Курстың мақсат- міндеттері Тіл дамыту қазақ тіліне оқыту әдістемесінің негізгі, өзекті саласы мақсаты мен міндеті



Дата18.10.2023
өлшемі20,46 Kb.
#117774
түріСабақ
Байланысты:
1 (2)


1-дәріс. Курстың мақсат- міндеттері. . Тіл дамыту қазақ тіліне оқыту әдістемесінің негізгі, өзекті саласы. мақсаты мен міндеті
Қай жастағы баланың болмасын, өз ойын дұрыс жеткізуі үшін тілдік құралдарды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық,) қолдана білумен бірге ойын әсерлі жеткізе алу икемділігі мен дағдысы болуы керек. Мектеп бағдарламаларында қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілдік құралдарды ойын әсерлі жеткізу үшін пайдалана білу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру бағытына тиісті назар қойылмаған. \
Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі – бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы. Сөйлеу тілінде пікір алысу, түсінісу сөйлеу арқылы ғана емес, сонымен қатар кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол қимылы қатысып отырады. Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлейді. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлем мүшелерін түсіріп айту, сөйлемді аяқтамай бітіру, сөйлем мүшелерінің орнын өзгертіп айту, сөзді талғамай қолдану жиі кездеседі. Мысалы, жұрт, халық, халайық деген синоним сөздердің ауызекі сөйлеу тілінде «халайық» деген сөз жиі қолданылады, немесе барлық, күллі, баршасы деген синоним сөздердің «баршасы», бет, жүз, рең, әлпет деген синоним сөздерде стилистикалық баяулы сөз ретінде «әлпеті» көбірек қолданылады. Сондықтан балалардың ауызекі сөйлеу мәдениетін арттыру үшін сөздері мағынасына, мәніне байланысты дұрыс қолдана білу икемділіктері дамытылады.
Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін мынадай икемділіктер мен дағдыларға жаттықтырылады: айтылған әңгімені түсініп тыңдай білу, сөзді дұрыс айта білу, сөз ішінде және сөз аралығындағы тіркестерде орфоэпияның негізгі заңдылықтарын сақтап, әуезді де мәнерлі сөйлей білу, оған қоса дауыс ырғағын, интонацияны дұрыс белгілеп, сәтті де орынды, тиянақты қолдана білу, сонымен бірге әр түрлі ым-ишара, бет құбылысы мен дене қозғалысы, бірін-бірі толықтыру арқылы тыңдаушыға әсер ете білу.
Оқушыны тілдің барлық мүмкіндігін еркін пайдаланып әр сөзді өз орнында және ойына сәйкес дәл қолдануға, ойды әр түрлі ахуалдарға байланысты ресми не

Оқытуда тіл білімінің теориялық мәселелеріне көп күш салынады да, өз ойын, сезімін білдіру мақсатымен қатысымды жүргізе білуге баулуда мәтінді талдатудан басқа стилистикалық жаттығуларға орын аз берілген. Өйткені оқушыларды сөйлеуге жаттықтыруда мәтіннің стилистикалық түрлері (ауызекі, әдеби, ғылыми, публицистикалық) оқушылардың жас, білім ерекшеліктеріне байланысты әр сыныпта сөйлеуге, жазуға қатысты жаттықтырылуы керек. Мектепте көркем және ғылыми мәтіндермен жұмыстар аз-маз қамтылып, қарым-қатынас жасау ахуалына, жағдайына, мақсатына, түріне байланысты балалардың білімінде олқылықтар көп кездеседі. Осы олқылықтарға орай қазіргі көптілді ортада балалардың сөйлеу тілін дамыту өзекті болып отыр.


Сөйлеуші тілдік бөлшектерді жеке игермей, олардың бір-бірімен тіркесу, қолданылу заңдылықтарын іс жүзінде түсініп, өз бетімен қажетіне сай пайдаланып үйрену керек. Бұл тілдегі сөздік қор мен грамматиканы қатар меңгеріп, ойда пайда болған ұғымды сөйлемге айналдыруды қажет етеді.
Баланың ауызша сөйлеу мәдениеті мен орфоэпиялық икемділіктерін дамытуға негізделген жұмыс түрлерінің әдістемелік жүйесін жасау- балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін қажет. Сөйлеуге үйретуде тілдік материалдарды таныстырып қана қоймай, оларға фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдардың қолданылу заңдылықтары мен амалдарын үйрету, оларды сөйлеу кезінде дұрыс жұмсауға дағдыландыру жолдарын жетілдіру көзделеді
Бұл курстың міндеттері:

  • сөйлеу мен ойлаудың психологиялық, педагогикалық негіздері

туралы еңбектерге шолу жасау, олардың балабақша балаларының ауызша сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу мен орфоэпиялық нормаларды игертудегі маңызын ашу;

  • балалардың лексикалық икемділіктері мен дағдыларын дамыту

және сөздік қорын байыту сөйлеу тілін қалыптастырудың негізгі тірек-амалы екендігін дәлелдеу;

шеберліктерін қалыптастыруға қатысты грамматикалық икемділіктер мен дағдыларды айқындау;
- сөйлеу мақсатына байланысты мәтін құрастыра білу икемділіктерін
тәрбиелеу,байланыстырып сөйлеуін дамыту әдіс-тәсілдерін айқындау;

  • байланыстырып сөйлеу тілін дамытуды шешендік сөздермен, мәтінмен

байланыста жүргізілуін тәжірибе жүзінде зерттеу және мәдениетті сөйлеу икемділіктерінің қалыптасу жүйесін айқындау.
Оқытудың нәтижесі - егер сөйлеуге қатысатын бірліктер мен тілдік құралдардың қолданылу амалдарын жете игертіп, оларды қажетті жағдайға орай жұмсай білуге тиімді оқытқанда және күнделікті сөйлеу әрекетінде бейнелі тіркестердің, шешендік сөздердің педагогикалық, грамматикалық негіздерін бала түсінетін болса, бастауыш оқыту сатысына сөйлеу мәдениетін игерген, тілі орфографиялық қырынан икемді тұлға шығаруға болады.
Оқушыларды сөйлеуге жаттықтыруда мәтіннің стилистикалық түрлері
Баланың ауызша сөйлеу мәдениеті мен орфоэпиялық икемділіктерін дамыту мақсатында жұмыс түрлерінің әдістемелік жүйесін жасау не үшін қажет? балалардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту үшін
ойын әсерлі жеткізе алу икемділігі мен дағдысына бала қай жастан үйрене бастауы керек?
көптілді ортада балалардың сөйлеу тілін дамыту өзекті болуы неліктен?
Тіл материалдарын игеру дегеніміз не?- материалды дұрыс түсіну мен дұрыс қолдана білу дағдысын меңгеру
Лингвистикалық зерттеудің бағыты бар – екі
Лингвистика нені қарастырады? сөйлеу түрлерін және қатысымның тілдік құралдарын

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет