«Кїрделенген сґйлемдер» деген атау бўрын тілімізде болєанымен де, осы ўєымды ќамтитын сґйлемдер јр тїрлі синтаксистік категори



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі106 Kb.
#12575
1   2
Биылғы күз, ауыл қыстауына қонған шақта, құлғара мен Нарғыз бір мәселеде қатты керкілдесе қалды (С:Мұқанов).

Оңашаланған айқындауыштардың енді бір тобы өзі қатысты пысықтауыш сөздердің мекендік орнын көрсетуге қарай бейімделеді. Мұның өзі сол қатыс пысықтауыштардың мекендік мәнде жұмсалуымен тығыз байланысты. Айқындауыш сөздердің оңашалана қолданылудағы мағынасы өзі айқындайтын мүшенің мәнімен үйлесіп жатады. Демек, айқындалатын сөздің мәні айқындаушы сөздерге негізгі өзек болады. Менің туған өлкем Солтүстік Қазақстанда, оның ішінде Алуа көлінің маңында, дәл «ақ түндей» аталатын бір ғажап сәуле барын бұл арада айтпай кетуге болмайды.

Оңашаланған айқындауыштар айқындалатын сөздің түсініктемесі ретінде жұмсалып отырады. Бұл ретте баяндалған белгілі бір обьект айқындаушы сөз болады да, сол обьектінің одан әрі екінші жағынан толықтырыла түсуі – айқындауышты сөздердің тобын құрады. Мұндай айқындауыштар белгілі бір сөйлем мүшесінің түсініктемесі ретінде қолданылатындықтан да, олар оқшаулана, оңашалана айтылады. Айқындауыш сөздердің бұлайша оңашалануын жалпы сөйлем мазмұныннан тысқары қарауға болмайды. Бұлар да баяндалған оқиға желісінің мазмұнын аша түсуде, сөйлем мазмұнын күрделендіруде өзіндік роль атқарады. Әсіресе айқындалатын сөздің мән-жайын түрлі жақтардан айқындау, осы арқылы оның мазмұнына қосымша түсінік бере кету жалпы сөйлемдегі ой қазығын одан сайын жетілдіріп, нәрлендіріп тұрады. Айқындауыштар басқа сөздермен әр уақытта да грамматикалық байланыста әрдайым да болады. Белгілі бір сөйлем мүшесінің түрлі жақтардан нақтылануы, дәлелдене түсуі көбінесе мағыналық байланыстың негізінде жүзеге асады.

Оңашаланған сөздердің саралануы әдеби тіліміздің жетілуі, баю жолдарымен тығыз байланысты. Тілдің икемділігі, көркемділік оралымдары неғұрлым мол болған сайын, оңашаланған мүшелердің қолдану барысына кеңінен жол ашылады. Оңашаланған мүшелерді өз орнымен дұрыс қолдана білу – стильдік заңдылықтарымызды да байыта түседі. Өйткені стильдік құбылыстың бір ұшы осы айқындауыштарға келіп тіреледі.

Тіліміздегі айқындауыштар құрылысына қарай жеке сөздер, сөз тіркестері кейде тіпті жеке сөйлемдер де болып келеді. Мұндайда әсіресе соңғы түріне баса назар аударып отырғанымыз жөн.

Қазақ тіліндегі тәйуелді конструкциялардың біріне қыстырма сөздерді де жатқызамыз, өйткені қыстырмалы сөйлемдерде тәуелді бөлшек негізгі сөйлемнің ыңғайына қарай айтылып, айтушы адамның түрліше көзқарасын, ықылыс-тілегін білдіріп тұрады. Осындай мәндік қызметіне орай қыстырма ретінде жұмсалған сөйлемдер негізгі түпкі ойға айқындауыштық қосалқы болады. Сөйлемдегі негізгі ойға айтушының өз пікірі «қосақталуы» сол сөйлемнің мазмұнын күрделендіріп, құрылысын аумақты қыла түседі. Осыдан барып, сөйлемнің ішінен тағы да бір сөйлем бөлініп жатқандай болады. Алайда соңғы «сөйлем» негізгі сөйлмнің модальдық қатысын білдіруші ғана. Тіліміздегі «оқшау сөздер» деп аталатын категорияда олардың басқа сөздермен байланысы болмайды деп күні бүгінге дейін айтып келсек, бұл тұжырымның бір дақты екендігі қазіргі уақытта тіл білімінде дәлелденіп отыр.

Қыстырма сөйлемдер де, басқа тәуелді сөйлемдер тәріздес, құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеімен жақындасып келеді. Қыстырма сөйлемдерді құрылысы жағынан сабақтас құрмаласқа ұқсас болып келетіндері әсіресе шартты рай тұлғалы түрлерінің бойынан анығырақ сезіледі. Мұндайда шартты рай тұлғалы сөз қыстырма сөйлемді аяқтап, негізгі сөйлеммен жалғастырып тұрады. – Мейлің, әзір қысқа өлеңдеріңнен айтсаң, қысқа өлеңдеріңнен айт, соңыра қиссаларыңның бірін айтарсың деді, - Бименде (С.Сейфуллин).

Бұл сөйлемнің құрылысында екі қыстырма қатарынан қолданып тұр: - (мейлің) қыстырма сөз де, екіншісі қыстырма сөйлем. Осы екуінің бірігуі арқылы сөйлем бейтараптылық мәнге ие болған. Мұндай мән осы сөйлемде әрбір қыстырманы жеке айтсақ та жойылмайды.

Тіліміздегі қыстырма сөйлемдер әр түрлі модальдық қатынаста жұмсалады. Бұған негіз болатын себетің бірі сөйлем ішінде қыстырма сөздер не болмаса модаль сөздердің біреуі қатынасып отыратындығымен дәлелденіледі. Осыған орай қыстырма сөйлемдер көптеген мағыналық белгіні білдіре алады. Оларды бір жерге жинақтап, дәл саралап беру де мүмкін емес. Қыстырма сөйлемдерді білдіретін модальдық қатынастарына қарай төмендегіше жіктеуге болады.

1. Қыстырма сөйлемдер алдыңғы сөйлемде айтылған оймен бір ізділік байланысты білдіреді. «Бір ізділік» дегеніміз – алдыңғы сөйлемде айтылған ой екінші сөйлемдегі қыстырмада қайталанады. Демек, осындай түрдегі қыстырма сөйлеміміз алдыңғы сөйлемдегі ой желісінің жалғасы ретінде жұмсалады. Осығар орай бұрынғы сөйлемдер белгілі бір сөйлем мүшесі екіншісінде қыстырма сөз не қыстырма сөйлем болып қолданылады. Мұндай қыстырма сөйлемдер көбінесе шартты рай тұлғалы болып келеді.

- Ән салайын ба, Гүлия? – дейді. Гүлия бауды ызып отырған бойымен :

- Қазір ән салып әуре болып не қыласың... Салғыш болсаң, кешке, еркектер жиналып отырған сал. Қазір әнді тыңдайтын кісі жоқ қой... деді (С.Сейфуллин).

2. Енді бір қыстырма сөйлемдер айтушы адамның не басқа біреудің өзіндік ой-пікірін, бір нәрсе жайындағы көзқарасын аңғартып тұрады. Мұндай мәде жұмсалатын қыстырма сөйлемдердің жасалу жолдары түрліше болады.


  1. Қыстырма сөйлемдер шартты рай тұлғалы сөзбен тиянақсыз түде яқталады. Мұндайда олардың құрамындағы бір сөз көбінесе екі рет қайталанып отырады. Оның алғашқысы – қыстырма болса, кейінгісі – сөйлемнің баяндауышы болады. – Ей, батыр-ау, алсам, мен қызды еркімен алдым (С.Сейфуллин).

  2. Қыстырма сөйлемдердің құрылысы айтуынша, айтқанда, айтайын сөздерімен аяқталады да, айтушының бір нәрсеге көзі жетіңкіреп тұрғандығын, өз сеніммен байқатады. Бір-бірімізге сескенгеннен кейін Қамзаның маған айтуынша, Троицкий қаласынан Баймағанбет большевиктерге тілектес болып қайтқан.

  3. Қыстырма сөйлемдегі негізгі тірек сөз байқауынша сөзі болады да, субьектінің өз ойының жорамалы білініп тұрады. Шоқанның да бала жастан байқауынша, Бутковский орыс армиясының жан-жүрегімен берілген сөзі.

3. Енді бір қыстырма сөйлемдер негізгі сөйлемде баяндалған оқиғажелісінің болу себебін, амал-тәсілін білдіру ыңғайында жұмсалады. Осындай мәнді қыстырма сөйлемдердің құрылысы төмендегіше болады.

  1. Қыстырма сөйлемдердегі ұйымдастыру байланысты сөзі негізгі ұйытқы болады. Мұндайда ол қимыл есімді сөздерді меңгере жұмсалады.

  2. Қыстырма сөйлемдерді құрауда қарағанда қыстырма сөзі де елеулі қызмет атқарады.

Сонымен қыстырма сөйлем негізгі сөйлеммен мағыналық бірлікт айтылып, кейінгінің мазмұн желісін әр түрлі модальдық реңкте толықтырылып отырады. Мұның өзі қыстырманың негізгі сөйлемнен «оқшауланбай», қайта оның мазмұнын аша түсуге байланысты айтылатындығын дәлелдейді.

Қыстырынды сөйлемдер деп отырғанымыз – қыстырма сөйлемдердің ерекше бір түрі. Осындай сөйлемдер соңғы кездерге дейін өз алдына жеке жіктелмей, қыстырмалардың аясында қарастырылған болатын. Тек 1967 жылы жарық көрген академиялық «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде сөз еткелі отырған конструкция «ескертпе сөйлемдер» деп аталып, өз мағынасына лайық жеке сөз болған еді. Сөйлемнің осы түрі шынында да өз алдына жеке қарастыруды қажет етеді. Өйткені ьұл сөйлемдердің әдеттегі қыстырмалардан елеулі айырмашылығы бар. Ол айырмашылық мынада: қыстырма сөйлемдер негізгі баяндалған оқиға желісіне байланысты айтушы адамның түрліне көзқарасын, өзіндік пікір, тұжырымын білідіріп тұрса, ал қыстырынды сөйлемдер сол тұтас сөйлемге не болмаса сондағы кейбір жеке сөздерге қосымша түсінік, ескерту жасай кету ыңғайында жұмсалады. Қыстырынды сөйлем – негізгі сөйлемдегі ойдың жанама түсініктемесі. Мысалы: Оның айтылған мәліметтеріне қарағанда, біздер біраз күнде көмекші жәрдем алатын сияқтымыз. Мұндағы сөйлемдер негізгі сөйлемдермен синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалмағанмен де, мағыналық байланыстың өзара бірлік қарамағына түскен.

Айқындауышты сөйлемдер анықтауыштың бір түрі болса,қыстырынды сөйлмдердің қыстырмамен ара-қтынасы да осы тәріздес. Бұл жай осы екі сөйлемнің аталу барысындағы жақындықтың болу қажеттілігін аңғартқандай. Сөйтіп, қыстырма сөйлемдер де тіліміздің грамматикалық құрылысынан орын алып, күрделенген сөйлемнің бір түрі ретінде танылады. Осындай сөйлемдер бұрын өз алдына жеке арнайы зерттелмегендіктен де, олардың грамматикалық жаратылысы мен құрылымдық сипаттары саралана ашылмаған-ды

Қазақ тіліндегі қыстырынды сөйлемдер құрылысы жағынан алуан түрлі болып келеді. Ең алдымен олар сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай екі түрлі топқа ажыратылады. Бір қыстырынды сөйлемдер сөйлем ішінде бөлектене айтылады да, өз алдына жақшаға алынады. Сондықтан да осындай құрылыста келген қыстырынды сөйлемдерді бірден-ақ ажыратуға болады. Бұлар қолданылу орны жағынан көбінесе сөйлмнің ортасында, сонымен қатар соңында да келіп отырады: Алғашқы қар түседі (аңқиған үйде бала-шаға жаурай бастаған), қойшы басшыларға ентігіп тағы келеді, «осылай...» деп егіледі, түңіледі (Д.Досжанов).

Ал енді қыстырынды сөйлемдердің негізгі сөйлеммен ара-қатынасы, жоғарыдағыдай, алшақ, дараланған түрде келмей, ұласқан, жалғаса тұтаса айтылған ыңғайда болады. Осыған орай олар негізгі сөйлемнен үтір арқылы ажыратылады. Алайда мұндағы оқшаулану алғашқыдай алшақ түрде болмай, жымдасқан, өзара қабыса айтылу ыңғайында келеді: Қазір ол «революция» былай тұрсын, «социолизм» дегеннен қасқырдан үріккен жылқыдай қашады.

Қыстырынды сөйлемдер жалпы екі үлкен топқа жіктеледі.

I. Алдын ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдер. Бұл түрге қыстырынды сөйлемдердің негізгі оймен үласа, тығыз қабыса айтылған түрі жатады. Қыстырынды конструкция негізгі сөйлемнен бұрын айтылады. Демек, ескертпелі мән хабарланатын ойдан бұрын алдын-ала жұмсалып, негізгі сөйлемнің мазмұнын аша кету ыңғайында келеді. Мұндайда қыстырынды сөйлемдердегі ескертпелік мәннің өзі әр түрлі реңкте жұмсалады, осыған орай олардың құрылысы да алуан түрлі болып келеді. Осы жайларды өзара саралай келгенде, алдын ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдердің мәндік ерекшеліктері төмендегідей болады.

1. Бір қыстырынды сөйлемдер негізгі айтылатын ойдағы мазмұнды қанағаттандырып, жеткілікті етіп тұрады. Ондайдағы ескертпелік «өзгені айтпағанның өзінде» тәріздес мәнде келеді де, осыған лайық қыстырынды сөйлемнің аяқталуы былай қойғанда жолымен беріледі. Мысалы: Оларды былай қойғанда, Европа континентінің батысына талақтай жабысқан жерінің тілген таспадай ғана көлемі бар Португалия ше?... (С.Мұқанов).

2. Енді бір қыстырынды конструкциялар негізгі сөйлемдегі оқиға желісіне жаңа бір ой бастауға мүмкіндік туғызады. Осы ретке орай олар бұрынғы абарланған ойдың аяқталуына енді ескерту жасай отырып, бара тұрсын, бара берсін құрылысында жұмсалады. Олар солай бара берсін, біз оқырман көпшілікке Сатыбалды шоқындының кім екенін баяндай тұрайық. (С.Мұқанов).

3. Қыстырынды сөйлемдердегі ескертпелік мән негізгі сөйлемдегі оқға желісіне қашы мәндес түрде айтылады. Мұндай сөйлемдер кейбір сыртқы құрылыстары жағынан сабақтас құрмаластың заңдылықтарымен де астарласып жатады. Сондықтан оларды өзара ажыратып отыруымыз қажет. Негізгі сөйлемдегі оқиға желісіне қарама-қайшы ескерту жасау ретінде айтылған қыстырынды конструкциялардың құрылысы әр түрлі болып келеді.



  1. Қыстырынды сөйлем қарамастан көмекші сөзбен аяқталады. Ол барыс септігіндегі есім не болмаса қимыл есімді сөздерді меңгере жұмсалады. Ол мінезінің салмақтығына қарамай, ағып тұрған ертегіші (С.Мұқанов).

  2. Қыстырынды сөйлемдердегі негізгі тірек сөз көмекші етістік мәніндегі болмаса сөзімен аяқталып, ол есімше, сондай-ақ есім сөздермен тіркесе қолданылады. Мұндай негізгі сөйлемде хабарланған оқиға, әрекеттің мазмұн желесі теріске шығарылып тұрады.

  3. Шылау мәніндегі түгіл сөзі мақсатты келер шақ формасындағы сөзбен не болмаса есіммен тіркесе жұмсалады.

  4. Сөйлем құрамындағы былай тұрсын сөздері қолдаылғанда да синтаксистік бөлшектердің аралығында қарама-қайшылық мән туады.

II. Соңын ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдер. Сөйлемнің бұл түріне, қыстырынды конструкциялардың негізгі сөйлемнен алшақ келген жолы жатады. Сөйлемнің атынан байқалғандай, мұнда ең алдымен негізгі сөйлемнің өзі хабарланады да, содан кейін сондағы бір түйінге байланысты ескерту жасау ретінде қосымша түсінік беріле кетеді. Мұндай қосымша мәлімет өз алдына жеке сөйлем болып келеді де, негізгі сөйлемнің соңын ала орналасады, оқшаулық қасиетіне сай жақшаға алынып дараланады. Қыстырынды сөйлемнің осы түрі сонымен қатар сөйлем ортасында да қолданылады.

1. Бір қыстырынды сөйлемдер жаңада хабарлаған негізгі оқиға барысына қосымша ретінде жол-жөнекей ескерту жасай кетеді. Мұндай ескерту сөйлем мазмұнының кейбір детальдарын айқыедау, бір жайға байланысты анықтама бере кету қасиетіне негізделеді. Ұлық алдына барған сайын өз әрқашан ойындағы сөзін айта алмай (ал тілмаш арқылы сөйлескенде де бір түрлі айызы қанбай, шала құмар боп), булығып жататын (Ә.Нұрпейісов).

2. Қыстырынды сөйлемдердің енді бір түрі негізгі сөйлемде хабарланған оқиға, әрекеттің мазмұнын қосымша ертінде түсініктеме бере кетеді. Мұндай түсініктеме сөйлемнің мазмұнына не болмаса ондағы жеке сөздерге байланысты келеді. Губернияға Хакім телеграмм беріп, Айжанды орнынан босатуға санкция алған ба қалай (мұны маған ашып айтпады), әйтеуір қазір Ақбасов тергеуші емес (Х.Есенжанов),

3. Енді бір қыстырынды контрукциялар негізгі сөйлемде баяндалған оқиға желісіне қосымша мәлімен үстемелеп тұрады.

Сөйтіп, қазақ тіліндегі қыстырынды сөйлемдер өздерінің құрылысы мен мәндік ерекшеліктеріне қарай жалпы екі үлкен топқа ажыратылады: алдын ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдер және соңын ала ескертпелі қыстырынды сөйлемдер. Қайсысы болса да негізгі сөйлемде баяндалатын оқиға желісіне қосымша түсінік не болмаса айқындық кіргізу мақсатында ескерту жасап отырады. Мұндай ескертпе негізгі сөйлеммен елгілі бір грамматикалық байланыста болмаса да, мағыналық жағынан өзара тығыз үйлесе жұмсалады. Демек, қыстырынды сөйленің негізгі ой желісімен ара қатынасы әр түрлі мағыналық реңкте өрбіп отырады. Мұның өзі синтаксистік конструкцияның да белгілі бір байланыс түріне негізделетінін айқындай түссе керек.

Сөйлем хабарланған бірыңғай қимылдардың бір грамматикалық бастауыштың төңірегіне жинақталуы сабақтас құрмалас болып ұғынылмай, күрделенген сөйлемнің бірыңғай мүшелі түрін аңғартады. Осы тектес сөйлемдердің табиғатын тани білуде әрбір компоненттегі бастауыш-баяндауыштық негіз шешуші критерийге алынбай, көбінесе баяндауыш сөздеренің қолданысы есепке алынады. Талдап отырған сөйлеміміздегі хабарланған оқиға желісі бір ғана субьектінің төңірегіне жинақталып, оның алуан түрлі қимылдық сипаты өзара саралай көрсетлгендіктен бірыңғай мүшелі күрделенген сөйлемдердің қатарынан танитын боламыз.

Сөйлемнің қай мүшелері болса да бірыңғай түрде жұмсала береді. Алайда осылардың ішінен құрмалас сөйлем категориясымен кейде жақындасып, астарласып кетуінде әсіресе бірыңғай баяндауышты түрі икем келіп тұрады.Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі бірыңғай баяндауыштар тиянақсыз формада жұмсалғанда, олар сабақтас құрмаластың құрылысымен жақындасып келеді. Тиянақсыз тұлғадағы бірыңғай баяндауышты сөәлемдер синтаксистік оралымдар арқылы жасалады. Бірыңғай мүшелі синтаксистік оралымдармен берілгенде, олардың баяндауыштары көсемше, есімше, шартты рай тұлғалары арқылы жасалып отырады.

Көсемше оралым бір субьектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым. Көмекші әрекетті білдіретін көсемше әр түрлі мәндегі сөздерді өзіне бағындыра отырып, сөйлем ішіндегі бір синтагмаға ие болатын оралымды қалыптастырады.

Оралым құрамындағы көсемше екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, есімд, етістікті сөздерді өзіне бағындырып, ұйымдастырушы тірек сөз орнында тұрса, екіншіден, тиянақсыз фолрмасы арқылы оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып тұрады. Сөйлемде оралым құрамындағы сөздер көсемше – ұйытқы сөздіңсемантикасы басым көрінетін лексика – грамматикалық тұтастық сияқты қызмет атқарып, негізгі бөліммен пысықтауыштық қатынаста тұрады. Оралымның әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы көсемше формасында берілген етістік семантикасымен байланысты.

Көсемше оралым – айтылған ойды образды түрде кеңейтіп, дәл беру үшін, қосалқы әрекеттерден негізгі процесті бөліп, айқындай түсу үшін қолданылатын құрылым.

Қазақ тілінде көсемше оралымды сөйлемді жасауда оның басқа фомаларына қарағанда –п тұлғалы түрі айрықша қызмет атқарады да өте жиі кездеседі. Көсемше оралымды сөйлемдер әр түрлі мағынада жұмсалады. –п формантты көсемше көбінесе амал ретінде жұмсалып, амандық пысықтауыш қызметінде болады. Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолаға аттанбақ.

Амал мәнді көсемшелі оралым деп көмекші етістіктің қатысуымен жасалады. Қай жерімнен мін табады деп, Жанбота дала жұмысын тасқаяқтай қағыстырып келеді (Мұстафин).

Оралымдар негізгі сөйлемдердің аралығындағы мағыналық байланыстарға қарағанда, алдыңғы бөлшек тұтасымен тұрып соңғы бөлекте хабарланған ой желісінің қалайша, қайтіп орындалуының амалдық сипатын білдіре жұмсалады.

-а, -е тұлғалы көсемше оралымдар. Оралымды жинақтаушы осындай тұлғалы көсемшелі сөздер де сөйлем ішіндегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай әр түрлі мағыналық белгілерде жұмсала береді. Бұл ретте олар көбінесе өзі тұлғалас көсемше сөздермен тіркесе жұмсалады.

-й тұлғалы көсемше болымсыз –ма жұрнағы арқылы жұмсалып, оралымды сөйлемдерді де жазуға қатысады.

-ғалы тұлғалы көсемше оралым. Осындай тұлғалы көсемше оралымды қайыра отырып, сөйлемдегі ойдың мезгілін білдіре жұмсалады.


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты.

Курстық жұмыс.

Тақырыбы: Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

Орындаған: Алшынбай Бекзат.

Тексерген: Елшібаева Әлия.


Алматы 2006ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет