Курстық жұмыс



бет2/17
Дата07.01.2022
өлшемі126,13 Kb.
#20478
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.



Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.



Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.



Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, мектепке дейінгі ұйымдардағы дене тәрбиесі мұғалімдері немесе топ тәрбиешілерінің дене тәрбиесі оқу қызметін жүргізерде осы дене тәрбиесі жүйесімен, ұйымдастыру формаларымен толық танысып, жақсы нәтижелі жұмыс көрсеткенін қаладым. Күнделікті өткізілетін қарапайым оқу қызметінің дұрыс жүйелі болуы өте маңызды.



Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.



Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет