Квадраттар бойынша нивелирлеу



бет3/5
Дата25.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#32148
1   2   3   4   5
Байланысты:
Квадраттар бойынша нивелирлеу

Оларды түсіру біріктірілген теодолиттік және нивелирлік жүрістер арқылы орындалады. Жер бетінің рельефіне және планның масштабына байланысты көлденеңдіктің аралығы 10 м-ден 50м-ге дейін алынады. Өзара биіктіктерді үйлестіру және биіктіктерді есептеу геометриялық нивелирлеу нәтижесін өңдегендей жүргізіледі.

Квадраттардың биіктіктері анықталғаннан кейін жер бетінің топографиялық планы жасалынады. Ол үшін квадраттың әр төбесіне метрдің жүзден бір бөлігімен (0,01м) биіктік мәндері жазылып, абрис бойынша планға ситуация түсіріледі және горизонталь жүргізіледі. Магистральды нивелирлеумен топографиялық планды жасау жоғарғы айтылған әдістермен жүргізіледі. Жер бетінің табиғи жағдайы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін барлық кездерде қолайлы бола бермейді, яғни жер бетін салынатын құрылыстық түріне, пайдалануына байланысты өзгертуіне тура келеді. Осындай мақсатпен жүргізілген жұмысты жер бетін тегістеу деп атаймыз. Көп жағдайда жер бетін тегістеу жобасы құрылыстың бас жобасының құрамдас бөлігі болып келеді. Жер бетін түсіру жобасын жасаудың негізі болып 1:500-1:5000 масштабтағы топографиялық пландар саналады. Сызықтық құрылыстардың ізденіс жұмыстарының өз ерекшеліктері бар, оларды орындаудың мақсаты жобалау кезінде құрылыстың трассасының қолайлы жағдайын анықтау болып табылады. Трасса дегеніміз- жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталарымен түсірледі және жердің бетінде бекітіледі. Трасса күрделі кеңсітік сызығы болып табылады, планда түзулер әртүрлі қисықтармен жанасады. Трасса жазықтық, алқаптық, суайырықтық, беткейлік, және көлденең-суайрықтық болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет