Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей жоғары көп салалы колледжі мекемесі
БЕКІТЕМІН
Семей көп салалы
колледжінің директоры
_____А.К.Уразбаева
«____» «_____» 2022ж
Жалпы ережелері Жазбаша курстық жұмыс–бұл ғылыми талдау элементтері берілген белгілі-бір тақырыптың қажетті көлемін өз еркімен өңдеп орындау. Ол студенттердің алған теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын, қайнар көздерін талдау және әдебиеттер мен жұмыс істеу, тақырыпқа негізделген және міндетті қорытынды жасау мүмкіндіктерін сипаттайды.
Студент теориялық материалдарды меңгергеннен кейін және ұсынылған әдебиеттермен танысқаннан кейін курстық жұмысты орындауға кіріседі.
Студенттермен курстық жұмысты жазудың мақсаты - өз еркімен ғылыми және оқу әдебиеттері зерттеу негізінде өздерінің теориялық және тәжірибелік дайындығын тереңдету, мамандықтары бойынша тәжірибелік материалдар мен дағдыларын жалпылау, белгілі бір ғылыми, экономикалық, есеспті, салықтық және басқару тапсырмаларын шешу жолдарын жетілдіру.
Жазбаша курстық жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталған кезеңде орындалады және бағалауға қорғауға жіберіледі. Мұндағы курстық жұмысты дайындауға арналған сабақтардың саны оқу жоспарында анықталады. Курстық жұмысты жазу барысында студенттерге жаңа компьютерлік технологияларды қолдануға ұсыныс берілген және оған келешекте өзінің кәсіби қызметіне қажетті қазіргі технологияларды қолданудың тәжірибелік дағдыларын параллельді түрде меңгеруге мүмкіндік берілген.
Курстық жұмысты орындау–оқу бағдарламасын орындау бойынша студенттің шығармашылық өзіндік жұмысын аралық бақылаудың нысаны болып саналады.
Курстық жұмысты орындаудың мақсаттары:
Студенттердің өздік шығармашылық дағдыларын дамыту;
Теориялық талдау жүргізу әдістерін студенттерге оқыту;
-компьютерлік технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Курстық жұмысты орындау процесінде студент келесі тапсырмаларды орындау қажет:
Курстық жұмыстың тақырыбымен сәйкес білімді алу, кеңейту және тереңдету қажет;
-курстық жұмыстың мәліметтерін жүйелеу, жалпылау және логикалық ойлап жауап беруді дамыту;
-кәсіби дайындығын меңгеру;
Курстық жұмысты жазу процесі–бірнеше өзара байланысқан сатылардан тұрады: