Курстың құрылымы: аптасына бір сағаттан, жылына отыз төрт сағатқа есептелінген



бет2/5
Дата28.02.2022
өлшемі115,5 Kb.
#26565
1   2   3   4   5
Байланысты:
6 сынып сөз өнері факультатив

Курстың мақсаты мен міндеттері:

Шешендік өнердің яғни сөз өнерінің алуан сипаттары, тарихы, шешендік сөздердің түрлерімен, ерекшеліктері, пікірталас мәдениетінің талаптары жөнінде жан-жақты мағлұмат бере отырып, сөйлеу этикасын меңгеруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, өмірге қажетті тілдік, қарым-қатынастық біліктеріңізді дамытуларына мүмкіндік жасау.

Шешендер сөзіндегі өсиеттерге ден қойып, шешенге лайықты қасиеттерді саралау,өнегелі сөздің дидактикалық мәнін,бүгінгі жастарға беретін ғибратын таныту. Би-шешендердің өмірлері мен шығармашылығын таныстыру. Міндет – оқушыларды сөз өнерінің құндылықтарын танып білуге; - шешендер сөздеріндегі ақыл-ой байлығы, билік шешімдері,кісілік қасиет туралы ойларын пайымдау;

білім алушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету, оқушы бойындағы талантын танып, бағыт-бағдар беру; - шешен-билердің сөздерінің эстетикалық мәнін ашу; - әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім алушыны көптеген адами қасиеттерге, сөз тереңдігін түсінуге, тіл тазалығын насихаттай отырып, шешендік сөздің мазмұны арқылы тәрбиелеу. Курстың практикалық маңыздылығы:

Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, көркем сөйлеуге, практикалық іс-дағдыларының қалыптасуына, ізденімпаздықпен жүйелі түрде жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Курстың құрылымы: Бейімделген курс бағдарламасы сызықтық модель бойынша жасалған. Сабақтың жүргізу әдістері:

Теория мен тәжірбиенің байланысы мен бірлігін ескере отырып, білім алушылармен жүргізілетін жеке, ұжымдық жұмыстарды түрлендіріп отыру арқылы дидактикалық материалдармен жұмыс жасау. Олар: шешендер сөздерінен нақыл сөзге айналған сөздерді табу,шығарма кейіпкерлерінің сөйлеу тіліне баға бергізу, пікір айтқызу, сахналық көрініс қою және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет