Л исаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» мм



бет2/39
Дата15.11.2023
өлшемі0,95 Mb.
#122695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 84


Кіріспе.
Болашақ ұрпақ тәрбиесі, адам өмірінің жалғасын тәрбиелеу, парасатты, білімді, саналы, өз халқын, туған елін жан – тәнімен қастерлеп, құрметтей білетін қоғам азаматын баулып өсіру үшін бастауыш сынып оқушыларын ауызша санауға, есептеуге және геометриялық пішіндерді тануға үйрету.
Баланың санау туралы білімін тереңдету және санай білу қабілетін жетілдіру осы кезеңдегі ең жауапты міндет болып табылады. Осыған орай, балаларды санауға үйретуде ең алдымен бала жүрегіне жақын «Қуырмашты», «Саусақ санау», «Бес саусақ» ойындарын және түрлі санамақтарды пайдалануға болады. Мұндағы алға қояр басты мақсат – сәби көңілін көтеру, жағымды көңіл күй қалыптастыру, саусақтардың халықтық тұрғыдағы атауларын үйрете отырып, оларды санауға үйрету.
Деңгейлік тапрысмалар - оқушылардың нақты, әлеуметтік, қажетті іс – әрекеттерінің жан – жақты тәсілдерінің жиынтығын меңгеруінен көрінетін тікелей білім нәтижесі.
Оқушы құзыреттілігін қалыптастыру тапсырмаларына қойылатын талаптар:

  • проблемаларды анықтау:

  • проблемаларды шешу қызметінің формалары мен әдістерін көрсету:

  • ақпарат деректеріне сүйену:

  • нақты қызметтің жемісін көрсету:

Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасады:

  • оқушы ізденеді:

  • тапсырманы дұрыс орындау үшін өздерінің білімдерін пайдаланады:

  • тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды:

  • оқушының шығармашылығы дамиды:

Жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе болғандықтан, шығармашылық қабілеті мол, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологияны игеру және оны шебер пайдалана білу аса қажет. Мұғалімнің оқушыларды үнемі өзін – өзі дамытып оқыта білуі, оның оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне көмектеседі.
Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақта түрлі ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор, ол баланың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызып, белсенділігін арттырады. Осыған орай оқушының жас ерекшелігіне байланысты математикалық жұмбақтар,өлең есептер, логикалық тапсырмалар, жаңылтпаштар, санамақтар, деңгейлік тапсырмалар беріліп отыр.
Математикалық жұмбақтар, өлең есептер салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға, оқушының қиялының дамуына ықпал етеді.
Логикалық тапсырмалар – кеңірек ойлауға, аңғарымпаз болуға, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.
Математикалық жаңылтпаштар тіл ұстарту үшін қолданылады. Тіл – ой көркі. Әр нәрсеге байыппен қарап, батыл сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне жаттықтырады.
Санамақтар арқылы оқушының есте сақтау қабілеттерін дамыту, халқымыздың тілін меңгеруге, халық қазынасына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамыту, бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Сол себепті әр сыныптарға арналған деңгейлік тапсырмалар беріліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет