Курстық жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласыдағы Қазақ зиялыларының қалыптасуы және олардың еңбектерін, шығармашылығын, жүріп өткен өмірлерін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеті


Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы рөлі



бет5/9
Дата07.01.2022
өлшемі321,75 Kb.
#19280
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
алаш

Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы рөлі

XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан саяси-идеялық ахуалға большевиктік идеологияның ықпалы пәрменді болды, «революциялық қозғалысқа қазақ жастары белсенді араласты» деген жасанды тұжырымдар ақиқатқа сай келмейді. Ұлан байтақ қазақ жерінде большевиктік идеологияға мойынсұнған М.Сералин, С.Көбеев, Н.Ералин, М.Бекметов, Ы.Дүйсенбаев, Т.Бокин сияқты саусақпен санарлық қазақ жастарының астыртын жүргізген революциялық қызметінен саяси —идеялық ахуалда күрт өзгеріс болды деп сендіру ақиқатқа мүлдем қарама-қайшы екені даусыз.

Сонымен қатар, XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-идеялық ахуалына түрік бірлігі түрікшілдік идеялардың қалыптасуы біршама ықпалын тигізді. Негізінде түрікшілдік идея «Айқап» журналының айналасында топтасқан қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары мен атқарған қызметтерінен анық байқалды. Зерттеуші Санжар Асфендияровтың пікірінше: «…пантурксизм қозғалысымен байланысып жүрген қазақтың интелегенттері «Айқаптың» айналасында жиналды (мысалы; М.Сералин, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин), бұл топқа татар интелегенттерінің де ықпалы тиді. Айқапшылар Ресейдегі түрік елдерін біріктіру керек деген пікірде  болды».

Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен   үш   негізден  бастау   алды: Біріншіден, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өздерінің білімділігі мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік мәдениетіне, оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлы далада үлкен, күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік


тарихта із қалдырған ұлы Түрік қағанатының батырлық еріктік істеріне қанық болды да, солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай тарихи аталар дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру арқылы отарлық саясат пен ұлттық езгіге қарсы тұру санасын оятқысы келді. Екіншіден,
түрікшілдік идея, қазақ зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық саясаттан тепкі көрген барлық түрік тілдес халықтарды бір ту астына біріктірер бірден-бір ортақ рухани күш ретінде танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды шеңгелінде ұстап тұрған екі
басты самұрық құстың тырнағынан жеке-жеке ұлт болып босанып шығулары мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден, түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі түрік тілдес халықтардың
бай тілі мен мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан дінін дуние жүзілік деңгейге көтеретін сол арқылы евроцентристік көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық шовинизмді тежейтін негізгі факторлардың бірі деп саналды.

Міне, осындай ұлттық маңызы зор мәселелерді жете түсінген Алаш зиялылары түрікшілдік туы астына топтасып, Орыс империясының зорлық — зомбылықты «бөліп ал да, билей бер» саясатына қарсы тұруға жан айғайымен шақырды.

Түрікшілдік, түрік етіп көтерген Ысмайылбек Гаспринский (Гаспралы) болды. Ол көзі тірі кезінде, халық арасында «біздің сүйікті ұстазымыз», «халықтың қызметшісі», «түрік-татар ұлтарының ағартушысы», «прогреске жол ашқан» сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралыны бүкіл Ресей түркі халықтарыны мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын саяси көсемі ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас ұрмай кетуі мүмкін емес еді. Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Сералин, Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақ зиялылары Ысмайылбек Гаспралының түрікшілдік идеяларын қазақ топырағында жандандырып, ел арасына түрік патриотизмі, түрік бірлігі рухының дәнін екті, фәлсафасын уағыздады.

Қазақ зиялыларының түрікшілдіктен нәр алған өздерінің көкейлерінен шыққан жалынды сөздері қазақ халқын саяси бостандық пен теңдікке жігерлендіргені хақ.

Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат болып қала бермек. Сонымен, қазақ зиялыларының саяси-құқықтық, реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық, отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне асуына дәйекті жағдайлар   туғызған еді.

Жалпы Алаштық интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.

Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет