1 Селекция ғылымы
Селекция латынша "selektio"-сұрыптау деген мағынаны береді. Бірақ оның міні тек сұрыптаумен шектелмейді. Селекцияның міндеті-жануарлардың тұқымдарын, өсімдіктердің жоғары өнімді сорттарын, микроорганизмдердің штамдарын шығару және үй жануарларымен мәдени өсімдіктердің эволюциялық заңдылықтарын зерттеу. Селекциямен адамзат өте ерте заманнан бері айналысып келеді. Адам жабайы жануарлар мен өсімдіктерді қолға үйретіп, өсіріп, өз қажеттілігіне пайдаланып отырған. Алайда селекция ғылымы ретінде кейінірек қалыптасты. Селекция теориясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теорисына байланысты тез дами бастады.
Дүние жүзі бойынша көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда селекциямен шұғылданатын көптеген ғылыми-зерттеу институттары, селекция-лық станциялар және т.б. мекемелер бар. Олар жоспарлы түрде мал тұқымдары мен өсімдік сроттарын жаңартумен шұғылданады. Біздің елімізде дәнді дақылдар, көкөністер техникалық дақылдар және жеміс жидектердің жүздеген сорттары шығарылған. Сонымен қатар ірі қараның: алатау, қазақтың ақ бас сиыры, қырдың қызыл сиыры, қойдың: арқармеринос, еділбай, басқарағай мериносы, жылқының: қостанай дегерес және т.б. тұқымдары бар.
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Селекция (латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда.
Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми - теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |