Байланысты: Демеуова Алма өсімдіктер физиологиясы курсовой
Қосымша 17. Брассиностероид ұнтақтары
Қазiргi күнi брассиностероид аса күштi антиоксидант ретiнде танылып отыр. Аса күштi антиоксиданттар - аскорбин қышқылы мен глутатионмен салыстырғанда оттегi радикалдарын бұл қышқылдың әлдеқайда аз мөлшерiнің өзі-ақ белсендi түрде бейтараптандырып отырады. Несеп қышқылы өсiмдiктерде бос күйiнде жиналатыны әлi байқалмаған (ал, адамның денесiнде жеке түрiнде жинала алады). Бiрақ, ол пуриндердiң алмасуы кезiнде реакцияаралық қосылыс ретiнде түзiлiп отырады. Әсiресе, атмосфералық азотты бұршақ тұқымдас өсiмдiктер симбиоздық бактериялардың көмегiмен сiңiргенде глутамин және ксантин қосылыстары арқылы несеп қышқылына айналады.
Бұл қышқыл одан ары арнайы ферменттер арқылы аллантои қышқылы және аллантоинға айналады. Өсiмдiк клеткасында тотығу стресi туа қалса несеп қышқылы антиоксидант ретiнде оттегi радикалдарының әсерiмен ферментсiз тотығып, аллантоин қышқылына айналады. Соңғы екi қосылыс өсiмдiктер үшiн азоттың тасымалданушы түрi және қоры ретiнде жиналады, әсiресе бұршақ тұқымдастарының дәндерiнде. Өсiмдiк дәндерiнен немесе тамырынан бөлiнiп алынған аллантоин адам ұлпаларын саулықтырады, қабынуға қарсы ем ретiнде пайдаланылады. Аллантоин терiге екi түрлi әсер етедi - мүйiз қабатын жұмсартып, өлген клеткалардың ұлпадан бөлiнiп кетуiн жеңiлдетедi, Ұлпалардың жаңаруын тездетедi. Аллантоинды терiнi жұмсартып, шаштардың түбiрiн қатайту үшiн косметикалық заттарға қосады. Әсiресе, жел қаққан немесе күнге күйген терiні қалпына келтiруде белсендiлiк көрсетедi. Аллантоинның мөлшерi кофе дәндерiнде жоғары. Оның мөлшерi пiспеген кофе дәндерiнiң бiр грамында 410 – 580 микрограмм болса, пiскен дәндерде 420 – 480 микрограмм шамасында болады.
Өсімдік өсіру, өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығыныңның халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын жем-шөппен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін маңызды саласы. Мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Өсімдік өсіруге егіншілік, шабындық, орман шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс-жидек шаруашылығы, әсемдік бақ өсіру және жабайы жеміс-жидек, саңырауқұлақ, дәрілік, т.б. пайдалы өсімдіктерді жинау шаруашылықтары жатады. Екінші жағынан өсімдік өсіру – ауыл шаруашылығы өсімдіктері түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту, қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселелерін зерттейтін ғылым. Өсімдік өсіру ғылым ретінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің вегетация дәуірінің ұзақтығын, өсу және даму сатыларын, тамыр жүйесінің даму динамикасын, құрғақ зат жиналуын, зат алмасуын, суыққа, қуаңшылыққа төзімділігін, т.б. зерттейді. Өсімдіктің биологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай түр, сорт, гибридтерді аудандастыру, жерсіндіру, т.б. мәселелерді шешеді. Ғылыми тұрғыдан егіншілік, топырақтану, биохимия, генетика, селекция, микробиология, агрофизика, агрохимия, өсімдіктерді қорғау, т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
2.3 Өсімдіктердің өсуін реттеуіштерді өсімдік шаруашылығында қолданудың теориялық негіздері Өсімдік өсуін реттеуіштер және олардың эндогенді дамуының шығу тегі (ауксиндер, гибберилиндер, кининдер, этилен және басқалар) өсімдіктер тіршілігінде заттардың алмасуын басқаруға қатысып, барлық сатыларында ұрықтың дамуынан бастап, олардың тіршілік ету циклының аяқталуына, яғни солып қалуына дейінгі кезеңді қамтиды. Олар өсімдіктердің жаңадан пайда болған органдарын ретке келтіріп, гүлдену мерзімдерін, вегетациялық бөліктерінің қартаюын, олардың тынығу күйіне енуін одан шығуын т.б. жағдайларын анықтайды. Фитогормондардың қызмет ету қабілетіндегі ерекшелігі – өзіне тән айрықша қасиеті олардың әрекеттесуі, бір – бірімен ауыстырылмайтын физиологиялық процесстерге әсер етіп, өсіру жағдайына қатысуы. Олар реттеуіштер белсенділігін арттыруда оларды бір-бірімен тығыз байлыныста болуын, сондай – ақ жалпы жүйедегі метоболизмнің (ингибиторларында) басытқыларын гормональды жүйеде реттеп, келісіп, қалыптасқан өсімдік организмдерінің түгелдей функциялы жүйелерін ретке келтіреді.
Өсімдіктердің өсуін және дамуын ретке келтіруде жасанды түрде шығарылған реттеуіштер арқылы химиялық жолмен алынатын құрылымы белгілі фитогормондардың ауксин тобын, гибберелиндерді, кининдерді алуға мүмкіндік туғызды, әрі заттардың физиологиялық белсенділігі туралы теорияның дамуына байланысты, құрылымы эндогенді фитогормондарға ұқсас заттарды табуға болатындығы дәлелденді. Мұның өзі өсімдіктердің өсу сатысында тізбектелген әрбір айрықша қосақы (активатор және ингибитор) жолымен бақылауға алуға көмектеседі. Фитогормондардың қосарланған компоненттері анықталып, олардың кейбіреулері тұрақты түрде қолданылатын болса, кейбіреулері өсімдіктің өсуін реттеуіштерімен алмастырып тұрады.
Жасанды (синтетикалық) реттеуіштердің басым көпшілігі эндогенді фитогормондардың физиологиялық ұқсас туындысы немесе қарама-қарсы (антогонисті) бағыттарда әсер етіп, жалпы өсімдіктердің гормональды дәрежесін өзгертеді.
Өсімдіктердің өсуін ретке келтіретін реттеуіштер өзінің әсері жағынан мына төмендегідей 5 топқа бөлінеді:
Ауксиндер метоболизмнің және олардың физиологиялық белсенділігінің жұмсалуына байланысқан препараттар (ауксинге ұқсас заттар, антиауксиндер, ауксинді тасымалдайтын басытқылары (ингибиторлары);
Метоболизммен байланысқан заттары мен гибберилиндердің физиологиялық белсенді заттардың жұмсалуы (ұқсас заттар биосинтезінің ингибиторлары);
Этиленмен алмасып байланысатын препараттар;
Цитокининге ұқсас қосылыстар;
Метоболизмнің күшейткіштері (активатор және ингибиторлары) тыныс алу реттеуіштері, фотосинтез, каротиноидтерден жасалған ингибиторлар, хлорофилдер т.б.;
Көп жағдайларда мұндай бөлінген топтар кейбір қосылыстарда шартты түрде, көбіне метоболизмнің реттеуіштеріне дәл келеді, ал көп жақты өтетін процестерде әрекеттері өте күрделі болып келеді. Осы жоғарыда аталған топтардағы жасанды препараттар әр түрлі елдерде тәжірибеде және өндірістік алқаптарда тексеріліп сыналады. Мұндай жағдайларда препараттардың салынған ыдыстардың сыртына жазылған тексттерде практика жүзінде қолданылмаса да ірі түрлі дақылдарға сыналатын препараттар жұлдызшамен (*) белгіленеді. Мысалы, бірінші топтарға жататын препараттар 2-амино 6 метилбензол қышқылы* томаттардың, сүйекжемістілердің пісуін, алма, жеміс ағаштары жемістерінің түйін салуын реттейді; бидайдың, жүгерінің, жүзімнің суыққа төзімділігін арттырады. Ал, Жапонияда шығарылатын этихлозат* препараты алма ағашының қайталанып жеміс салуын тоқтатады. Бұл препарат тек өнім көп болған жағдайда, көптеген түйіндердің қалыптасуына байланысты қолданылады. Ал екінші топтардағы препараттарға қазіргі кезде көптеп қолданылатын ретарданттер оның ішінде, хлорхолинхлорид жатады. Олардың онийлы қосылыстардың ретардантты әрекеті кауренсинтеза ферментінің басытқылары (ингибирлеу) арқылы жүзеге асырылады.
Олардың ішінде жаңадан шығарылған полиаминоэтиленнің* төртінші рет алмастырылған тұздары гүлді дақылдарға ретардант ретінде пайдаланса, пипроктанилийбромид* мақта мен томаттарға қолданылады. Ал антигибберилиндерден – қышқыл гидразитері ретінде паклобутразол* жоғарғы агротехникамен өсірілген дәнді дақылдарды жатып қалудан сақтайды және өнімділігін, алманың суыққа, құрғақшылыққа төзімділігін, жемістің тауарлық сапасын арттырады. Гүлзарлар, әсемдік бақ шаруашылығы үшін перспективасы зор препараттардың бірі – дикетулак* (атринал). Бұл топтарда алынған және көптеп қолданылатын препараттар аротекс – 5с, терпет т.б. Барлық жағдайларда жоғарыда аталған бір компонентті және аралас препараттар тиімділігі жоғары дәрежелі агротехникалық шараларды жүзеге асырғанда ғана зор болады. Үшінші топтардағы реттеуіштер қатарына өсімдіктердің құрамындағы этилен олардың алмасуы жатады. Оларға гидрел, дигидрел, компазон-М, сондай-ақ таяу арада жасанды түрде шығарылған аминоциклопропан қышқылы*, релиз және диметипин* препараттары жатады. Бұл препараттар жемістер картоп құрамында еркін қозғалады, олардың бөлінетін қабатының қалыптасуына әсер етеді. Кейбір елдерде мақта үшін дефориант, картоп үшін десикант ретінде сыналып, олар жеміс пен жүзімнің, цитрусы дақылдардың жиналуын жеңілдету үшін қолданылады. Цитокининге ұқсас реттеуіштер практикада қымбат болумен қатар технологиялық өңдеу жұмыстарының аса күрделігіне байланысты сирек қолданылады. Қазіргі кезде табиғи эндогенді цитокининдердің экстрактарын (сүзінділерін) көп кездесетін өсімдіктердің шикізаты мен балдырлардан алуды іздестіруде үлкен қадамдар жасалуда, бірақ әлі де болса тәжірибе жұмыстарының көлемінен аса алатын емес.
Бұл айтылған топтағы реттеуіштерден басқа белгілі физиологиялық белсенділігі жоғары өсімдіктердің метоболиттері химиялық жолмен өнеркәсіпті шығару және олардың реттеуіштерін қосып дайындау үшін өте қолайлы. Өсімдіктерде әсері жағынан жасанды реттеуіштер үш топқа бөлінеді:
Эндогенді фитогормондардың ферментті жүйедегі құрамымен алғаш рет әрекеттесуі;
Өсімдіктердің индукциялы фермент жүйелерінің пайда болып, қызмет атқаруы олардың гормондық дәрежесінің өзгеріске ұшырауы;
Өсімдіктердің жалпы метоболизмнің екінші рет өзгеруі олардың өсуіне, өнімнің көлемі мен сапасына әсер етеді.
Сонымен, шаруашылық және зерттеу жұмыстары жағынан алып қарағанда жасанды препараттар өзімізге қажетті өсімдік дәрежесін өзгертіп, өнімнің сапасын, көлемін өзгертуде үлкен роль атқарады. Олардың ішінде антистрессті препараттар болса, қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.