сонда әр топтағы үш санның
қосындысының мәні 125 – ке тең
болсын.
Егер бір топ торғай әр бұтаққа бір – бірден қонса, онда 5 торғайға бұтақ жетпейді, егер әр бұтаққа 2 торғайдан қонса, онда бір бұтақ артық қалады. Қанша бұтақ, қанша торғай болғаны?
Амал таңбаларын қой: 9 9 9 9 9 = 8
Суретте неше үшбұрыш бар?
7 таяқшаны алып тастап, әр түрлі
2 шаршы шығар. 4 таяқшаны алып
тастап, 4 бірдей шаршы шығар.
Бір үйдің 3 ұлы бар. 3 ұлдың әрқайсысының бір әпкесі, бір қарындасы бар. Бұл үйдің неше баласы болғаны?
Дөңгелектердегі төменгі сандар – жо –
Ғ арғы екі санға жүргізілген арифмети –
калық амалдың нәтижесі. Алдыңғыға
қарап, соңғы екеуінің нәтижесін тап.
1 – ден 10- ға дейінгі сандардың қосындысының мәнін жылдам есептеп тап.
5 алманы 6 балаға тең бөліп бер, бірақ бірде – бір алма алты бөлікке бөлінбесін.
Мына сандардың алдындағы санды және соңындағы санды ата: ..., 9, 27, 81, ... .
Математика олимпиадасында Азамат, Біржан, Тілек алғашқы үш орынға ие болды. Азамат бірінші не екінші ала алмады, ал тілек екінші орынды алған жоқ. Азамат нешінші орынға ие болды? Біржан ше? Тілек ше?
3 монетаның ішінде біреуі жалған және оның сәл жеңілірек екендігі белгілі. Кір тастары жоқ табақшалы таразымен бір - ақ рет өлшеу арқылы монеталардың қайсысы жалған екенін қалай анықтауға болады?
Салтанаттан: - Сендердің сыныптарыңда неше озат оқушы бар? – деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: - Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат
оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы болған?