Л. Н. Гумилев – аса талантты шығыстанушы


Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді



бет3/4
Дата27.09.2023
өлшемі35,16 Kb.
#110810
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-42206 (копия)

Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді


Сөз бар ма, Лев Гумилев тарих ғылымында қалыптасқан ескі схеманы: Ресей мен Батыста әбден жайылып, тамырлап кеткен, адамзат тарихына еуроцентристік көзқарасты қиратты. Сөйтіп тарихшылар назарын мүлде соны салаға – бұрын адамзат өркениетінің "арамтамағы" аталынған көшпелілер тақырыбына аударды. Тек аударып қана қоймай, өз көршілері Қытай, Индия, Иран сияқты, олардың да дамыған өркениеті болғанын жоғарыда айтылған кітаптарында және басқа еңбектерінде дәлелдеп, дәйектеп берді. Біз ғалым ұзақ ғұмыр кешті дедік. Ол рас, кеңес өкіметінің қулағаның әкесінің ақталғанын көрді. Өзі ойына алған ісін түгел орындады. Жазған кітаптарының жамбасы жерге тимей, бірінен соң бірі шығып жатты. Оның "Ежелгі Русь және Ұлы Даласы" (1989) Мемлекеттік сыйлық алды. Бұл әрине ең алдымен ғалымның өз еңбегі.


Оған ешкім де күмән келтірмейді. Бірақ кеңес өкіметінің өгей баласына айналып ұдайы күдіктілер қатарыyда болған оған кейде қатыгез тағдырдың тосын тарту жасайтын кездері де болған. Мәселен, Гумилевтің көптен бері шықпай, қамалып жатқан кітаптарын өзі жуырда ғана "Матросская тишина" түрмесінде отырып шыққан кісі А. Лукьянов басуға көмектеседі. Ол абырой-беделін салып, жоғарыдан тиісті жерлерге айтып, қажет кезде қысым да көрсетеді. Әрине, мұндай жақсылықты ұмытуға болмайды. Сол сияқты өз кезінде Николай-І де Пушкиннің өлеңдерін басуға көмектескен, Гогольдің "Ревизорын" цензураның шеңгелінен құтқарған. Әрине, бұл марксистік-лениндік сыншылардың қасаң түсінігіне мұның оқыс көрінуі де мүмкін. Бәлкім, А. Лукьяновтың бүткіл ғұмырындағы ең бір елеулі ісі, мүмкін, осы бір жебеуі шығар.
Біліктілердің айтуынша, мемлекеттің ақ патшадан кейінгі екінші адамы деп есептелген және Эрмитажды өз қолымен құрған кінәз Юсупов жұртқа жасаған барша игі істерінен гөрі Пушкиннің өзіне жазған "от северных оков освобождая мир" өлеңі оның атын елге молырақ жаятынын түсінген көрінеді. Ал, б. з, дейінгі VI ғ. соннау Ұлы Қорғанның ар жағында, Қытайда бір есті қолбасшы өз елінің ең ұлы ақыны Ли Боны ауыр жазадан құтқарып, осы бір іс-қимылымен Қытай поэзиясын өлшеусіз байытып, өз атын өшпестей етіп тарихта қалдырғанын Л. Гуми­лев аталмыш кітабында мысал етіп келтіреді.
Тағдырдың оған тартқан тағы бір сыйы – ғалымның 53 жасында қосылған жан жары Наталья Викторовна еді. Ғалымның жай-күйі бір келіспей, ашөзек жүрген кезінде оған осы бір ғажайып орыс әйелі кез болады. Шыққан тегі ақсүйектен, қабылетті суретшілер қатарындағы осы біркесек пішінді орыс сұлуы "аяушылықтан" жаралғандай әзиз кісі еді. Ол өз мамандығын, кәсібін тастап, бар ғұмырын Лев Николаевичтің творчестволық еңбегіне көмектесуге арнайды. Үйдің күллі ұрызғарын, қам-харекетін ол өз мойнына алады. Онымен бірге мұнда жылылық, жайлылық, тазалық, дәмді-берекелі дастарқан бірге келеді. На­талья Викторовна, Гумилев отбасының ар-намысын түсірмей, кезкелген қонақты қарсы алуға жарайтын нағыз қожайым еді. Оның дворяндық асыл тегі осыдан да көрінеді, Сол себепті де Лев Николаевич туралы естелік жазушылардың көбі оны ұлағатты күйеуінің еңбегінің өзгеше бір соавторы деп есептейді.
Хош, сонымен Ұлы Дала жыршысының ғұмыры мен творчестволық жолының қысқаша баяны осы дейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет