Физиологиялық ырықты (активті) заттардың жасанды түрлері Соңғы кездерде фитогормондарға, табиғи басытқылар мен гербицидтерге ұқсас жасанды қосындылар әр түрлі тәжірибелерде кеңінен қолдану тапты.
Өсімдіктерді қалемшелермен көбейткенде өсуді жеделдететін қосындылар пайдаланылады. Әдетте ондай заттармен ағаш тектес өсімдіктердің өздігінен қиын тамырланатын қалемшелері өңделеді. Өсу процестерін жеделдетушілер ретінде көбінесе гетероауксин және идолил май қышқылы қолданылады.
Қалемшелердің тамырлануын жеделдету мақсатында оларды жерге отырғызудан бұрын морфологиялық төменгі ұшын гетероауксиннің 0,005 – 0,002%- тік ерітіндісіне 12-24 сағатқа малып қойылады.
Жасанды өсу жеделдеткіштер көкөніс және бау өсіруде, түйіндер мен жемістердің төгілуін азайту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ биологиялық ырықты заттар арам шөптерді құрту үшінде пайдаланылады.
Осы мақсатпен өсімдік организміне әсері физиологиялық құбылыстардың қалыпты жүзеге асуын бұзуға негізделетін, таңдамалы әсер ететін қосындылар – гербицидтер қолданылады. Химиялық қасиеттер жағынан бұл қосындылар цитоплазма бөлікшелеріне, немесе өсімдіктегі зат алмасудың маңызды өнімдеріне жақын – органикалық қосындылар. Гербицидтер молекулалары бейтарапты болғандықтан өсімдік ұлпалары мен клеткаларына зарядты қосындыларға қарағанда кедергісіз және жылдамдау сіңеді. Олар май тектес қосындыларда – липидтерде ериді. Цитоплазмаға енгеннен кейін, онымен әрекеттесіп, физиологиялық құбылыстардың қалыпты жүруін бұзып, нәтижесінде өсімдік опатқа ұшырайды.
Қазіргі кезде гербицидтік қасиеті бар мыңға жақын қосындылар екі жүздей арам шөптерді құрту мақсатында қолданылады. Олардың біразының әсерінің химиялық негіздері зерттеліп анықталды.
Қорытынды Фитогормондар – өсімдіктегі клеткалар, ұлпалар мен мүшелер арасындағы байланысты реттеу үшін, физиологиялық және морфологиялық процестердің басталып тежелуі үшін, аздаған мөлшерде пайдаланылатын қосылыстар.
Өсімдік организмінің күрделі құрылыстығы, оның көптеген органоидтарға, клеткаларға, ұлпалар мен мүшелерге дифференциалдануы жоғарғы деңгейдегі басқару жүйесін талап етеді. Фитогормондар – өсімдіктегі клеткалар, ұлпалар мен мүшелер арасындағы байланысты реттеу үшін, физиологиялық және морфологиялық процестердің басталып тежелуі үшін аздаған мөлшерде пайдаланылатын қосылыстар.
Қазіргі кезде фитогормондардың және жасанды өсімдік реттеуіштердің өсімдік шаруашылығында алатын маңызы жоғары. Қазіргі кездегі өсімдіктер организмінде анықталған гормондарды екі топқа бөліп қарастырады: жылдамдатушылар және үдеткіштер. Жылдамдатушы немесе үдеткіш гормондарға: ауксин, циокинин, гибберелин жатады. Ал тежеуіштерге: этилен мен абцисс қышқылы жатады. Жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктерде жылдамдатушы фитогормондар көп болады, ал қартайған, тіршілігін жоюға жақын тұрған организмдерде тежеуші фитогормондар көп мөлшерде кездеседі.