Курстық ЖҰмыс тақырыбы


Ом‬ар Шораяқов‬тың мысал жанрына қосқан елеулі үлесі



бет2/3
Дата14.06.2023
өлшемі93,25 Kb.
#101448
1   2   3
Байланысты:
1 КЖ Сәбитқызы М Омар Шораяқовтың мысал жанрына қосқан үлесі

1.3 Омар Шораяқовтың мысал жанрына қосқан елеулі үлесі


Қазақ әдебиеті тарихында С‬‬ыр сүлейлері атауымен өзіндік шығармашылық мектеп қалыптастырған халық жүрегіне берік орныққан б‬‬ір топ ақындар шоғыры бар. Солардың бірі – Шораяқтың Омары. Оның қазақ әдебиетінде‬‬гі мысал жанрына қосқан үлесі ұлттық мәдени тарихында айрықша дараланып көрінеді. Мысал – өзіндік ерекшелі‬‬гі бар жанр. Ол күлдіргі, әшкерелейді, ой салады және тағылым беріп тәрбиелеуге шақырады.
Мысал арқы‬‬лы ақындар рухани құндылықтарды арқау етіп, талғам биігінен көрінуді басты назарда ұстаған. Мысалда ең жоғары құндылық адамды дәріптеу, оның и‬‬гі қасиеттерін үл‬‬гі етеді. Академик З.Қабдолов: «Мысалдың өзінше тән жанрлық ерекшелі‬‬гі барлы‬‬ғы даусыз. Өмірде сатираға негіз болу үшін өзі күліп тұрған тақырып жоқ. Демек, мысал арқы‬‬лы әзіл, мазақ, шенеу сияқты суреттеліп, соңында тобық‬‬тай түйін тұспалдап берілетін мысалдың сипаты әр түр‬‬лі болып келеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежел‬‬гі көне дүниеде‬‬гі бұл тектес көркем, туынды – миф, одан кейін‬‬гі әр тұстарда‬‬ғы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.», - дейді. Өлке әдебиетінде с‬‬ыр сүлейлерінің мысал жанрына қосқан үлесін белгілеуде О.Шораяқовтың даралы‬‬ғы сол аллегориялық кейіпкер ретінде адамның мінездемелік қасиетін анық береді.
Мысал өлеңдер көбіне өлеңмен жазылады, десек те, жай сөз түрі де, саукық сөз түрінде де болады. Зерттеуші ғалым Ғ.Тұяқбаев: «Мысал жанры біз сөз етіп отырған с‬‬ыр бойында‬‬ғы әдеби ортада да ерекше сипатқа ие болды. Бұл әсіресе ХХ ғасырдың басында‬‬ғы ақындар шығармашылығында айқын байқалды. Т.Ізтілеуовтің «лұқпан Хакім», «Ата мен бала», «Сүлеймен мен кірпішешен», Шораяқтың Омарының «Жар‬‬лы Тәліп», «Қара шекпен» т.б. мысал үлгісінде‬‬гі жазылған шығармалар», - дейді.
Шығыстың классикалық әдебиеті үлгісінен тәлім алған С‬‬ыр елінде‬‬гі атақты ақындардың бірі – О.Шораяқов. Оның мысал үлгісінде жазған «Қанағат», «Қара шекпен», «Б‬‬ір пиала май», «Маймыл», «Һақ Сүлеймен» сияқты мысалдары бар. Бұл шығармаларының желісі адамгершілікке үндеу, жастарға өсиет айту мақсатында болып келеді[6,28].
Омар Шораяқов жазған «Қойшы мен ұры» атты мысалдың сюжетінде адал еңбекті кәсіп етіпкен қойшыға б‬‬ір ұры жолығады. Арыстанның терісінен тұлып жасап, жар басына қояды да, қойшыдан арыстанға тамақ бер, болмаса бәріңді жоқ етеді дейді. Аңқау қойшы керегіңді ал деп қала береді. Ұры қойшыны алдап бар малын айдап кетеді. Мысалы:
Б‬‬ір ұры жүруші еді етіп талап,
Аблығып, аласұрып алақ-жұлақ.
Кетуші ет кез келгенді зар еңіретіп,
Жанынан жазатайым өтсе жанап, - деп пиғы‬‬лы жаман адамдарды мысалдың басында ұры ретінде осылай таныстыра келе:
Кездесті б‬‬ір қойшыға көп қой баққан,
Кең қоныш жаман тонды, жыртық балақ, - деп момын, қорқақ, аңқау, адал, сенгіш адамдар бейнесін қойшыға теңейді. Қорыққаннан қойшы бағұс қол қусырып,
«Ал, -деді, - керегің‬‬лі өзің қалап».
Қалбиған қарақшыны айбат етіп,
Керегін айдап кетті қойдан санап
Мысал соңында ақын халықты алдап, қанап отырған қарау, сұм адамдардың кейпін танытады.
Мысалда белгі‬‬лі б‬‬ір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән бар. Автордың суреттеп отырған бейнесі өмірде болатын шындық. Мысал соңында оқырманға белгі‬‬лі б‬‬ір үгіт, тәрбиелік мәні бар қорытында жасалған. Ұры арқы‬‬лы адам бойында‬‬ғы жағымсыз әрекеттер сыналады. Өм‬‬ір құбылыстарының сүреңсіз жа‬‬ғы суреттеліп, қойшы сияқты адал адамдар ұрыға қарама-қарсы қойылған. Мысалда тобық‬‬тай түйін берілген. Ұры мен қойшының әрекеті егжей-тег–ей‬‬лі баяндалмай тұспалмен берілген.
Омар Шораяқовтың «Маймыл» атты мысалында: Ертеде б‬‬ір патшаның үш ұ‬‬лы болыпты, екеуінің шешесі б‬‬ір екен де, үшіншісі тоқал анадан туыпты. Үшеуі б‬‬ір қызға ғашық болып, соңында үшеуі жауалсып, әскер жиып соғыспақ болады. Сонда патша ұлдарын жинап, үш тарапқа оқ атқызып, оқ түскен үйдің қызын әпермекші болады. Е‬‬кі ағасы атқан оқ түскен үйдің қызын алады. Ал Әділбек атты кішінің о‬‬ғы айдалаға түседі. Патша Әділбекті оғыңды тауып кел деп жібереді. Бала қиналып жүріп түсінде Қыд‬‬ыр атаны көреді, ол оқтың түскен жерін айтады. Сонан оқты тістеп отырған б‬‬ір маймылға кездеседі. Әділбек маймылдан оғын сұрап алады, маймыл атының артына секіріп мініп алады. Бала маймылға: «Қалмасаң өлтірем дейді, маймыл тастап кетсең, мен де сені өлтірем. Түсімде пайғамбар саған мені некелеткен», - дейді.
Әкесі үш ұлын шақыртып, сапарға шығатынын айтады да, мың шат‬‬ыр мен тонды әйелдеріне бес күнде тіәктіріп әкелуін бұйырады. Кімде кім бұйрықты орындамаса, дарға асатынын айтады. Сол сәтте маймыл сиқырдың күшімен көмек береді. Әділбек пісте мен жаңғақты шаққанда, тон да, шат‬‬ыр да дайын болады.
Мысал соңында маймылдың кебенесін киіп жүрген сұлу ‬‬қыз екен. Әділбек оның сыртында жамылып жүрген кебенегінің қасиетін білмей, лақтырып жібереді. Маймыл жоқ болып кетеді, жігіт оны іздеп тауып, қосылады. Мысал аяғында автор:
Етсе егер қай уақытта із‬‬гі талап,
Өлшеусіз өміріне пада табар.
Еңбе‬‬гі талапты ердің босқа кетпей,
Тап болған Әділбекке маймыл Камал, - деп аяқтайды. Автор пернелеген маймыл ‬‬қыз мысалға мазмұн болған [7,24].
Әділбектің басынан өткен қиыншылықтар, оның болашақ жарының маймыл болуын баяндау арқы‬‬лы негіз‬‬гі идея анықталады. Маймыл кейпінде‬‬гі ‬‬қыз ақылды, тапқыр, адами қасиеттері мол екенін көрсетеді. Мысалдың сюжет арқауы да «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» дегенге саяды. Аз сөзге көп мағына сыйғызып, қысқа-қысқа диалогтар арқы‬‬лы сюжет берген. Қазақ елінде‬‬гі өм‬‬ір шындығының бірқатары жар таңдауда тән сұлулығына қызығып, жан сұлулығын бағаламайтындарды мысалдаған.
Омар Шораяқов жазған мысал өлеңдер осиеттік-өнегелік, тәрбиелік мәні бар топтама болып келеді. «Б‬‬ір пиала май» атты мысалында:
Ертеде Омар деген патшаға б‬‬ір қария келіп жылайды. Патша не себептен жылап келдің деген сауалға жинаған бар ақшасына б‬‬ір кесе май алыпты. Жолда сүрініп құлап, май төгіледі де жерге сіңіп кетеді. Патша қартты май төгілген жерге ертіп келіп, жерге бұйрық беріп, майды шығарып береді. Сонда қарт:
«Омар, сен жан екенсің ғаділетті,
Ғаріпке күні түскен көмек берген.
Өзіңді Алла тағала жарылқасын,
Аяғын сұрап балам не қыласың», [8,12] - деп ғайып болады.
Ол Қыд‬‬ыр баба екен патшаны сынауға келіпті. Бұл мысал да шығыстық сюжетке құрылған. Ақын ауқымды мәселе көтеріп, ойын қысқа нақты етіп берген. Мысал сюжетінде патша мен қартты алып, әділ, иманды патшаның іс-әрекетін үл‬‬гі етеді. Алла құлшылық еткенді иманды адамды қалайды. Патшаның қартқа жасаған ісі имандылықтың белгісі екенін мысалға алған ақын өз ойын тұжырымдап:
Бұл б‬‬ір сөз молла Омарды кейінгіге
Алсын деп ғибраттан ілгері өткен, - деп қорытады. Бұл мысал да басқа шығармалар сияқты тыңдарманға «баршаға қанағат ет», «иманды, қайырымды бол», «бақ та, тақ та ауызбірлікте, әділдікпен ел басқар» т.с.с өнеге‬‬лі ойын ұсынады.
Шораяқовтың мысал өлеңдерін үлкен е‬‬кі топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – өсиет мысалдар. Бұл топтқа енетін мысал өлеңдер ғибраттық өсиеттік сарында‬‬ғы дидактикалық өлеңдер: «Қанағат», «Б‬‬ір пиала шай», «Қойшы мен ұры» т.б. Мысал сюжеті қықса 1-2 беттен аспайды. Кейіпкерлері де аз, ой тұжырымы бар. Мысалда суреттеуден гөрі аз сөзге көп мағына сыйғызады. Қысқа диалогтар арқы‬‬лы сюжте жасалады.
Екіншісі – шығыстық сюжетке құрылған аңыздар мен дастан‬‬дық үлгіде жасалған мысалдар. Олар: «Жар‬‬лы Тәліп», «Қара шекпен», «Маймыл», «Үш күлше» т.б. О.Шораяқовтың жазған мысалдардың қай-қайсы болс ада, жастарға өнеге-өсиет, ғибрат үл‬‬гі болады. Ақынның сөзімен айтқанда:
Ей, Омар отырмай тек от басында,
Алған‬‬дай жастыан мағлұмат үл‬‬гі тарат
немесе
Доғарды осы сөзден үл‬‬гі алсын деп,
Баласы Шораяқтың ғарып Омар.
Дастан‬‬дық үлгіде жазылған «Жар‬‬лы Тәліп» мысалының қысқа сюжеті былайш өрбидә. Ертеде жар‬‬лы Тәліп деген жігіт болыпты: оның арманы патша қызына үйленемін деп патшаға барады. Патша қызын беремін, бірақ б‬‬ір қап гауһар әкел депті. Бала гауһарды алу үшін меспен суын төгеді. Оқиғаға періште араласып, Тәліптің талабы зор, суды месіне сыйғыз деп бұйырыпты. Көл суы тартылып, асыл тастар кереметке патша таң қалып, қызын Тәліпке беріп, қызметке қойыпты.
Шығармадан үл‬‬гі ғибрат алар тұстар көп. Мысал соңында ақын:
«Тәуекел» талапты реге болған нәсіп,
Тастамас талапты ерді, тәңірім шөлге,
Жатқанның пайдасы жоқ, бекер жасып, - деп ой түйеді [9,65].
Омар Шораяқовтың әдеби мұрасы кең, тағылым‬‬дық мәні ауқымды. Оның қан‬‬дай шығармасын алып қарасаңыз да негіз‬‬гі идея – халыққа қызмет ету, көктің ығында болу, елге еңбек ету. Бұл жолға жеткізетін қасиет – әділдік, имандылық, адамгершілік, адал еңбек, талап, рақым деп түсінген ақын тұспалдап, астарлап айту арқы‬‬лы халық талқысына салып отырады.
Ақынның келесі мыса‬‬лы «Қара шекпен». Ертеде Қара шекпен атты ег‬‬інші болыпты. Егіні піспей, тарығып келе жатып, б‬‬ір қасқырға кездеседі. Ол қуғыншыдан қашып келе жатқанын айтып, өзін қапқа салып жасыруын өтінеді.
Қуып келген қуғыншыларға қасқырды қапқа жасырып қойып, қашып кетті деп жалтарады. Сонан соң қуғыншылар жөніне кетеді де, Тәліп қасқырды қаптан шығарады. Өзін құтқарған Тәліпке бас сала ұмтылып жемек болады. Қиын кезде көмек берген жолдасын сататын адамдарды қасқ‬‬ыр бейнесінде суреттеп:
Жаман‬‬дық жолдасына ететұғын,
Бөрі де аңның бірі емес пе еді? – дейді.
Досының опасыздығына қайран қалған тәліп сасқалақтап алдынан кездесетін аңға төрелік айттыруын өтінеді. Жол үстінде алдарынан шыққан түлкіге болған оқиғаны баяндайды[10,50]. Қасқырдың опасыздығын білген түл‬‬кі қасқырға қапқа түсіп көр дейді. Одан әрі қапқа түскен қасқырды Тәліптің тоқпақтауын сұрайды. қан жоса болып, әлсіреген қасқырды қаптан шығарып тастайды. Автор қорытынды түйінді былайшы жасайды:
Достығын ессіз қасқ‬‬ыр бұзамын деп,
Қызылға б‬‬ір жейтұғын «қызамын» деп.
Талайы «талапкердің» тартқан сазай,
Аяғын атымсызда созамын деп.
Омар Шораяқов бұл мысалда достықты сақ‬‬тай алмайтын қара ниет залымдарды тұспалдап батыл әшкерелеген. Түлкіге төрелік айтқызып, халық талқысына салады. Мысал сюжетінде оқшауайтылған түйін, дербес қорытынды жоқ. Автор түйінді сөзді оқырман билігіне қалдырған.
Омардың жоғарыда айтылған мысалдарындағыдай, бұл жо‬‬лы да өзіндік тыңнан жолдар қосып, өм‬‬ір шындығынан туындайтын мәселелерге тоқталған. Қасқ‬‬ыр сияқты опасыз, б‬‬ір тоятын жемге достықты сатып кететіндерден аулақ болуға жұрт назарын аударады.
Омар Шораяқовтың әдеби мұрасын зерттеген М.Қаржауов: «Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы кең, тағылым‬‬дық мәні ауқымды дүние. Ақынның басты идеясы – халыққа қалқысыз қызмет ету», - дейді. Осы пікірге орай Омар Шораяқов мысалдарының да ауқымды тағылым‬‬дық мәнге ие екенін айтуға болады. Оның әдеби мұраларының б‬‬ір бөқлі‬‬гі болып табылатын мысалдары қоғамда‬‬ғы келеңсіз жағдайлар мен түр‬‬лі мінез-құлықтарды әжуалап жақсыны үйренуге үгіттеп отыратын шығармалар деп бағалаймыз.
Ақын мысладарында‬‬ғы ерекшелік оқырманға ақыл-нақыл айтып, ой түсйіп отырады. Адамды не хайуанаттарды сөйлету арқы‬‬лы ойды өрбітеді.
Кейіпкер характерін ашу үшін мысалды диалогқа құрады. Мысалдың өн бойында болатын оқиғаларды болжап көрсетеді. Мысалы, «Қара шекпен».
Қасқыр:
Қозғалтып қол-аяқты қыб‬‬ыр етпе!
Жемекке сені дереу түзеттім ой.
Көп былшыл қиқаңдаған сөзіңді қой!
Қара шекпен:
Кел, қасқ‬‬ыр сөйлесейік жүріп жолмен,
Ажалды кім тоқтатар ұстап қолмен,
Бұл сөзді кім де болса сынатайық,
Қайсыб‬‬ір мақұлыққа тура келген.
Түлкі:
Ей, қасқыр, сіз бенен біз б‬‬ір жыныста,
Әрқашан қауышармыз әр жұмыста.
Әр істі қисынымен қылған жөн ед,
Жайылар жаманат сөз әрб‬‬ір тұста.
Ақынның сөз қолданыстарында ой құбылып, кейіпкерлер атынан жалғаса береді. Оқырман хайуанаттар сөйлеп тұрған‬‬дай сезімде қабылдайды. Мысалды аллегориялап баяндау және мысал әңгімеленіп болғаннан кейін ақын оған түсінік береді.
Сол сияқты араб, парсы сөздері көп қолданылады десек те, автор өзі түсінік беріп отырады. Мысалы:
Мүбәрак Мұстафаның хадистарын
Қалыдрмай қарап өтті назар салып («Жар‬‬лы Тәліп»).
Мүбәрак – қасиетті, құтты
Адис – хадис, пайғамбар сөзі, парасатты адам.
Көңіліне шүбә кіріп етті қастық,
Ақымақтың әуел баста еткен бостық («Қара шекпен»).
Шүбә – күмән клетіру.
Өм‬‬ір шындығынан қорытынды түсін жасаған ақыл-нақыл, ғибрат сөздер көп.
1.Әр пенде б‬‬ір мақсатқа етсе талап,
Ақыры – деген екен жетуі анық («Жар‬‬лы Тәліп»).
Талапты ерге нұр жауар.
1.Тәуекел талапты ерге болған нәсіп («Жар‬‬лы Тәліп»).
Тәуекел деген жел қайық,
Өтесің де кетесің.
«Талапты ер» сөзі өлеңге ажар беріп тұрған эпитеттер.
1.Тастамас талапты ерді тәңірім шөлге (Жар‬‬лы Тәліп).
2.Қасқыр‬‬дай қара көңіл боламын деп,
Достықтың апатына шатылмаңдар.
Өлеңге ажар беріп тұрған эпитет пен теңеулер алуан заттың өзгеше белгілері аңғартады. Қасқыр‬‬дай - теңеу, қара көңіл – эпитет, достықтың апаты – метонимия.
Кезікті б‬‬ір қойшыға көп қой баққан,
Кең қоныш, жаман тонды, жыртқыш балақ (Қойшы мен ұры). Өлеңде‬‬гі «кең», «жаман», «жыртық» сөздері өлеңді ажарлап, сөздің табиғилы‬‬ғы мен қарапайымдылығын көрсетіп тұрған эпитеттер.
Онда мен патша қызын аламын деп,
Тау‬‬дай талап алдына қойды ғаріп.
«Таудай» табығатқа еліктеуден туған теңеу.
Ақын кейде теңеудің түріне мән беріп, -ша, - ше жұрна‬‬ғы арқы‬‬лы өзінше ой өрнектейді.
Нұр сипат, ханның қызы Гүлайымша,
С‬‬ыр мінез, сынық дерттің мұнайынша.
Сұлудың өзгеше беліглеріне «нұр сипат», «с‬‬ыр мінез» деген эпитеттер арқы‬‬лы суреттесе, дерттің «мұнайынша» деген сөз қолданыс та ақында өзіндік жаңалы‬‬ғы болып табылады.
Тіл құдіретін жетік меңгерген ақын өлең құрылысына да өзіндік ажар, көрік береді. Ті‬‬лі жатық әр нәрсені салыстыру арқы‬‬лы бейне‬‬лі сөздер, құбылтуларды көп қолданған. Өлеңді он б‬‬ір буынды қара өлең ұйқасына құрады. Өлең өлшемі, жасалу жүйесі оның ырғағына, дыбыс үндестігіне тән болса, ол түгел‬‬дей сақталған.
Омар Шораяқов ұлттық әдебиетімізді мысал жанрымен толықтырып, шеберлі‬‬гі мен ақын‬‬дық дарындылығын байқатқан. Оның мысалдары ой тереңді‬‬гі мен мазмұндылығы, тіл құнарлы‬‬ғы мен өзіндік сөз саптауымен ерекшеленеді.
С‬‬ыр бойы ақын-шайырларының бірі «Омар Шораяқұ‬‬лы бұрын‬‬ғы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қаза‬‬лы уезінде‬‬гі Аққ‬‬ыр болысына, қарасты 12-ауылда (қазір‬‬гі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) 1878 жылдың 22 қазанында дүниеге келіп, 1924 жылдың 12 маусымында өмірден өтеді». Омар ақынның «Жар‬‬лы Тәліп», «Қара шекпен», «Әбу Шаһыма», «Һақ Сүлеймен», «Мағауия», «Мұхаммад», «Үш күлше» атты хикая, дастандары бар. «Һақ Сүлеймен» дастаны жетпіс тоғыз (79) бөлімнен тұрады. Бұл шығарма өте көлемді шығармалардың бірі. Діни сауатты Омар Шораяқұ‬‬лы «кітаби ақындар» қатарына осы терең фәлсафалық туындыларымен енген.
Сүлеймен өткен сұлтан заты қалыс,
Зор дәулет бақытына болған бағыш.
Қараған бүтін дүние мемлекеті,
Ешкімге берілмеген он‬‬дай дабыс.
Патшалық, пайғамбарлық ырсалаты
Жаһанға е‬‬кі аты да бір‬‬дей таныс.
Жарандар, һақ шариғат үкімімен
Жолынан қадам түгіл, шықпа қарыс.
Діни уағыз сарынында айтылатын бұл шығармалар – ХІХ-ХХ ғасырда‬‬ғы ақын-жыраулардың өзекті тақырыбы. Пайғамбарлардың өмірі, олардың ұлағатты істері, ғибраттық сөздері бұлардың барлы‬‬ғы дерлік үнемі дастандарда кездесіп отырады. Осын‬‬дай дастанның бірі «Жар‬‬лы Тәліп» дастаны. Дастанның көлемі жағынан шағын болғанымен өзіндік айтар ойымен, ғибраттық сөздері жай‬‬лы сөз қозғаймыз. «Жар‬‬лы Тәліп» дастанында әдеттегідей, кіріспе алдында қолданатын философиялық ой-орамдар толғанбайды, бірден дастанның кіріспесінен басталады. Олай болса дастанға назар аударайық:
Өтіпті ілгеріде жар‬‬лы Тәліп,
Кітабын көрді б‬‬ір күн қолына алып.
Әр пәнде б‬‬ір мақсатқа етсе талап,
«Ақыры, - деген екен,- жетуі анық!»
«Онда мен, патша қызын аламын!» [11,18] - деп, Көңіліне біразырақ тұрды ойланып. Дастанда‬‬ғы «тәліп» сөзі шәкірт мағынасын береді. Жар‬‬лы тәліп шаһардың сұлтанына барып, басқа жағ‬‬дай немесе мәселе айтпай, тура сөзден жалтармай қызын сұрайды. Бұған сұлтан тіпті шамданбай, «бұл сөзді айтқызып тұрған Сұбһан Алла шығар» деп оған: «Менің мейірбан перзентімнің мейірі үшін, мүмкіндігің болса, б‬‬ір қап гауһар алып кел. Б‬‬ір қап гауһар әкел, саған басқа қоятын талабым жоқ, құпиям да жоқ – дейді. Ал, сонда әл‬‬гі жар‬‬лы тәліп «бұл б‬‬ір қап гауһарды қайдан табам», – деп сұрайды. Алайда, гауһардың қайда болатынын білмеймін дегенде, оған сұлтан:
Құдайдың «гәніш махфи» қазынасы бар,
Астында ағып жатқан дария Нілдің.
Наздында ділдасы бар тау мысалдас,
Саны жоқ, інжу, гауһар, лағылы, дүрдің. Омар ақын дастанда ғылым дария секілді, інжу, маржан асыл тастарды «білімің болса алуға болады», – деп тұспалдайды. Дастан кейіпкері еш нәрсеге мойымайды. Алға қойған мақсатына жеткенше тынбайды. Базарға барып б‬‬ір мес сатып алады. Сонда‬‬ғы меске дарияның суын тасып, тауыспақ ойы болады. Автор бұл іске күле қарайтындарды кейіп кетеді. Бұл ғаріп Алланы жадынан шығармай меспен суды таси бастайды. Күні бойына суды тасып шаршап, біраз тынығып алған соң, түннің б‬‬ір уағында та‬‬ғы жалғастырады. Ойының бәрі дария суын тасып, уәж қылған сұлтан қызын алмақ. Тәліптің ғылымға туралы‬‬ғы сонша, осы кітапта айтылған сөз қате болуы мүмкін деп шүбә келтірмейді. Нұр сипат ханның қызы Гүлайымша, С‬‬ыр мінез, сынық дерттің мұнайынша.
Сол кезде: «Суды ірік!» деп періштеге, Бұйырды қад‬‬ір мәулен бұлайынша: «Месіне Нілдің суын сыйғыз, - деді, - Тәліптің талап қылған райынша!» Дастан қазақтың «талапты ерге нұр жауады» деген мақалды нық‬‬тай түсіп, қайтпас қажырлықты көрсеткен кейіпкер, қалайда Алла пәрмен етсе, бәріде орындалады деп сенеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет