Мария Майлы това,
Баспа ісі және дизайн
кафедрасыны а а о ытушысы
ЖАҢА ӘЛІПБИ
ЖӘНЕ «ЖАРШЫ»
ЖУРНАЛЫ
Автор статьи анализирует проблемы изучения
алфавита по материалам журнала «Жаршы».
The author of article analyzes problems of studying
of the alphabet on magazine «Zhаrhi» materials.
А
раб жазуы ислам дінімен бірге
еніп, он ғасырдан астам уақыт
бойы ең соңы 1930 жылға дейін
елімізде қолданыс тапты. Ресей
патшалығы қазақ жерін отарлап алған соң, қазақ
елінің рухани мұрасына қол сұға бастады. Қазақ
елін орыстандыру мақсатында, түркі халықтарын
рухани біріктіріп отырған араб жазуының орны-
на орыс жазуының əріп таңбасын ендіру мəселесі
алға қойылды. 1929 жылы 24-қаңтарда Қазақстан
Орталық Кеңес Комитеті ІV-cессиясында “Ла-
тын əрпі негізінде құрылған жаңа қазақ əліпбиі
Қазақстанда мемлекет əліпбиі деп саналсын” де-
ген қаулы қабылдады. Осы қаулыдан кейін 1931
жылдың 1-қазанынан əрі қарай барлық меке-
мелер, кооперативтер, түрлі кəсіпорындар мен
ұйымдар істерін жаңа əліпбиге көшіруге тиіс деп
табылды. Жаңа əліпбиге көшуге əзірлік жүргізілді.
1930 жылдың қаңтарынан бастап газет, жур-
нал, кітаптар тек жаңа əліпбимен басылуы тиіс
болды. Қазақстан оқу комиссариатына 1931-32
жылғы оқу жылдары барлық мектептер тек жаңа
əліпбимен оқытылатын болсын деп нұсқау берді.
Сессия Халық комиссарлар кеңесіне, оқу комис-
сариатына, орталық шаруашылық кеңесіне, баспа
орындарына тапсырма берді.
151
Жаңа əліпбиді мерзімді басылымдар арқылы
жұртшылыққа насихаттау, таныстыру бағытында
Орталық Жаңа Əліпби комитеті 1929 жылы
қаңтар айында “Жаршы” журналын шығарды.
Белгілі баспасөз зерттеушісі, профессор Темірбек
Қожакеев өзінің “Жыл құстары” атты еңбегінде
1929 жылы халыққа жаңа əліппені насихаттап,
араб əліппесінің қиындығына көз жеткізу үшін
“Жаршы” журналы шығарылды” [1, 17 б.], – деп
жазады.
“Жаршы” журналының алғашқы санының
редакторлары І. Қабылұлы, Ш. Тоқжігітұлы,
Ə. Байділдаұлы сынды қаламгерлер болды.
Басылымның алғашқы бетінде жаңа əліпби ту-
ралы Үкімет қаулысы ұсынылған. Келесі бетінде
қаламгер-журналист Шəймерден Тоқжігітұлының
“Қазақстанда жаңа əліпби төңкерісі” тақырыпты
бас мақаласы ұсынылған. Мақала “Күншығыс
елдерінің латын əліппесіне көшуі төңкерісшілдік
мəні бар жұмыстың бірі дегенді Ленин айтқан
деп қазіргі латын жұмысына бас-көз болып
жүрген Самат ағай Ағамалыұлы қарт екі сөзінің
бірінде айтып қоймайды” деп басталады. Бұдан
əрі қарай автор Қазақстанда əліпби төңкерісінің
басқа республикаларға қарағанда кешеуілдеп
қалғандығын
айтады.
Оның
себептерін
төмендегідей түсіндіреді: “Қазақстан басқа
жерлерге қарағанда елінің жерінің айрықша
өзгешеліктері, Қазақстан жаңа жұртшылығының
бұдан да гөрі ірірек жұмыстан қолы тимегендігі,
қазақ арасында ескі оқығандардың не дəуір кері
тартпаға салып бөгегендігі сияқты себептер бол-
ды” [2, 2 б.].
Автор латын əрпіне көшу мəселесі 1926-
1927 жылдан бастап қызу қолға алынғандығын
айтады. Оның мəлімдеуінше, 1929 жылға дейін
латыншылдардың жетпіске жуық қоғамдары
мен ұйымдары құрылып, олардың мүшелерінің
саны 4026 адамға жеткен. Осы ұйым мүшелері
арқылы қалың көпшілік арасына жаңа əліпбиді
насихаттау шаралары жүзеге асты. Сонымен
қатар 1927 жылдан бастап Орталық Коми-
тет пен Оқу комиссариатының қолға алуымен
оқытушылардың даярлық мектептерінен 1163
адам, оқу инспекторларын дайындайтын курстан
128 адам, кеңес қызметкерлерін дайындайтын
курстан 362 адам, наборщиктер, əріп тізушілер,
баспахана қызметкерлерін дайындайтын курстан
45 адам, жалпы мектептерден 574 адам, өнер-
білім мектептерінен 2646 адам жаңа əліппен
сауат ашып шыққан. Мақалада 1927-1929 жыл-
дарда жалпы тиражы 81500 данамен он шақты
оқулықтармен əліппелер жарық көргенін айта
келіп, мынадай деректер келтіреді: “Балалар үшін
4 кітап 20 баспа табақпен 55 мың дана болып
шықты. Жаңа əліппенің Жалпы Одақтық Орталық
Комитетінен алғанымыз 50164 сом еді. Бұл орны-
мен жұмсалып отыр. Енді алдымыздағы жылға
сұрап отырғанымыз 321 мың сом ақша” [3, 3 б.].
Публицистикалық
туындыда
жазылып
отырған жайдың ауқымдылығын көрсетіп отыру,
нақты деректермен негіздеп отырудың маңызды
зор. Сондықтан да кез-келген мақалада міндетті
түрде деректер келтіру арқылы қаламгер ойын
дəлелдеп, дəйектеп отырады. Құр жалаң цифр-
ды тізбелей беру ешнəрсе бермейді. Ол басқа
мəліметтермен салыстыра баяндалу арқылы мəн-
маңызға ие болды. Журналистикада цифрлы мате-
риал əдетте əлдебір оқиғаны немесе құбылысты
нақтылау үшін пайдаланылады. Бұл ойымыз
баспасөз зерттеушісі Н.Г. Левинтовтың “Цифрлы
материал дəлелдеу құралы ғана емес, сонымен
қатар құбылыстың сандық жағын зерттеу арқылы
жəне сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге
ауысуы ықпалымен шындықты танудың қуатты
құралы” деген тұжырымына дөп келеді [4, 3 б.].
Мақала
қорытындысында
Тоқжігітұлы
Қазақстан Орталық Атқару комитетінің желтоқсан
айында болған ІV-сессиясында “Жаңа əліпби –
мемлекет əліпбиі” деген заң шыққанын ескерте
отырып, көпшілікті жаңа əліпті іске асыруда ат
салысуға шақырады. Сөз соңында ”Жамау-жасқау
арап таңбаларының күні бітті. Арабшылдардың да
қарқыны баяулайын деді. Сөз жоқ олар əлі де бол-
са да біткен жоқ. Сондықтан олармен де күресе
отырып, ендігі жұмыста іске тірек керек” [5, 4 б.]
– деп ойын тұжырымдайды.
Бір əріптен екінші əріпке көшкенде халық
жаппай сауатсыздыққа енеді. Мұғалімдердің
өздері жаңа əліппен қайта сауат ашады. Бұрын
хат таныған адамдар да сауатсыздар қатарына
кіріп, қайтадан сауат ашуға мəжбүр болады. Бір
қаріпті тастап екінші қаріпке көшу мəдени-рухани
тұрғыдан да, саяси-экономикалық тұрғыдан
да пайдасыз шара. 30-жылдардағы халықтың
əлеуметтік жағдайын ескерсек, тиімсіз əрекет
екенін ұғу қиын емес. Сол тұстағы баспасөз
беттерінен “арабшылдарды”, яғни алаштың зия-
лы азаматтарын “ескішілдер, керітартпаға салу-
шылар, молдалардың шашбауын көтерушілер”
деп айыптау жиі кездеседі. Кеңес үкіметінің түркі
халықтарының арасындағы рухани тұтастықты
жою, халықты қалыптасқан жазба мұрасынан ай-
ыру арқылы өткенін санасынан өшіру мақсатымен
“мəдени төңкеріс” ұйымдастырып отырғанын
“арабшылдар” жақсы түсінді. Олар үзілді-кесілді
қарсы болды. Осы көзқарастары үшін оларды қазақ
зиялыларының екінші бір тобы яғни “латыншыл-
152
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
дар” “жерден алып жерге салулары” орынсыз дер
едік. Латыншылдардың көпшілігінің мақалалары
ұраншылдық сарында, науқаншылдық бағытта
жазылған.
“Жаршы” журналын Орталық Жаңа Əліпби
комитетінің латын таңбаларын насихаттау,
жаңа əліппені елді сауаттандыру мақсатында
шығарғандығы жоғарыда айтылды. Жаңа əліпби
төңкерісі Қазақстанда ғана емес кеңес одағының
құрамындағы шығыс-түрік елдерінде түгелдей
жүзеге асырылды. “Жаршы” журналында Кеңес
одағының құрамындағы ұлт республикаларындағы
жаңа əліпби төңкерісі жайлы мағлұмат беру
мақсатында “Жаңа əліпби қозғалысы” атты мақала
жарық көріпті. Автор мақала соңына “Əкім” деп
қол қойған. Мақалада шығыс-түрік елдеріндегі
жаңа əліпби қозғалысына төмендегідей баға
береді.
“Шығыс-түрік жаңа əліп таласы 1926 жылдың
басында-ақ біткен. Бакуде 1926 жылы мартта болған
Одақтағы жалпы түрік сиезі жаңа əліпбиді жүзеге
асыруға тура жол ашқан еді” [4, 4 б.]. Автордың
пікірі орынды. Жаңа əліпбиді жүзеге асыруда
алдыңғы шепте Əзербайжан елі болды. Жаңа əліп
кіндік комитетінің төрағасы Самат Ағамалыұлы
Лениннің қабылдауында болғандығын, Ле-
нин бұл мəселені “Күншығыс елдерінің ла-
тын əліппесіне көшуі төңкерісшілдік мəні бар
жұмыстың бірі” деп бағалағандығын айтып, жаңа
əліпті қызу нəсихаттады. Самат Ағамалыұлы
Əзербайжанда ғана емес, ұлт республикаларының
бəрінде латын қаріптерінің қолдау табуына бел
шешіп, білек сыбанып кіріскен. Латыншыл Тел-
жан Шонанұлы ол туралы былай деп жазады:
“1922 жыл Əзірбайжанда жаңа əліп кіруге С.
Ағамалыұлы бастық болды. Түрік білімпаздары
сиезін шақыруда да Ағамалыұлы басшылық
етті. Одақтық жаңа əліпби комитетін құруда С.
Ағамалыұлы басшылық етіп, өлгенше комитеттің
төрағасы болып келді. Араб əліппесін жойып,
жаңа əліппенің өрісі кеңуде С. Ағамалыұлының
қызметі зор болды. Арабшылдардың салт-сана
қорғанын бұзуға Самат аға белсене кірісті” [58].
Ұлт республикаларынан тысқары Ресей
құрамасындағы түрік елдерінде жаңа əліпби
оңайлықпен жүзеге аса қоймады. Оқыған көзі
ашық азаматтар тарапынан қарсылықтар болды.
Қарапайым халық арасынан да қолдау таппады.
“Жаңа əліпби қозғалысы” [5, 5 б.] деген мақалада
автор іс барысын былайша суреттейді: “Ұлт ре-
спубликаларынан тысқары Ресей құрамасындағы
түрік елдері жаңа əліпби ісінде артта қалған еді.
Еңбекшілер ынтасына көп уақыттан бері жол аша
алмауда еді. Қазірде ол кетіпті. Үстіміздегі жыл
июнь айынан бастап іс жандануға бет қойған
көрінеді”. Автордың “іс жандануға бет қойған
көрінеді” деуінің себебі бар. 1928 жылы 23-ма-
мырда Ресей Оқу комиссариаты қаулы шығарды.
Қаулыда Ресей комиссарлар кеңесі “Жаңа түрік
əліпбиі аз ұлттарға ұлт əліпбиі деп бекітілсін” деп
көрсетілді. Сондай-ақ, “… бастауыш мектептер
мен басқа да білім беру мекемелеріне 1928-1929
оқу жылынан бастап жаңа əліпби кіргізілсін”
деген шешім қабылданды. Жергілікті оқу комис-
сариаттарына бұл іске ерекше қаржы белгілеін
тапсырды. “Жаңа əліпби қозғалысы” деген
мақалада: “Қаулы іске аса бастаған көрінеді. Оқу
комиссариаты осы жылға арнап 352 мың сом ақша
шығарыпты” [6, 4 б.] деп жазады.
1. Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 239 б.
2. Тоқжігітұлы Ш. Қазақстанда жаңа əліпби төңкерісі // Жаршы. – 1929. – №1. – 2-4 бб.
3. Латыншылдың бірі. Қазақ білімділер съезінде латын қарпі // Еңбекші қазақ. – 1924. – 2 шілде.
4. Левинтов Н.Г. Цифры в преподавании новейшей истории. – М.: Просвещение, 1968. – 263 с.
5. Əкім. Жаңа əліпби қозғалысы // Жаршы. – 1929. – № 4. – 6-7 бб.
6. Шонанұлы Т. С. Ағамалыұлы туралы пікірі // Жаршы. – 1930. – №1(6). – 21-22 бб.
153
алия Майкотова,
Әл-Фараби атында ы
аз У-ды
Баспа ісі және дизайн
кафедрасыны доценті
ҚАЗІРГІ КІТАП
БАСУ ІСІНІҢ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қ
азіргі қазақ баспалары мен баспа
ісінің қызметі нарық жағдайының
қиыншылықтарына
қарамастан
үздіксіз даму үрдісіне аяқ бас-
ты. Олар жеке меншік жағдайда іс атқарғанмен
ұлтымыздың рухани мəдениетін көтеретін негізгі
құрал екені белгілі. Сонымен қатар, баспалар
шығарып отырған басылымдарды болашақ ұрпақ
мүддесі үшін сақтап отырған жəне олардың
библиографиялық сипаттамасын жасап отырған
мекемелердің қазіргі жағдайы қандай? Қазіргі
қазақ баспаларының түгелдейі жеке меншік
иелерінің қолында болса да, көптеген кітаптар
мемлекеттік тапсырыспен жəне “Мəдени мұра”
бағдарламасымен шығуда, ал бұл шыққан кітаптар
баспаларға, оларды мекемелер мен кітапханалар
қорын толтыру үшін үлкен көмегін тигізуде. Мем-
лекет тарапынан бұл шараларға арнайы қаражат
бөлініп отыр.
Кітаптардың
тізімдемесін
жасайтын
библиографиялық іспен айналысып отырған 74
жылдық тарихы бар бірден-бір мекеме - ҚР Ұлттық
мемлекеттік Кітап палатасы. Кітап палатасының
мұрағатында ХІХ–ғасырдан бергі басылымдар
сақталған. Бұл мекеме библиография саласын-
В статье рассматривается современные
проблемы книгоиздания в Казахстане. На-
учная новизна исследования состоит в том,
что проанализированы и обобщены итоги
развития современных книгоизданий и
книгораспространений.
In the article examined modern problems of
book industry in Kazakhstan. The scientifi c
novelty of research consists of that the results
of development of modern book industries
and are analysed and generalized.
154
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
да да зор роль атқарады. Газет, журнал, кітап
шежірелерін шығарады. Қазақстанның барлық
баспаларымен тығыз жұмыс жасап, көптеген
халықаралық, отандық кітап жəрмеңкелері мен
кітап көрмелерінің ұйымдастыруына мүмкіндік
жасайды.
Жыл сайын əл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университетінің журналистика факультеті
мен баспа ісі жəне дизайн кафедрасы ұлттық кітап
баспасының мəселелері мен даму болашағына
арналған ғылыми-тəжірибелік конференциялар
мен дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. Кітап
баспасының 90-жылдық мерейтойына арналған
шара барысында кітап ісінің жан-жақты дамуына
байланысты əр алуан мəселелер де қарастырылды.
Ғылыми-тəжірибелік конференцияның ең басты
мəселесі ретінде, бүгінгі бүлдіршін, Қазақстанның
ертеңгі азаматының кітапқа қызығушылығын арт-
тыру мақсатында қажет өнімдерді дүниеге əкелу
көзделді.
Конференцияда «Қазақстан» баспа үйінің» ди-
ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет
қызметкері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің
иегері Нұрмахан Оразбек «мемлекеттік құрылым
кітап басу ісіне дұрыс жағдай жасамаса, мемлекеттік
іс дұрыс іске аспайды» - деген тұжырым жасаған
болатын.
Бүгiнгi ақпараттық заманда интернеттiң
əсерінен кiтаптың рухани құны құлдырап,
саудадағы бағасы шарықтап кетті. Қазақстандағы
азды-көптi кiтап дүкендерi мен сауда нүктелерiнде
қазақ тілінде шығатын кiтаптарымыз жетiмнiң
күйiн кешiп, бұйырған бұрышын қанағат етедi.
Ал əсіресе орыс тілінде жарық көрген кiтаптар
түрлi-түрлi мұқабасымен сауда орындарын жаулап
алған. Мұны себебін қалай түсіндіруге болады?
Қаламгерлер мен ақын-жазушылар кітаптарын
да жазып жатыр, баспаханалар да кiтап басуды
үздіксіз атқаруда. Ал барымызды жарқыратып
көрсетейiн десек, аяғында қаржыға келiп тiрелемiз.
Баспаларымыз мемлекетке аузын ашып, арнайы
тапсырысты күтiп, тендерге телмiредi. Ал қазақ
оқырманы қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн орыс-
ша басылымдарға жүгiредi. Тендер жылына бiр рет
өткiзiледi. Баспалар өзара бақталасып, бiрiмен бiрi
бақ сынасады/1/. «Байқауға» қатысатын 50-ге
жуық баспаның iшiнен бағы жанғандар мемлекет
бөлген қаржыға қанағат етедi. Иə, қаржы бөлiнедi,
бiрақ тендер оқырманға не керектiгiн, қандай
шығарманы оқығысы келетiнiн анықтап бере ал-
майды. Өйткенi тендер – кəдiмгi сауда тəртiбi. Ал
кiтап жай ғана тауар емес, ол – рухани құндылық.
Шығарма авторы министрге немесе лауазымды
шенеунiкке емес, қарапайым халыққа, оқырманға
есеп бередi емес пе? Сондықтан осы тұрғыда
баспалардың өз өнiмдерiне деген жауапкершiлiгi
қажетм екендігіманық.
Ұлттық кiтап палатасының директоры Жанат
Сейдумановтың зерттеулеріне сүйенсек, қазiргi
мемлекеттiк тапсырыспен шығатын кiтаптардың
таралымы Қазақстандағы нарықтық жағдайға,
оқырмандар аясына байланысты таралым саны
белгiленедi. Соған қарамастан, мемлекет басқа
нəрсеге мəн беру керек секiлдi. Сондай-ақ, ав-
тор жастарды кiтап оқуға, көркем əдебиетпен
сусындатуға тарту үшiн мемлекет тарапынан
қаржыландырылатын тəуелсiз сарапшы ұжым
ұйымдастырылып, түрлi шаралар өткiзудi қолға
алуы керектігін алға тартады. Сонымен қатар, ба-
спалар тек тендермен шектелмей, жас жазушы-
ларды жарнамалап, насихаттап, қолдау бiлдiрсе,
олардың сол баспадан кiтаптарын шығаруға
қызығушылықтары туады, əрi жас дарындарды ел
танитын болады/2/.
Бiздiң елде соңғы рет кiтап жəрмеңкесi 2010
жылы өткiзілді. Ресейде жылына жүздеген iс-
шаралар өтiп жатады. Осы орайда ең алдымен
кiтапқа деген көзқарасымызды жолға қою ке-
рек екенiн мойындағанымыз жөн. Тiлiмiзге де
немкеттi қарайтынымыз жасырын емес. Осының
бəрi кiтап пен оқырман арасындағы байланыстың
жүйесiздiгiнен болып отыр. Қашан да рухани
азыққа сусап отыратын негiзгi оқырманның ауыл-
да екенi бесенеден белгiлi. Ауыл оқырмандарына
кiтап жеткiзудiң де жүйесiн, жарқын формасын да
жасауға болады. Бiзде мақтанарлықтай қаламгерлер
көп. Тек соны орынды пайдалана бiлген жөн. Ол
үшін медиа жарнамалар жасау ауадай қажет. Бұған
қоғам, телевизия, радио, баспасөз – бəрi араласып,
күш салу қажет.
Ақын
Темiрше
Сарыбаевтың:
–
Мен «Жазушы» баспасынан шыққан кiтабыма 60
мың теңге қаламақы алдым. Шындығында, бұл
менiң бiр қыс жағатын көмiрiмдi де ақтай алмайды.
Өлеңнiң тууы оңай емес, бiр кiтап – 5-10 жылдың
жемiсi. Бiрақ шығармашылықтың құны өзiне лайық
болмай отыр. Үкiмет басында отырғандар өздерiнiң
сұхбатында,
баяндамаларында
қаламақыны
көбейтемiз дегендi айтады, бiрақ осы уəделер сөз
жүзiнде қалып жатады. Дағдарыс деген сылтауы
тағы бар. Ендi ақын-жазушылардың қаламақысы
қысқармаса, өспейтiн секiлдi». Бұл қазіргі ақын-
жазушылардың еңбегінің ақталмайтындығын
дəлелдейді. Демек, маңдай-термен жасалғане
шығармашылық еңбектің құны лайықты бағалануы
тиіс.
Журналист Айнұр Сенбаеваның деректеріне
сүйенсек, 400-500 беттiк сапалы кiтапты
шығарудың өзiндiк құны – 600 теңге. Бұған
автордың қаламақысы, кiтап дизайнерiнiң, ба-
155
спа қызметкерлерiнiң жалақысы қосылады. Ал
министрлiк тарапынан əр кiтапқа шамамен 500
теңгедей қаржы бөлiнедi. 2000-3000 тиражбен
шығатын кiтапқа бөлiнген қаржыны сығымдап,
баспагерлер басқа қажеттiлiктерiне де жаратады.
Сөйтiп, өзi аз, өзi қымбат кiтаптардың рухани құны
құлдырайды.
Тағы да бір соңғы дерек. Республикамызда
2700-ге жуық ауыл кiтапханасы бар. Ондағы кiтап
қоры 36 миллионға жуық дананы құрайды.
Қазақстанда iрiлi-ұсақты 300-дей баспа бар.
Алматыда Ресей баспаларының өнiмдерiн сау-
далайтын 43 кiтап дүкенi жұмыс
i с т е й д i .
Статистикалық мəлiметтер бойынша, елiмiздегi
кiтап саудасындағы отандық өнiмдердiң үлес
салмағы шамамен 25 пайызды ғана құрайды
екен. Қазақстанның 1000 тұрғынына шаққанда 70
жаңа басылымнан келедi. Халықаралық «ИФЛА»
кiтапхана
қауымдастығы
федерациясының
ұсынысы бойынша 1000 тұрғынға 250 жаңа басы-
лымнан келуi тиiс екен.
«Heidelberg» компаниясының Қазақстандағы
өкiлi Евгений Кимнiң айтуы бойынша, елiмiзде
баспа iсiнiң дамуына кесiрiн тигiзiп отырған
жағдай – шетелден тасылатын баспа шикiзаты мен
құрылғыларына салынатын кедендiк салықтың ша-
мадан тыс көп мөлшерде болуы. Полиграфиялық
өнiмнiң өзiндiк құнындағы шикiзаттың үлесi 60-70
%-ды құрайды. Ал қазiргi жағдайда барлық шикiзат
пен шығын материалдары шетелдерден тасылады.
Оларды елге енгiзуде кедендiк салық 5-тен 25 пай-
ыз аралығында ауысып отырады. Бұған қарамастан,
шекара асып келетiн дайын баспа өнiмдерi ешбiр
салықсыз елiмiзге енгiзiле бередi. Осыдан-ақ,
отандық баспагерлердiң шетелдiк əрiптестерi ал-
дында бəсекеге қабiлетсiз екендiктерiн аңғаруға
болады. Оның үстiне, елiмiзде баспа өнiмдерiн
шығарту
қымбатқа
түсетiндiктен,
негiзгi
тұтынушылар тапсырыстарын шетел асырып,
сол жақта орындатуға мəжбүр. Өйткенi шетелдегi
полиграфиялық қызмет елiмiздегi жұмыстан 30%-
ға жуық арзан. Оның себебi, өздiк құн салығы,
шикiзат пен құрал-жабдықты шекарадан асыру
кезiндегi кедендiк салықтар, сондай-ақ, сол шикiзат
пен құрал-жабдықты сататын елдiң тауар бағасын
еселеп арттыруы
сияқты факторлар.
Елiмiз тəуелсiздiк алған кезде, экономика са-
ласы үлкен қиыншылықтар көргенi белгiлi. Басқа
өндiрiс ошақтарымен қатар, кiтап басу iсi де қатты
құлдырады. Статистикалық деректерге сүйенсек,
1989 жылы 1300 аталым кiтап 34,7 миллион тара-
лыммен басылған екен. Яғни, əрбiр кiтап кем де-
генде орта есеппен 27 мың данамен басылды де-
ген сөз. Бұл – əрине, қазiргi күнмен салыстыруға
келмейтiн сандар. Бүгiнде көптеген кiтаптар екi
немесе үш мың, ең көп дегенде бес мың тиражбен
жарық көредi. Ал бұл сан Ресей асып келiп жатқан
миллиондаған дана кiтап мұхитына тамызған бiр
тамшыдай ғана.
Дегенмен, өркениеттен шет қалған деген
пiкiрлерге ұшыраса да, бiздiң баспа саласы тұрақты
түрде өсiп келедi. Қазақстан полиграфистерi
Ассоциациясының деректерi бойынша, бұл қарқын
жылына 25%-ға үдеп отырады екен. 2005 жылы
баспа өнiмдерiнен түскен пайда 500 млн. долларға
жеткен. Бұған, əрине, ел экономикасының жал-
пы ахуалы, жекелеген секторлардағы алға жыл-
жу сияқты факторлар əсер етедi. Сонымен қатар,
əлеуметтiк жағдайы түзелген халық та баспа
өнiмдерiне деген сұраныстарын қанағаттандыруды
көздейдi/3/.
Соңғы
жылдары
баспалардан
ұлттық
сипаттағы көрнекті басылымдар жарық көре ба-
стады. Елбасының бастамасымен жарық көрген
алты томдық «Қазақстан» энциклопедиясы, тоғыз
томдық «Қазақтар» анықтамалығы, я болмаса,
«Түркiстан», «Түрiк əлемi» энциклопедияларын
да халықты жаңаша ойлауға жұмылдыратын соны
туындылар деп атауға болады. Тəуелсiз елдiң тың
тарихын жазып, кеңестiк бұрмалаушылықтардан
арылу жолында М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар
ақиқаты», «Тарих зердесi», К.Нұрпейiсовтiң
«Алаш жəне Алашорда» сынды кiтаптары жəне
тiзе берсе, ұзын саны бiразға жететiн тың дүниелер
көптеп шығарылды деуге болады. Дегенмен,
олардың көбiн қарапайым халық бiле бермейдi.
Бұл кiтаптар, негiзiнен, жоғары оқу орындарының
кiтапханаларына,
мамандандырылған
оқу
мекемелерiне бiрлi-жарымды даналармен ғана
түстi. Себебi жоғарыда айтылған шикiзаттың, баспа
құрылғыларының жəне салықтардың көптiгiнен
оларды көп данамен басып шығару мүмкiн болма-
ды. Тағы бiр себеп, аудитория дұрыс зерттелмей,
кiтапты көп қылып басып шығару да қауiптi iс,
өйткенi шығарылған кiтап тарамай қалса, ол баспа-
ны қып-қызыл шығынға ұшыратады.
1. Сенбаева А. Кiтап өтпей ме, жетпей ме? //Алаш айнасы. 25 қыркүйек, 2010.
2. Омарова Б. Баспа ісі жəне кітап басу. Оқу құралы.2006. «Фолиант» баспасы.
3. Ең көп оқитын ел едік... //Интернет-сайттан алынды.
156
Хабаршы. Журналистика, Баспа ісі, Жўртшылыќпен байланыс сериясы 2011 (30)2
Достарыңызбен бөлісу: |