Кванттық механика



бет6/7
Дата08.06.2023
өлшемі256,39 Kb.
#99707
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-67231

Қорытынды


Кванттық механиканың осы жаңа ұғымдары көрнекілік қасиеттерге ие болмайды. Микрообъектілердің қасиеттерін түсіндіру үшін мүлде басқаша теория қажет болды және соған сәйкесті жаңа математикалық аппарат қолдану керек болды.


Кванттық физика атомдар, ядролар және элементар бөлшектер физикасын, яғни кванттық құбылыстарды зерттейді. Осы кванттық құбылыстардың қазіргі заманғы математикалық теориясы кванттық механика деп аталады. Кванттық механика, қарастырылатын бөлшектердің жылдамдықтарына байланысты екі түрге бөлінеді: релятивистік емес кванттық механика (бұл жағдайда бөлшектер жылдамдығы жарық жылдамдығы - дан өте кіші, ) және релятивтік кванттық механика ( ).
Кванттық механиканың көмегімен көптеген физикалық құбылыстарды түсіндіруге болады. Оны негізге ала отырып, атомдық спектрлердің, молекулалар құрылысының, элементтердің периодтық жүйесінің, металдың өткізгіштік, химиялық байланыс және т.б. теориялары жасалды. Осы сияқты өрістің кванттық теориясы да біз қарастыратын кванттық механикаға негізделген.
Енді де Бройль толқынының физикалық мағынасына тоқталайық. Бөлшектердің толқындық қасиеттері болғандықтан, кванттық механиканың алғашқы даму барысында, бөлшекті толқындық түйдек түрінде қарастыру көрінісі басым болды. Толқындық теория бойынша, түйдектің өлшемі бөлшектің өлшемімен бірдей болады. Егер бөлшек ретінде еркін электронды алса, онда есептеулер бойынша толқындық түйдек - тен кейін жайылып кетеді. Сонымен, еркін электронды толқындық түйдек түрінде қарастыру көрінісі дұрыс болмады, себебі электрон – тұрақты бөлшек. Де Бройль толқынына дұрыс мағына берген неміс физик – теоретигі Макс Борн болды. Оның айтуынша, егер бөлшек толқындық функциямен сипатталса, оның модулінің квадраты (яғни де Бройль толқынының қарқындылығы) кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде бөлшекті табу ықтималдығын көрсетеді.
Классикалық физика көріністері бойынша, электронды зарядталған шарик ретінде қарастыруға болады. Ол шарик белгілі бір уақыт мезетінде қатаң анықталған орын алсын, яғни оның анықталған координаты болсын. Осы мезетте шарик анықталған импульске ие болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет