Кіріспе
ХХ ғасырдың басында Қазақстан аграрлық-отарлық аймаққа айналды. Отаршылдар қазақ халқының жерін және оның табиғи байлықтарының едәуір бөлігін ғана иеленген ғана емес, сонымен қатар қазақтарды рухани отарлады: олар халықтың тілінен, дінінен, менталитетінен айрылуына қатты әсер еткен шаралар жүйесін жүзеге асырды.
Қазақты сынау мен ояту үрдісін үлкен ұлттық мәселе ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ұлы Абай негіздеген еді. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен суғарылған. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты
Достарыңызбен бөлісу: |