Зерттеу нысаны Бастауыш сыныпта көркем жазу пәнінің маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны
Зерттеу мақсаты Көркем жазу пәнін зерттей келе, бастауыш мектепте көркем жазу сабақтарының жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру және де оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың каллиграфиялық дағдысын қалыптастыру
Оқушыларды көркем жазуға үйрету
Оқушылардың көркем әрі сауатты жазуына және жылдам жазуына үйрету
Зерттеу пәні: Қазіргі қазақ тілі, әдістеме және көркем жазу
Зерттеу болжамы: Зерттеп отырылған мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасап және озат мұғалімдердің іс-тәжірбиесіне сүйене отырып мынадай зерттеу болжамын ұсынамыз. Егер көркем жазу сабақтарында оқушылардың каллиграфиялық дағдысын қалыптастыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерде пайдалана отырып, жүйелікпен сабаққа оқушының қызығушылығын, ынтасын туғызсақ, онда олардың көркем әрі сауатты жазуға белсенділігі дамиды.