2 сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар. 4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипедтер теуіп жүр. Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса, екі доңғалақты велосипед нешеу, үш доңғалақты велосипед нешеу?
Қайсы топтағы фигуралар басқаларынан өзгеше?
0 , 4 , 4 сандарын пайдаланып, әр түрлі өрнектер құр. Неше өрнек құрдың? 10, 40, 50 сандарын пайдаланып, әр түрлі өрнектер құр. Неше өрнек құрдың? Екеуін салыстыр.
х (икс) әрпімен белгісіз сан белгіленген, х – тің орнында қандай сандар болғанда, х + 2 < 10 – 3 теңсіздігі тура болады?
х (икс) әрпімен белгісіз сан белгіленген, х – тің орнында қандай сандар болғанда, 10 – х > 5 + 1 теңсіздігі тура болады?
10 литрлік және 3 литрлік екі ыдысты пайдаланып, 8 литр суды қалай құйып алуға болады?
11 таяқшадан үй құрастыр. Бір таяқшаны бұру арқылы осы үйді басқа жаққа бұр.
Бір кесінді жүргізу арқылы осы фигурадан бір төрт бұрыш және бір үшбұрыш шығарып алуғабола ма? Ол үшін қай нүктелерді қосу керек?
Өз орныңды тап. 24, 33, 48, 35, 19, 43, 39 , 15
Билет нөміріндегі ондықтар – қатардың ретін, ал бірліктер – қатардағы орынды көрсетеді.
19
Ақдананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда, 100 шықты. Ақдана қандай сан ойлады?
Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған ?
Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып, 5 орындықты бөлмеге орналастыр.
Қанаттан «Сыныпта неше қыз бала бар?» - деп сұрағанда, ол «Қыз балалардың санынан ең кіші екі таңбалы санды азайтып, нәтижеге 8 бен 0 цифрлары арқылы жазылған санды қосса, екі сегіз арқылы жазылатын сан шығады», - деп жауап берді. Сыныпта неше қыз бала бар?
С уретте барлығы неше бұрыш бар екенін анықта.
Мысалдардың жауаптарының өсу реті бойынша жолаушының қозғалыс бағытын анықта.
* Қызылорда 60 – 30,
* Алматы 10 +30,
* Қарағанды 40 – 20, * Тараз 20 + 50,
* Қостанай 70 – 10, * Орал 30 + 60, * Астана 90 – 80.
Салтанат, Ләззат, Назерке, Гүлнардың туған күндері – 2 ақпан, 10 қазан, 2 маусым, 28 ақпан. Ләззат пен Назерке бір айда туған. Ал Салтанат пен Ләззаттың туған күндері – бірдей сандар. Балалардың әрқайсысының қай айда, қай күнде туғанын анықта.
Қазақстан Республикасының халқы ұлы Абай және Жамбыл аталарымыздың 1 ғасыр 50 жыл, ал Мұхтар Әуезов атамыздың 1 ғасыр толған мерейтойларын атап өтті.
1 ғасыр 50 жылды жылмен өрнектеп жаз.
1 ғасырды жылмен өрнектеп жаз.
Бірінші қатардағы сандар туралы не айтасың? Екінші қатарға қандай сандар жазуға болады? Үшінші және төртінші қатарға ше?
3
5
35
53
33
55
4
9
75
2
0
Сағат 22 – де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?
Завод тәжірибе цехында машинаға арналған бірдей 8 бөлшек жасайды. Оның жетеуі бірдей металдан, ал сегізіншісі жеңіл металл қоспасынан дайындалған. Кіртастарды пайдаланбай, үш рет өлшеу арқылы жеңіл бөлшекті қалай табуға болады?
1 минут 1 сағаттан неше минут кем? 1 сағат 1 тәуліктен неше сағат кем?
Қандай сағат тәулігіне екі рет қана тура уақытты көрсетіп тұрады?
Қатар тұрған неше санның қосындысының мәні 21 – ге тең болады? Сондай сандардан қосындылар құрастыр.
2,3,5 сандарын пайдаланып, мәні 4 – ке тең өрнектер жаз. Неше өрнек жаздың?
С
уретте барлығы неше үшбұрыш бар?
1,2,3,...,99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі?
Оңынан оқыса да – сол сан, Солынан оқыса да – сол сан.
Ол қандай екі таңбалы сан?
О йлан, тап: (9 2 ) □ = 1 . (11 2 ) □ = 3 .
5 литрлік және 3 литрлік екі ыдысты пайдаланып, 7 литр сүтті қалай құйып алуға болады?
8 адам кездесіп, бір – бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысқан?
Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?
Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал.
Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғанын мұғалімнен сұрағанда, ал: «Ешкім 2 алған жоқ, бірақ бағаларың әр түрлі. Тоқтар 3 алған жоқ, Ержанның бағасы 3 те, 5 те емес», - деді. Балалардың әрқайсысы қандай баға алған?
2 таяқшаны алып тастау арқылы бірдей 7 шаршы шығарып ал.
Жұмбақ.
Егер «Т - дан» бастасаң, - Санмын. «Т - ны» алып тастасаң ,
- Жаумын.
Ені 2 метр ор қазылған. Ұзындығы 2м 2 тақтайды пайдаланып, одан қалай өтуге болады?
35 жасар Бауыржанның 4 ұлы бірінен – бірі 2 жас кіші. Олардың ең үлкені 8 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлдарының жастарының қосындысына тең болады?
Мәні 50 – ге тең болатын екі таңбалы және бір таңбалы сандардың қосындыларын жаз. Осындай неше қосынды жазып көрсетуге болады? Оларды салыстыр.
Таяқшалардан 6 үшбұрыш
құрастырылған. 4таяқшаны алып
тастап, осындай 3 үшбұрыш қалдыр.
6 тақшаны пайдаланып, төрт сүйір бұрышы болатын алтыбұрыш құрастыр.
4 см Суреттегі фигураның периметрін тап.
2см 3см
1см
Екі шаршы мен бір үшбұрыштан құралған
көпбұрыштың периметрін тап.
Үш бала дойбы ойнады. Егер әр бала қалғандарының әрқайсысымен бір партия ойнаған болса, әр бала неше партия дойбы ойнады?
Мәні 100 – ге тең болатындай, екі таңбалы екі қосылғыштан тұратын әр түрлі неше қосынды құруға болады?
Мына сандардың қандай да бір заңдылық бойынша орналасқанын ескеріп, тиісті санды тап.
8
9
31
30
12
10
21
?
7
15
6
14
Тік төртбұрышты, әр бөлігінде бір белгіленген нүктесі бар, өзара тең 6 бөлікке бөл.
*
*
*
*
*
*
12 орындықты бөлменің екі қабырғасына 4 – тен, ал бір қабырғасына 6 орындықтан орналастыр.
10 орындықты үш – үштен бөлменің әр қабырғасына орналастыр.