Курстық жұмысты жазуға әдістемелік ұсынылым


Негізгі бөлімде келесі сұрақтар қарастырылуы тиіс



бет4/12
Дата07.11.2022
өлшемі57,75 Kb.
#48268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
рекомендатция курсовая

Негізгі бөлімде келесі сұрақтар қарастырылуы тиіс:

  • Зерттелген заттың (процестің, құбылыстың) түсінігі, мазмұны және мәні, оған сипаттама беретін көрсеткіштердің мазмұны;

  • Қойылған сұрақтарды шешу аспектілері;

  • Зерттеу объектісінің жалпы технико-экономикалық сипаттамасы;

  • Зерттелетін затты (процесті, құбылысты, көрсеткішті) талдау;

  • Зерттелетін заттың (процестің, құбылыстың, көрсеткіштің) дамуын болжау (жетілдіру жолдарына нақты ұсыныс беру);

  • зерттелетін объектінің (кәсіпорын, фирма, байланыс және т.б.) қызметін жетілдіру бойынша ұсыныс беру.

  1. Қорытынды теория мен тәжіибе үшін қарастырылған сұрақтардың мәніашылып, оларғажүргізілген жұмысты талдау нәтижелері, жетілдіру жолдары мен ұсыныстар жазылады.

  2. Әдебиеттер тізімі –тізімде авторды, әдебиеттің аты, шығарылған баспасын жәнебаспаға шыққан жылын көрсету қажет.

  • нормативті–заңнамалық құжаттар;

  • оқу әдебиеті;

  • периодикалық басылымдар.

Қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс жазудың үлгісі Б қосымшасында берілген.
7.Қосымшалар курстық жұмыстың соңында жазылады. Әрбір қосымша жаңа беттен және оның атауымен толық жазылуы тиіс.
Курстық жұмысты дайындау барысында студент оған қажетті сұрақтары бойынша оқытушыдан кеңес алуы мүмкін.
Пәнге байланысты курстық жұмысты орындау барысында кеңесті курстық жұмыстың жетекші – оқытушысы береді.


6.Курстық жұмысты орындауға қойылатын негізгі талаптар



Курстық жұмыс А4 форматының парақтарында оқытушыға ескерту жасауға арналған шекараларды қалдырумен орындалады. Курстық жұмыстың мәтінін Times New Roman 14 шрифтімен, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: сол жағы– 3 см, оң жағы– 1 см, үстінгі және астынғы жақтары–2 см, жол аралығы– бірге тең басылуы тиіс.
Курстық жұмыстың көлемі баспа мәтінде-25 беттен кем емес немесе жазбаша мәтінде – 40 беттен кем емес жазылуы тиіс.
Курстық жұмыстың парақтары (беттері) араб цифрларымен беттін төменгі ортасынан, титулдық парақтан бастап қолданылған әдебиеттер тізімі берілген параққа дейін нөмірленеді. Титулдық парақта, «Мазмұнында», «Кіріспеде» парақ нөмірлері қойылмайды. Нөмерленуі «Кіріспенің» екінші бетінен «4» цифрінен бастап қойылады.
Мәтіннің әрбір сұрағы мазмұнының атауымен сәйкес бас әріппен жазылуы тиіс.
Мәтін мен тарау атаулары арасындағы ара-қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек. Сұрақтардың атауы бас әріппен жазылуы керек (В қосымшасы).
Сандық мәліметтер топтастырылып жүйелі түрде кесте мен графиктерде көрсетіледі (диаграмма, суреттер). Кестелер араб цифрымен нөмірленеді және курстық жұмыстың мазмұнында беріледі (Г қосымшасы).
Графиктер, диаграммалар және суреттерді мәтіннен кейін орналастыру қажет. Жұмыстың мазмұнында олар міндетті түрде нөмірленуі қажет (Д қосымшасы).
Берілген цифрлық материал саны курстық жұмыстың мазмұнына сәйкес болуы керек. Қарастырылып отырған материалға тікелей сәйкес келмейтін мәліметтерді жазбау керек. Цифрлық мәліметтер үлкен көлемді болатын болса, ақпаратты қосымшаға шығарылады. Қосымшалар араб цифрларымен рет-ретімен нөмірленеді. Қосымшаның нөмері оның атауынан жоғарыдағы оң жақ бұрышында «Қосымша» сөзінен кейін қойылады, цифрдан кейін нүкте қойылмайды. Қосымшалар курстық жұмыстың басқа бөлімдерімен сәйкес нөмірленеді. Қосымшалардың барлығына негізгі бөлімде сілтемелер қойылуы керек.
Курстық жұмыстағы әдебиеттерге сілтемелеркелесі түрде белгіленеді, мысалы, [1,15б.] және әдебиеттер тізіміне сәйкес беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет