Курстық ЖҰмысты орындау бойынша әдістемелік нұСҚаулықтар (егер олар оқу жоспарында қарастырылған болса). Курстық жұмыс



Дата06.01.2022
өлшемі17,21 Kb.
#12377
Байланысты:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР


КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР (ЕГЕР ОЛАР ОҚУ ЖОСПАРЫНДА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БОЛСА).

Курстық жұмыс: Windows қосымшаны әзірлеу.

Курстық жұмыс мақсаты: Пән бойынша білімді бекіту, C++Builderинтеграактивті ортада Windows қосымшаны жасауға арналған мүмкіндіктерді оқып-зерттеу, пайдаланушы интерфейстерін жасау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Курстық жұмыс міндеттері:



  • Жаңа қосымша жасап, оның құрылымын зерттеу;

  • Қосымша интерфейсін күйге келтіру;

  • Қосымша логикасын жүзеге асыру;

  • Өз қосымшаларыңыздың интерфейсінің прототипін әзірлеу;

  • Көптерезелі қосымшаларды жасауды үйрену;

  • Сұқбат терезелерін және қалқымалы сыбыр терезешелерін жасауды үйрену;

Тапсырма:

Зертханалық жұмыстарға берілген есептерді мұқият оқып-зерттеу. Курстық жұмыс тақырыбын таңдап, оқытушымен келісу қажет. Көптерезелі қосымшаларды жобалаудың түрлі мүмкіндіктерін есекеретін өз қосымшаңызды ойластырыңыз. Өз қосымшаңыздың прототипін жасап, оның пайдаланушы интерфейсін күйге келтіріңіз.


1 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ

Курстық жұмыстар оқытушының студенттерге жеке тапсырмасы нәтижесінде орындалады. Студентке сұрақты толық, терең қарастыру үшін, тақырып бойынша белгілі бір зерттеулер және есептеулер жүргізу үшін алдын ала беріледі, сабақ басталғаннан кейін бірінші айда.

Студент курстық жұмысты өздігінен орындау кезінде теориялық және практикалық білімін қолдана білу керек. Сонымен бірге программалаудың жұмыс дағдысын меңгеру.

Курстық жұмыс «Программалау технологиясы» пәні бойынша тереңдету мақсатында теориялық және практикалық білімді тәжірибемен ұштастыру. Курстық жұмыс тақырыптарын ашу үшін зертеу нәтижесінде болған нәтижелерге көңіл бөлу керек.

Тақырыппен жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады:

а) мақсатты анықтау және қалыптастыру;

б) курстық жұмыс жоспарын құрастыру;

в) зерттеудің дұрыс жүруін және әдістемесін оқу;

г) зерттеу нәтижесінде алынған қорытындыларды, қолданылған әдебиеттерді жалпылау;

д.) курстық жұмысты дайындау.



2 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖЕКЕ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖАЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
АҢДАТПА – курстық жұмысқа қысқаша түсінік беру.

МАЗМҰНЫ — тақырып бойынша курстық жұмыстың бөлімдері беттерімен беріледі.

КІРІСПЕ.

Жалпы тақырып бойынша міндеттерді анықтау олардың маңызы мен алатын ролін және тақырыптың ерекшелігін ашу.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Әдебиеттерге шолу. Бұл бөлімде автордың атымен қолданылғен әдебиеттерге нұсқама жасайды.Қой шаруашылығы бойынша қазіргі кездегі ғалымдардың еңбектеріне шолу жазылады. Курстық жұмыс тақырыбы бойынша практикалық және технологиялық үрдістерге көңіл бөлініп сипаттама беріледі. Сонымен бірге жұмыс мазмұны бойынша берілген тапсырмалар деңгейінде осыған дейін істелген зерттеу жұмыстарына шолу жасалынады.

Өз зерттеулері. Негізгі бөлімге кіретіндер: мақсаты, зертеу объектісі мен әдістемесі. Берілген жұмыстағы зерттеудің мақсатын айқындау, зерттеу объектісі туралы толық мәліметтер беру, программалаудағы қолданылған әдістерді сипаттау, программалау ортанын қолданғаны туралы мәлімет:

- бағдарламалау технологиясының негіздері, прогаммалау стилі (Си тілі негізінде);



  • программалу тілінің стандартты функциялары туралы жалпы мағлұматтар;

  • объекті-бағытталған бағдарламалаудың негізі (Delphi, Си++ Bulder).

  • әр түрлі алгоритмдердің құрылымдық сызбасын құрастыру;

  • есептің талабы бойынша қажет мәліметтер құрылымын ұымдастыру;

Зертеу нәтижелері және қорытынды: Студенттің өз зертеулеріне берілген тақырып бойынша жүргізілген зерттеулерге (программалауда) қорытынды жасау керек. Қорытындыларға талдау: алынған мәліметерді терең талдау және қазіргі кезде жүргізіліп жатқан зерттеулермен салыстыру.

Қорытынды

Бұл бөлімде студенттің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып беріледі.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Ең бірінші үкмет орындарының үкімдері келтіріледі. Содан кейін алфавитті ретпен (автор тегі) әдебиеттер келесі формада жасалынады: тегі аты жөні; жұмыс аты; шыққан жері, шыққан жылы.


3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ

Суреттер мен қосымшалар (егер болса) курстық жұмыстың аяғында кетіріледі. Олар нөмірленеді, міндетті түрде сурет немесе кесте аты және беті қойылады.

Курстық жұмыстың мәтіні А-4 форматында, сол жағы 3 см, оң жағы 1см, төменгі және жоғарғы жағы 2 см. Бет номірі араб цифрымен жоғары он бұрышына қойылады. Беттің абзацы 1,25 см орын қалдырылады.

Сыртқы парағы белгілі бір талаптарға сәйкес жасылынады (қосымша А) орындаушы жазылады. Сыртқы парақтан кейін аңдатпа парағы қойылады. Мәтінде кесте келтірілгенде кесте нөмірленеді. Сонымен бірге кесте аты жазылады. Курстық жұмыс суретке сипаттама берілсе жақша ішіне сурет нөмірі, аты көрсетіледі.

Курстық жұмыс көлемі 25-30 бет. Жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер беріледі. Өз еркімен жасалынып белгілі бір талап бойынша жазылмаса жұмыс қабылданбайды. Мәтінде түзету болмауы керек. Орындалған курстық жұмыс топтың және комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Жұмыс талқыланғаннан кейін сапасы тексеріліп бағаланады. Курстық жобаны генетика және биотехнология кафедрасының мамандарының сарапшы комиссиясы алдында қорғайды. Әрбір жоба келесі критерилер бойынша бағаланады.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРҒАУ БАРЫСЫНА ҚОЙЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Программаның интерфейсінің мәдениеті.

4 Сөз мәдениеті.

5 Қауымдық қорғау мәдениеті.

6 Курстық жұмысты қорғауда көрінетін білімділік.

7 Регламент немесе шектеу уақытың сақтау.



8 Автордың жеке үлесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет