Біліктері: 1. Сөз өнері туралы білім өрісін кеңейту. 2. Білім алушыларды өз бетінше іздене білуге дағдылану. 3. Би-шешендердің шығармаларының әдеби-көркемдік мән-мағынасын түсіне білуге жәнеде жекелеген сөздерінің мәтінін талдап,үзінділер жаттауға қалыптасу.
Білім алушылардың білімін бағалау: І. Теориялық білімдер бойынша 1. Кіріспе бөлімі. Сөз асылы - шешендік 2. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің алғашқы бастаулары 3. Қазақ ұлттық шешендік өнерінің дамуы 4. Қазақ шешендік өнерінің тарихы 5. Билер шешендігі 6. Нақыл сөз – тіл мәйегі ІІ. Тестілеу 1. Шешендік сөз – ұлттық өнер 2. Қазақ шешендік өнерінің тарихы 3. ХҮІІІ ғ. Сөз бен қаруын қатар жұмсаған шешен-батырлар Күтілетін нәтиже:
Сөз өнері курсын оқытуда бойында шешендік сөздер арқылы тілдік білімі мен қарым-қатынас біліктілігін жетілдіру арқылы дара тұлғаның сөз өнері негізінде сөйлеу шеберлігін арттыруды дамытады. Шешендік сөзде бір мақсатты көздей отырып қойылған жағдаяттық сұраққа-жауап беруде өзіндік көзқарасын белсенділік тұрғысынан терең пайымдауда зерделі ойлауға үйретеді. Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық мұраттарын ұлттық сипатта қалыптастыруды мақсат етеді.Оқушының зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа баулу.