Тест №2. Тақырыбы: Ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту.
Мақсаты: Оқушылардың өрнектерді құруды, мәнін табуды; екі таңбалы сандарды қосып, азайтып, салыстыруды; теңдеуді шешуді, уақыт бірліктерінің арақатынасын қалай табуды меңгергендігін тексеру.
Әріпті өрнектерді белгіле. а) а + 4 ә) 80 + 4 б) 70 – 20
Қай өрнек дұрыс салыстырылған? а) 60 – 20 < 70 + 10 ә) 60 – 20 > 70 + 10
б) 60 – 20 = 70 + 10
Дұрыс теңсіздікті белгіле. 25 және 5 сандарының айырмасы 10 – нан артық.
а) 25< 25 - 5 ә) 25 + 5 >10 б) 25 – 5 > 10
Уақыт бірлігінің дұрысын белгіле. а) 10 жыл – 1 ғасыр ә) 7 күн – 1 ай
б) 12 жыл – 1 мүшел
Мәні дұрыс өрнекті белгіле.
а) (4+6) – 3 = 8 ә) (20+70) – 40 = 50 б) 20 + (50 - 30) = 60
Данияр Алматыға дейін ұшақпен 2 сағат ұшты. Ал Гүлназ поездбен 24 сағат жүрді. Данияр Гүлназға қарағанда неше сағат бұрын жетті? Қай жауап дұрыс?
а) 24сағ. + 2 сағ. = 26сағ. ә) 24сағ. - 2 сағ. = 22сағ.
Белгісіз санды тап. 10 – х = 9 а) х = 19 ә) х = 11 б) х = 1
Дұрыс мәнін сызықтар арқылы көрсет
26 + 3 а) 71
45 + 4 ә) 63
76 – 5 б) 29
68 – 5 в) 49
Дұрыс өрнекті тап. 30 бен 8 – дің қосындысынан 4 – ті азайт.
Тест №3. Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту.
Мақсаты: Ондықтан аттап қосу және азайту тәсілдерін; тік бұрыштың периметрін, шаршы, тік төртбұрыштың қасиеттерін; екі амалдан тұратын есептерді шығаруды қай деңгейде меңгергендігін тексеру.
а = 30 болғандағы, а + 2 өрнегінің дұрыс мәнін тауып белгіле.
а) 28 ә) 32 б) 23
Белгісіз санды тап. 12 – х = 3
а) 15 ә) 9 б) 23
Дұрыс мәнін сызық арқылы қос.
17 – 9 а) 9
6 + 7 ә) 5
12 – 8 б) 13
Қарындащ 4 теңге тұрады, ал қалың дәптер одан 12 теңге қымбат. Қарындаш пен қалың дәптерге қанша ақша төледі? Қай қысқаша шарты дұрыс?
а
) Қарындащ - 4 теңге.
Дәптер – 12 теңге. ?
ә
) Қарындащ - 4 теңге.
Дәптер –? 12 теңге. ? б) Қарындащ - 4 теңге.
Дәптер – 12 теңге.
Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? а) Төрт қабырғасының ұзындықтарын қосамыз.
ә) Екі қабырғасының ұзындықтарын қосамыз.
Шаршының қасиетін анықта. а) қарама – қарсы қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш. ә) барлық қабырғалары тең болатын тік төртбұрыш.
Қосудың ауыстырымдылық қасиетін анықта. а) Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгереді.