Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет42/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


73
ГЛОССАРИЙ 
 
САПА - əртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық 
көрсеткіш. 
САПА БАСҚАРУ - өнімнің пайда болуынан бастап, оның белгілі 
деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету, сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілетін 
əрекеттер. 
САПА ЖҮЙЕСІ – аз шығын жұмсай отырып жоғары сападағы өнімдерді 
қамтамасыз ету бағытында ұйымдасқан топтар мен техникалық топтар. 
САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - іс-шараларды жүйелі түрде өткізу жəне 
жоспарлау жөніндегі сала. 
СТАНДАРТТАУ - ол нормативтік құжаттармен бекітіледі, өнімнің 
шығарылуына қойылатын талаптар, əдістемелер, құрылымдығы сияқты 
қызметтердің түрлері. 
МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ – басқару деңгейінің барлық 
сатыларында таралып, қоғам, өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың 
қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады. 
СЕРТИФИКАТТАУ – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілеті 
қызметтердің ормативтік құжатта белгленген белгілі бір талаптарға, 
стадарттарға сай екедігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады. 
СƏЙКЕСТІК БЕЛГІСІ – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне 
сəйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың немесе қызмет 
көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сəйкес 
екендігіне қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін, белгіленген 
тəртіппен қорғалған белгі. 
СƏЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің 
ережелері бойынша берілген, тиісті түрде бірдейлендірілген өнімнің, процестің, 
жұмыстың, қызмет көрсетулердің техникалық регламенттердің, стандарттардың 
немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкестігіне қажетті 
сенімділік қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат.
СЫНАҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫ(ОРТАЛЫҒЫ) - өнімнің нормативтік құжат 
талаптарына сəйкестілігіне сынақ жүргізетін лаборатория (орталық). 
КВАЛИНОМИЯ - сапа туралы ғылым . 
КВАЛИМЕТРИЯ - өнімнің сапасын бағалау жəне өлшеуімен айналысушы 
немесе өнімнің сапсының сандық бағалануы. 
КВАЛИМЕТРОЛОГ – квалиметриямен айналысушы маман. 
ҚОЛДАНБАЛЫ КВАЛИМЕТРИЯ – заттың, өнімнің нақты түріне 
байланысты, сапасының сандық бағалауының əдістемесін жасау. 
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ - өнім сапасының салыстырмалы сипаттамасы 
немесе 
өнімнің 
техникалық 
жетілдіруінің 
көрсеткіштерін 
базалық 


74
көрсеткіштермен салыстырып қарастыруға негізделген. 
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР - өнімнің белгілі бір түріне қойлатын 
талаптар туралы нормативтік-техникалық құжат. 
”ҮШІНШІ ЖАҚ ТАРАПЫНАН” СЕРТИФИКАТТАУ - өнімді сынақтан 
өткізуді жəне сертификаттауды өндірушілер мен тұтынушылардан тəуелсіз 
əділетті органдардың жүргізуі, 
ӨНІМНІҢ САПАСЫ - өнімнің тиісті қажеттіліктерге жарамдылығын 
көрсететін 
қасиеттерінің 
жиынтығы 
немесе 
өнімнің 
қасиеттердің 
біртұтастығын бейнелейді жəне өнімнің сипаттамасын көрсетеді. 
ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ - өнімнің берілген талаптар мен өнімнің 
қойылған талаптарының сəйкес келуі. 
ӨНІМНІҢ БЕРІКТІГІ(НЕМЕСЕ СЕНІМДІЛІГІ) - өнімді пайдаланудың, 
техникалық күту мен жөндеудің соңғы мерзіміне дейін өнімнің қолданысқа 
жарамды қасиеттерін сақтауы. 
КЛАССИФИКАЦИЯ - обьекттер жиынның қабылданған классификация 
əдістеріне сəйкес оларға ұқсас немесе ұқсас еместігі бойынша ішкі жинға 
бөлінуі. 
ПƏНДІК КВАЛИМЕТРИЯ - өнім мен техника, еңбек пен қызмет, 
мəселелер мен жобалар, процестер, субьектілер, сұраныс, ақпараттар 
квалиметриясы.
САПА КӨРСЕТКІШТЕР - жасау пайдалану немесе тұтыну шарттарның 
белгілі біреунде қарастырлатын өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің 
сандық сипаттамасы. 
КВАЛИМЕТРИЯЛЫҚ ШКАЛА - өлшенетін қасиеттердің немесе олардың 
өлшемдернің негізгі жиыны, шкалалаудың көрсету жəне шкалалаудың 
көрсетуінің мəнінің жиыны.
АҚАУЛАР - өндіруші кəсіпорында да, одан тысқары жерде де 
айқындалады. 
ПРОЦЕСС - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да 
бір тапсырылған нəтижеге жету жөніндегі өзара байланысты жəне дəйекті іс-
қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. 
САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШЫҒЫНДАРЫ - тұтынушының өнімге 
немесе қызметке анықталған талабын қанағаттандыруын қамтамасыз ету. 
САПАНЫ ЖАҚСАРТУ ШЫҒЫНДАРЫ - тұтынушының шамаланған 
талабын қанағаттандыруын қамтамасыз етудегі шығындар. 
ӨНІМНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, 
оның ішінде жобалау – конструкторлық жəне өзара шарттық талаптарға сай 
келуі үшін пайдаланатын əдістер мен қызметтер жиынтығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет