25.05.2023
өлшемі104,36 Kb.
#97016
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Тармақталған алгоритм:
2sin(x), x>0
Есеп. Ү= [ |х| , х<= 0 есептеу керек.
Алг есеп2( бүт х, нақу)
Apr х
Нәт у
Басы
Енгізу х
Егер х> 0
Онда Y:=5*sin(x)
әйтпесе Ү:=|х|
Бітті
Шығару У
Соңы


2.9 «Алгоритмдік модель» блогы

Алгоритм түсінігі «Алгоритмдік модель» тақырыбын өткен кезде зат әрекетін көрсетуден басталады. Зат әрекеті жайлы айтқан кезде бала көңілін заттың өзі жасайтын әрекет қана емес, біз немесе басқа заттар сол заттармен әрекет жасайтынына бөлу қажет. Мысалы, банан өседі, піседі, түседі, шіриді, ал біз оны сатып аламыз, сыйлаймыз, жейміз, тазалаймыз. 


Алгоритмді түсіндірудің қарапайым әдісі – кез келген танымал ертегідегі бір-бірімен сабақтаса жүретін әрекеттерді атау. Жұмыс дәптерінде бала сурет бойынша әрекетті көрсететін тапсырмалар бар. Мысалы,сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару. 
Тапсырма өте оңай, бірақ балалар оны әр түрлі орындайды. Біреулер бірінші жуынып, сосын ас ішеді; кейбіреулер керісінше. Осындай тапсырмаларды талдай келе, келесі әдістемелік тәсілді қолдануға болады: бала өз әрекетінің орындау ретін айтады, ал мұғалім сол әрекеттің дұрыстығын дәлелдетеді. Бұл тәсіл бірнеше мақсаттарды көздейді: 
1. бала өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің жауаптарын дәлелдейді; 
2. басқа балаларды тыңдауға үйренеді. 
Бала тек қана алгоритмді орындап қоймай, артық суретке де талдау жасайды. Бұл тапсырманың жауабы да әр түрлі болады, оның бәрі дұрысболады, егер бала өз жауабын дәлелдеп берсе. 
Бұл тапсырманы құрастырушылар төменгі сынып оқушылары әр түрлі шешім табатынын болжамдамады. Бірақ балалардың үлкендерден гөрі әлемді өзгеше қабылдайды. Мұны әр сабақта көруге болады. Мысалы, балалар өз жауаптарын былай түсіндіреді: 
Раушан гүлі- ағаш емес; 
Қарағай-әрқашан жасыл ағаш, өзге ағаштардың жапырақтары күзде түседі; 
Алма ағашы- жемісті ағаш; 
Қайын-ақ дінді. 
«Алгоритмдік модельдің» өзгеше тапсырмалары алгоритмдерден қателерді табуға берілген. Мысалы: жуу, кептіру, үтіктеу. Әрине, «үтікті қосу» әрекеті көрсетілмеген. Бірақ балалар басқа қателіктерті табады. 
Бұл тапсырмалар балаларда талдау, жалпылау, қорытынды шығара дағдыларын дамытады. Барлық тапсырмалар дамытушылыққа бағытталған. 
Келесі тапсырма соңғы қорытындыны табуға арналған алгоритмдер, сонымен бірге шығармашылық дамыту да көрінеді. Балалар түскен алмалардың, толып тұрған себеттерді, шыныдағы компоттың суретін салуы мүмкін. 
Одан кейін күрделі тапсырмаларға көшу қажет: 
- берілген затқа байланысты жасалған әрекеттің нәтижесін анықтау; 
- «затпен қандай әрекеттер жасалды?» деген сұраққа жауап беру; 
- алдыңғы затпен қорытындысын байланыстырып, олармен жасалған әрекетті анықтау. 
Келесі болып «кері әрекет» деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіну үшін «Кері әрекетті ата» деген ойынды өткізуге болады. 
1. Жүргізуші сыныпта жүріп белгілі бір әрекетті айтады, ал балалар оның кері әрекетін айтады. Мысалы, сатып алу-сату, тұру-отыру. 
2. Тақтаға бір баланы шақырып оған әрекетті айтқызуға болады. 
3. Балаларды шатастырып кері әрекеті жоқ әрекетті атауға болады. Мысалы, кесені сындыру, алмұртты жеу, хатты жырту, әңгімені оқу. 
Алгоритмнің түрлері. 
Ең бірінші сызықты алгоритм оқылады. Ол блок-схема түрінде көрсетіледі. Мұнда балалар мен ұстаздардың да ойлап табу және өнертапқыш қабілеттігігін көрсетуге мүмкіндігі бар. Олар сізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берсін. Бұл ойын дем алуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай жасайды. Бала міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға, немесе орамалды ілуге, немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жіберді- жеді ме, дұрыс сабындады ма, орамал ауада ілініп қалды ма? 
Одан кейін дәптердегі жұмысқа кірісуге болады. Мысалы, әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.
Тапсырма 1. 
- табаныңды жуу. 
- шүмекті аш. 
- үстел басына отыр. 
- шүмекті жап. 
- табаныңды орамалмен сүрт. 
- балды же. 
-қасықты ал. 
Тапсырма 2
Сызықты алгоритмнің блок-схемасын толтыру. 
Тапсырма алмасып отырады: не алгоритм құру керек, не оны блок-схемада толтыру керек. 
Оқушылардың ең сүйікті тапсырмасы тормен орындалатын бақылау жұмыстары. Ол балалардың дұрыс жөн табуына, көңіл бөліп тыңдауына үйретеді. Осы тапсырмаға тор көзді дәптер бастауы керек. Сондай жұмыстар шығармашылық жұмыс ретінде қарастырылып, ең таңдаулысын сынып бұрышына қоюға болады. 
Алгоритм түрлері 
Тармақталу алгоритмі 
Бұл тақырыпты оқыту кезінде оқушылар алғаш рет «тармақталу» ұғымымен танысады. Тармақталуды түсіндіру барысында өмірден алынған мысалдаркелтіріп, тармақталу блок-схемасы салынады (бағдаршам көмегімен немесеоның көмегінсіз көшеден өту, ауа райына байланысты киім таңдау, сабақ орындау және тағы басқа). 
Тармақталуды білдіретін ромб геометриялық фигурасына алынады. Бұған кірудің бір жолы, ал шығудың екі жолы бар. 
Циклдық алгоритм 
Цикл бірнеше рет қайталанатын әрекет. Келтірген мысалдар балаларға түсінікті болуы қажет (түйме салу, күнделікті толтыру т.б). Балаларға бірнеше әрекет қайталанатын ертегілер айтқызуға болады («Балықшы мен балық туралы», «Шалқан», «Үйшік» т.б), өз өмірінен де мысалдар келтіруге болады. Мынадай тапсырмалар беруге болады: 
Сонымен балалар мыналарды түсіну керек: 
• Алгоритм-ол белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытталған әрекеттердің қадамы; 
• әрекеттер тура және кері болады; 
• егер бір әрекетті өзгертіп немесе тастап кетсе, онда керек нәтижеге жете алмаймыз; 
• тармақталу-ол екі мүмкіндіктің біреуін таңдау; 
• цикл-бұл бір әрекеттің бірнеше рет қайталануы. 
Келесі білім мен дағдыны меңгеру қажет: 
• сызықтық алгоритмді орындай білу
• сызықтық алгоритмді құру; 
• сызықтық алгоритмді түзету және қатесін табу; 
• сызықтық алгоритмді блок-схема түріне келтіру; 
• циклдық алгоритмді орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет