3
Баспаға əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің Ғылыми
Кеңесі ұсынып, Редакциялық-баспа кеңесі бекіткен
Авторы: Асембаева М.Қ.
Пікір жазғандар:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, магистратура жəне PhD
докторантура институты, жаратылыстану мамандықтары кафедрасынан педагогика
ғылымдарының докторы, профессор М.С. Молдабекова,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, физика-математика
факультетінің физика кафедрасынан физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор А.Қ. Ершина,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің жылуфизика жəне
техникалық физика кафедрасынан физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор С.А. Бөлегенова
Квалиметрия. Оқу құралы/ М.Қ. Асембаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 103
бет.
Оқу құралы стандарттау, метрология жəне сертификаттау мамандығы бойынша оқитын
студенттер үшін университет бағдарламасына сəйкес жазылған.
Оқу құралы аталған
мамандық бойынша бакалавриат студенттері үшін барлық қажетті оқу-əдістемелік
материалдарды қамтиды жəне студенттерге жалпы өнім, өнім сапасы, өнім сапасын басқару
əдістері, сапа басқару тəжірибелері жəне т.б. көптеген түсінік алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ,
квалиметрия курсы стандарттау, метрология жəне
сертификаттау мамандығы
бойынша əртүрлі процестерге сапа жағынан түсініктермен студенттерді таныстыру, өнімнің
сапа көрсеткіштерінің
классификациясы мен құрамы; өндірісте
өнімнің сапасын басқару
əдістерін
қолдануды меңгеру; бəсекеге қабілетті өнімді шығаруға
дағдылану сияқты негізгі
түсініктерді беруге көмектеседі.
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2012