Күзгі бақта кино әлемі Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік мәдениетін көтеру, шығармашылық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін тәрбиелеу, еңбек етуге үйрету, кәсіптік бағдар беру, экологиялық тәрбие беру. Көрнекілігі
Күзгі бақта кино әлемі Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік мәдениетін көтеру, шығармашылық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін тәрбиелеу, еңбек етуге үйрету, кәсіптік бағдар беру,
экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: «Күзгі бақта кино әлемі» атты плакат, жапырақ, , қатысушылардың қолөнерлері,
табиғат өнімдерінен жасалған макеттер.
Іс – шараның барысы 1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ханымдар мен мырзалар.
2- жүргізуші: Қайырлы күн, ұлағатты ұстаздар, ата –аналар, жалынды да,
жігерлі жас достарым мен қонақтар.
Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ақ жапырақ – сары
алтын
Айналаның бәрі алтын
.
Берекелі де, мерекелі
алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын.
1-жүргізуші:
Қош келдіңіз
көрермен,
«Күзгі бақта кино әлемі»
сын-кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Күзгі бақта кино әлемі»
тойлаймыз.
2- жүргізуші:
Алтын күз біз бен
сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі
күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен
ортақтассын.
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық.
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық.
2- жүргізуші:
Ал енді бүгінгі «Күзгі бақта кино әлемі» кешінің сұлу, сүйкімді
жас оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.
1-Жүргізуші:
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас
иеді күллі әлем
Жүйрік озар
сайыстарда неше бір
Сарапқа сал,
әділдікпен шеше біл деп, бүгінгі әділ – қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
________Мектеп директорының м.а. Ниязова Дамира Кауашевна
________Оқу ісінің меңгерушісі Манаспаева Айгуль Кабдуллаевна
________Бастауыш сынып мұғалімі Дауенова Сабира Махметовна
__________________________________________________________________
2- жүргізуші: Бүгінгі «Күзгі бақта кино әлемі»! мерекесінің бағдарламасымен таныс
болыңыздар.
Бағдарламада:
1.Таныстыру
2.Өнер. әр бір топ өнерлерін паш етеді
3.Актерлық шеберлік сайысы /қазақ фильмдерінен үзінді /5 мин/
4.Үй тапсырмасы (композиция) күз сыйы
5. Сұрақ жауап
1-Жүргізуші:
Таныстыру
Ендеше, құрметті
көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,
«Күзгі бақта кино әлемі» атты
сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп
қарсы алыңыздар, біздің сұлу да сүйкімді топтар өздерін таныстырсын.
(қатысушыларға сөз беріледі)
Ортаға 5-7 – сынып,
Ортаға 6– сынып,
Ортаға 8 – сынып
Ортаға 9-сынып
2- жүргізуші:
Өнерлі өрге жүзер /ән немесе би/
Ал кімнің
өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал
біреуі ән салыпты.
Бүгінгі
сайыста бәйге алуға
Үміткерлер
аянбай жан салыпты, енді әр топтың өз
өнерлерін тамашалайық.
Ортаға 5-7 – сынып,
Ортаға 6– сынып,
Ортаға 8 – сынып
Ортаға 9-сынып
1-жүргізуші
Бұл жандардың қылығына сай ісі,
Сәулеленіп тұрады әрбір жай ісі.
Өнерлілерді шақырамыз ортаға,
Ендігісі актерлік шеберлік кезеңіне
2- жүргізуші:
Үй тапсырмасы /композиция/
Ақ қағаз, түрлі –
түсті бояу алып
Қызыл- жасыл қағазын
тағы алып
Күз мейрамын ақ
қағазға саламыз
Сыныптар фантазиясын
аямапты дей отырып келесі кезек композицияға беріледі. Әділ – қазылар алқасы
үстелдегі оқушылардың туындыларын көріп, бағалап өтсеңіздер.
2-жүргізуші:
Мың бұрала билеген
Бишілерді кім сүймеген
Аққудай қалықтар
Әсем биін билеген
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер
Осымен Күзгі бал кешіміз аяқталды- дей келе осымен «Күзгі бақта кино әлемі» атты кеш өз мәресіне жетті.
Ендігі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
2- жүргізуші: Қымбатты көрермендер! Жеңіпаздарымызға биік шындарды бағындырып, қонар
тұғырлары биіктей берсін дей отырып кешімізді осымен аяқтаймыз.
1- жүргізуші: Тамашалағандарыңызға рахмет, сау-саламат болыңыздар.