Смерт Сталина положила конец репрессиям



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі56,66 Kb.
#136602
  1   2   3
Байланысты:
Сагади Еркежан



Сталин билеген жылдар жаппай қудаланумен сипатталады. Қазақ зиялылары, Сталинның 
саясатына қарсы болған азаматтарының бәрі, тіпті қарапайым халықта қудалануға 
ұшырады. 1953 жылы Сталин қайтыс болды. Сталин өлгеннен кейін елде демократикалық 
қайта құрупроцесі қарқынды жүргізе бастады. 
Сталин өлгеннен кейін СССР 
министрлер кеңесі төрағасы Георгий Маленков орталық комитеттің пленумын 
өткізіп, "жеке басқа табынудың" зиянды әсері туралы мәселені талқылауды 
ұсынған. Бірақ Маленковтың бастамасын сол сәт ешкім қолдамаған.
Бірақ 8 тамызда СССР жоғарғы кеңесінің үшінші шақырылымының 5-
сессиясында сөйлеген сөзінде Маленков совет қоғамын толық 
либералдандырып, халықтың тұрмысын жақсарту мәселесін көтерді.
Бірақ бұл кезге қарай заманның беті бері қарап, либералдандырудың алғашқы 
қадамдары жасалып қойған болатын.
Ресми деректерге сәйкес, 1953 жылғы наурыздың басындағы есеп бойынша
еңбекпен түзету лагерьлері мен қоныс колонияларда 1 472 247 адам, түрмелерде
152 614 адам қамауда отырған. 27 наурызда рақымшылық жариялау туралы 
жарлық қабылданып, бір миллионнан көп адам бостандыққа шықты. 
Рақымшылық тұтқындардың белгілі бір санатына ғана қолданылды, оған РСФСР 
қылмыстық кодексінің 58-бабы (контрреволюциялық әрекет) бойынша істі 
болғандар және кісі өлтіргені, бандитизм үшін сотталғандар ілінген жоқ.
Ал 1953 жылғы наурыздың аяғы – сәуірдің басында бұрынғы мемлекеттік 
қауіпсіздік комитеті бұрмалап құрастырған кей істер - "Михоэлстің ісі", 
"Ленинградтық", "Мингрельский", "авиациялық" істер, "дәрігерлер ісі" ішкі істер 
министрлігінде қайта қарала бастады. Әлгі істер бойынша сотталғандарды ақтап
партия қатарына қайта алды, атақтары мен наградаларын қайтарды. Ал әлгі 
істерді ойдан құрастырғандарды, керісінше, тұтқындап, қылмыстық жауапқа 
тартты.
Сәуірдің 4-і күні СССР ішкі істері министрі (Лаврентий Берия) 
"тұтқындалғандарды аяусыз ұрып-соғу", "ұзақ ұйықтатпай қинау" сияқты "қатал 
тергеу тәсілдеріне" тыйым салатын бұйрық шығарды.
20 мамырда КПСС орталық комитеті халықтың еркін жүріп-тұруын шектеп келген 
паспорттық шектеу мен режимді жерлерді жою туралы қаулы қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет