Қорытынды Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңару шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың үсыныстары ескеріліп жасалады. Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген нәтижелер тұжырымдалған.
Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынға білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.
Бастауыш білім беру мақсаты – келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға;
Проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңестігін құру.
Осыған байланысты оқыту үдерінде қолданылған әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірбиелерін білі берудің негізгі көзі ретінде саналады. Оқу үдерісінің барысында мынадай қарым-қатынасқа түседі;
Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде) ;
Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу барысында) ;
Шыған топтармен (3-5 баламен) ;
Балалардың үлкен тобымен;
Кейбір техника түрлерімен (мысалға, компьютермен)
Оқыту мен оқушының бұл тәсілі оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы мәселелерді талқылайды, зерттейді.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренетіндігін, білімнің тереңдігін, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптасады. Сондықтан, басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса,тиімді болатындығын айтуға болады.