390
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
яғни, номадизм интенсивтілікпен кеңестікті игеру арқылы ақпараттар алмасуын,
мәдениеттер диологын, ұлтаралық коммуникацияны қамтамасыз етіп, кейбір әлемдік
өркениеттердің қалыптасуына ықпал етуші обьективті фактор екендігін дәлелдейді.
ойшыл Ә.кекілбаевтың шығармашылығында тарихымызға саяси-әлеуметтік және
философиялық шолу жасалынып, әр түрлі тақырыпта бірін-бірі толықтырып тұратын
пайымдаулардан құралған. ол ұлттық қайта өрлеу кезеңіндегі қазақ халқының тарихи
рухани болмысын толығырақ көрсетуге ұмтылады. Автордың еңбектерінде “ұлт
болмысының тарихи - әлеуметтік мәні жөнінде“ көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі
келтірілген. оның шығармаларының негізгі мақсаты - халқымыздың мәдени-әлеуметтік
саласын, қоғамдық құрылымын, рухани өрлеуін жоғарғы деңгейге жалпы адамзаттық
өркениеттік кеңестікке шығару.
Қазір Қазақстанда ұлттық мемлекет құруға шынайы тәуелсіздікті нығайтуға бет бұрған
кезеңде, халқымыздың тарихи зердесін жаңғыртып, рухани дүниесін жандандыруда,
оның елдігі мен ерлігін паш ететін асыл мұраларын түбегейлі жан-жақты зерттеу мен
жинақтау ісінде - Ә.кекілбаевтың орны ерекше. Автор шығармаларында табиғатты игеру
барысындағы адамдардың іс-әрекеттері бейнеленетін сан алуан дәстүрлі әдет-ғұрыптар
мен аңыздарға жасалған ғылыми ізденістерінің нәтижесіне сүйеніп тұжырымдаған
ойларымен діни жәні мифтік сана негіздерін ашады. осы көрсетіліп отырған мәселелер
оның шығармаларының өн бойынан кездесіп отыр. Бұл орайда Ә.кекілбаев - қазақ
философиясының этникалық, әлеуметтік-тарихи, танымдық тамырларын, жолбасшылық
пен ұйтқы болу қызметін атқаратын қағидаларын, философиялық категориялар жүйесін
айқындауда, оларды белгілі бір жүйеге түсірудің алғы шарттарын нақтылау бағытында
ізденіс үстінде екендігі аңғарылады.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР
1. кекілбаев Ә. заманмен сұхбат ой-толғамдар. -Алматы: Жазушы, 1996. -592 бет.
2. Әбіш кекілбайұлы. Талайғы Тараз. егемен Қазақстан, 27 тамыз, 3,5-25 қыркүйек, 2002 жыл
3. Әбіш кекілбайұлы. ел иесі, Жер киесі. Атырау, 17 тамыз, 1999 жыл.
4. кекілбаев Ә. заманмен сұхбат ой-толғамдар-Алматы: Жазушы, 1996.-592 б.
редакцияға 16.10.2009 қабылданды.
г.Ә. саҒынаева
ауДаРма – ӘДеби баЙланыс өзегІ
The article examines the importance of translation as presents the opinions of the well-
known scientists. Two points of view are presented in developing the history of artistic translation.
In general, the main requirements put to the translation are viewed in the given article.
Қазақ әдебиетінің ежелгі замандардан түркі, араб және парсы әдебиеттерімен,
ал кейінірек орыс және батыс европалық әдебиеттермен тығыз байланыста болғаны
белгілі. Шығыс және Батыс халықтары әдебиеттерінің үлгілі тәжірибесінен нәр алып,
сусындаумен қатар, қазақ әдебиеті өз кезегінде басқа халықтар әдебиеттерін байытуда да
белсенділік танытты.
Нақтылай айтқанда, «әдеби байланыс, шығармашылық қарым-қатынастың негізгі
391
№ 1 (74) 2010
түрлері тарихи құбылмалы құбылыс ретінде қарастырылады. Әдеби қарым-қатынас
формаларына аударма, үлгі алу «взаимствование), еліктеу (подражание), стильге салу
(стилизация), образды ұқсастық (образные аналогии) және тағы басқалар жатады» [1,
11].
Әсіресе, әдеби байланыстың ең бір маңызды формасы – аударма болып табылады.
Ғалым и.Г.Неупокоева аударманың екі түрлі қызметіне тоқталады. зерттеушінің
пікірінше, «әдеби байланыстардың құралы ретіндегі аударма» мен «шығармашылық
қарым-қатынастың формасы ретіндегі аударманың» арасында айырмашылық бар.
Біріншісінде әдеби байланыстарды дамытуда аударманың маңызы өте зор және әдеби
байланыстардың дамуы тікелей аудармаға байланысты. Ал екіншісінде аударма жалпы
әдеби дамудың өзекті деген міндеттерін шешуге қызмет етеді, атап айтқанда: ұлттық
әдебиеттің идеялық-эстетикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, ұлттық тілді байытады және
т.б.
Әдеби- тарихи процесте аударманың үлкен міндет атқаратыны баршаға мәлім.
көршілес не туысқан екі елдің рухани-мәдени алмасу үрдістерін жалғастыруда көркем
аударманың рөлі ерекше.сонымен бірге бір халықпен екінші халық жақындасып,араласа
бастағанда, өзінде жоқты көршіден алады. осы ауысудың тиянақты тірегі – аударма десек,
«аудармашылар – мәдениетті бір елден бір елге тасымалдап жеткізетін почта аттары», -
деп ұлы орыстың ақын аудармашысы А. с. Пушкин тегін айтпаған еді.
көркем аударамның көне заманда пайда болғанына б.з.б. І ғасырда өмір сүрген
цициронның сөзі дәлел, ол Эсхин мен Демосфен сөздерін грек тілінен латын тіліне
аударып «мен олардың ойы мен құрылымын сақтадым, бірақ сөздерді сұрыптап алғанда
өз тілімнің шарттарына бағындым» [2,25] деген екен. цициронның бұл сөзінен аударама
мәселесі б.з.б. қарастырылғанын білеміз.
көркем аударма деген не? Бұл мәселе төңірегінде белгілі бұлғар ғалымы А. Лилова
былай деген: «Перевод не буквально заменять слова одного языка семантических
эквиволентом другого, а перевырожает текст, все элименты стороны и пласты
оригинального произведения средствами другога языка. самым трудным и самым
важным в художественным переводе не лингвистический, а художественно-образный
момент,способность переводчика воссоздать образный мир произведения» [3]. сонымен,
көркем аударманың маңызы – сөзбе сөз аударуда емес, көркем шығармадағы автордың
айтайын деген негізгі ойын өз оқырманына дұрыс жеткізуде.
көркем аударманы орындаған кезде аудармашылар мынадай екі түрлі көзқарас
ұстанған: біріншісі- шығарманың кейіпкерлерін, болған оқиғаларын өз ортасына әкеліп
енгізеді. Бұған дәлел- Шәкәрімнің Пушкиннің «Дубровский» повесін қазақ тіліне
аударуы. мұнда прозамен жазылған повесть қазақ тілінде өлең болып шықты, өйткені
қазақ тындаушысына бұл түсінуге жеңіл жолы еді, және «көркем ойлау жүйесін, образ
жасауды қазақыландырып,төл шығарма ретінде еркін аударған». екіншісі – шығарманың
құрылысын, стилін сақтап дәлме дәл аударуға тырысады. кезінде ұлы неміс ақыны Гете
былай айтқан: «Аудамынан екі түрі бар: бірі- шетел авторының бізге ауысуына талап
етуіміз және өз жерлесіміз ретінде қарастыруымыз керек. Басқалары, керісінше, бізді сол
шетелге апарып. Автордың қоятын шарттарына, оның стильдік, тілдік ерекшеліктеріне
бағынуымызды талап етеді». сөйтіп, аударманың бұндай екі түрі де шығарманың негізгі
ойын жеткізе білетін болса, қолайлы екенін атап көрсетеді.
Шынымен, үш ғасырлық байланысымызды ХІХ ғасырдың басында қазақ поэзиясыны
қызыққан А.с. Пушкин «Қозы көрпеш- Баян сұлу» жырын қазақ тіліне аударудан бастаған
еді. Қазақ төңкерісіне дейінгі ресейде қазақ еліне деген ерекше қызығушылық болғанын
аңғарамыз. оның себебі отар ел табиғатының, халқының әдеп ғұрыпын, тілін зерттеп
білмейінше, бұл елдерді басқарып әкету мүмкін емес – ті. Бұған дәлел мелиоранский,
392
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
ильминский бастаған көптеген миссионерлердің іс әрекеттері еді. осындай саясатпен
қазақ тілі мен әдебиетін ерекше зерттеген шығыс тілдері институты (шығу тегі армяндар
ағайынды иван (ованес) пен иоаким (овагим) Лазаревскийлердің қаржысына 1814-
1815 жылы мәскеуде ашылған). Бұл институт 1914 жылы белгілі шығыстанушы
академясы ик А.Н.василовскиидің 70 жылдық мейрам тойына арнап мақалалармен
аудармалар жинағын шығарған. Бұл жинақты Абай жөнінде мәлімет беріліп, оның
лирикалық өлеңдері аударылған және оған м.Дулатовтың өлеңдері де енген болатын. Қай
тұрғыдан қарастырса да, бұл еңбектердің тарихта алатын өз орны бар және олар ресей
империясының халықтарына қазақ поэзиясымен танысуға мүмкіндік береді. Атап өтетін
жайт - аудармашылар шығарманың сыртқы пішінінен гөрі, мазмұнының сәйкестігіне көп
көңіл аударғандығы.
Қазақ төнкерісінен кейін аударма кең өріс алды. 20 жылдардың басында с.сейфуллин,
І.Жансүгіров, Б.майлин, с.мұқанов, м.Әуезов және т.б. шығармалары орыс тілінде
жарық көрген. 1936 жылы мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің декадасынан кейін
көптеген ақындарымыздың шығармалары орыс тілінде сөйлей бастады. Біраз уақыттан
кейін (1940ж) Л.соболев редакциясымен қазақ поэзиясының бірінші антологиясы дүниеге
келді. содан кейін жазушыларымыздың тандамалы шығармалары орыс тілідне шыға
бастады. Ұлы отан соғысы кезінде Жамбылдың шын жүректен шыққан өлеңдері орыс
тыңдаушысына жетті. Жылдан жылға аударылған шығармалар саны көбейді, сонымен
бірге сапасы да жетілді деп айтуға болады. 1958 жылы м.Әуезовтің басқаруымен «Қазақ
поэзиясының антологиясы» шықты. 1972 жылы с. мұқановтың редакциясымен «Қазақ
совет поэзиясының антологиясы » жарық көрді
кезінде м. Әуезов жолма жол аударманы (подсрочник) «жаман көпір» деп атаған[4].
осы «жаман көпір» арқылы аударылған шығармалар өзінің нәзіктілігін, автор ойын,
кей кезде мағынасын өзгертіп жібереді. егер аудармашы халықтың тілін, тарихын, әдет-
ғұрпын білмесе, осындай қателерді жібереді де, істеген жұмысы зая кетеді. сонымен
бірге авторға да үлкен зиян келтіреді. оқырман бұл қателерді аудармашы жіберді демейді,
дәрежесі төмен шығарманы жазған автордан көреді. оқырман ұшін қай тілде болмасын
автордың ойы мен шығарма бір болып көрінеді, ал арасындағы аудармашы белгісіз болып
қалады. Бірақ бұл аудармашының жауапкершілігін еш төмендетпейді.
мүмкін кейбіреулер «мәскеуге бұрынғыдай тәуелді емеспіз, сондықтан
шығармаларымызды орыс тіліне аудару қажет емес», деп айтуы мүмкін. Бірақ орыс
тіліне аударуда біраз тәжірибеміз жиналды, бұл аудармаларды зерттей отырып, жіберілген
қателерді көре біліп, басқа тілдерге жасалған аудармалардың сапасын арттыра аламыз.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемге танымал дәрежеге барлық қоғамдық саладағы жетістіктерге
жетуіміз халық алдындағы тұрған үлкен бір міндет. осы міндет, әсіресе аударамаға
байланысты. Аудармада немқұрайлылық болмау керек, өйткені әдебиетіміздің әлемдік
деңгейде көрініп, зерттелетін кезі келді.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемге танымал дәрежеге барлық қоғамдық саладағы жетістіктерге
жетуіміз халық алдындағы тұрған үлкен бір міндет. осы міндет, әсіресе аударамаға
байланысты. Аудармада немқұрайлылық болмау керек, өйткені әдебиетіміздің әлемдік
деңгейде көрініп, зерттелетін кезі келді.
Қазіргі мәдени-әлеуметтік жағдайда халықтардың өзара рухани-мәдени қарым-
қатынас құралы ретінде көркем аударма ерекше мәнге ие болып отыр.
Бүгінгі таңда қазақ тілінен орыс тіліне көркем аудару теориясы мен практикасының
тарихи дамуын, көркем аударма ісінің қалыптасуын, оның ұстанымдары мен әдістерін,
ерекшеліктері мен сапасын зерттеу- өзекті мәселе болып табылады. сондықтан да
аталмыш тақырып қазіргі таңда лингвистер мен әдебиеттанушылар, тарихшылар мен
мәдениеттанушылар, философтар мен психологтар, математиктер мен инжинерлер
тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда.
393
№ 1 (74) 2010
Аударма ісі - болашағынан зор үміт күттіретін ғылым саласы, ал көркем аударма -
қазіргі әдеби процестің ажырамас бөлігі. Қазақстандағы көркем аударма теориясы мен
практикасы мәселесіне м.Әуезов, м.Шангалин, м.Қаратаев, з.Ахметов,з.Қабдолов,А.
сатыбалдиев, з.Турарбеков, Ф.Фаткуллин, р.Хайруллин,с. Талжанов, с.сейітов, Ж.
Ысмағұлов, Қ.сағындықов, Г.Бельгер, к. канафиева- кереева, х. садықов,
Г. Қамбарбаева, Ш.сатпаева, м.сильченко, А. Алимов, и.Габдиров, у. Айтпаев, м.
Әлімбаев, с.Құспанов, Н. сағындықова, Б.Хасанов, с. Алтыбаева және т.б. еңбектері
арналған.
Белгілі қазақстандық ғалымдардың теориялық көзқарастарына сүйене отырып,
қазақ аударматану ғылымының даму процесін көрсетуге тырысып көрейік. Қазақ аударма
ісінің, оның ішінде көркем аударма дамуының ғылыми теориясын қарастырғанда оны
төрт кезеңге бөлу қажет:
1. бірінші кезең (Xiii-XiVғ), бұл кезеңге махмұд Қашқаридың араб тіліндегі
«Диуани лұғат ат- түрік»сөздігін және Әбу Хаям құрастырған «китап әл- идрак лисан әл
атран»түркі- араб сөздігін жатқызуға болады;
2. екінші кезең- көркем арқылы Шығыс әдебиетінен сусындау, бұл әсіресе арабтардың
орта азия мен Қазақстанды жаулау дәуірінде кеңінен таралды;
3. үшінші кезең, Қазақстанның ресейге қосылған уақытынан бастап қазан төңкерісіне
дейінгі кезең, бұл кезеңде Н.ильминский, Ы.Алтынсарин, А.Апсатаров, А.Алекторовтың
сөздіктері мен оқу құралдары жарық көрді, сондай- ақ «Түркістан уалаяты», «Дала
уалаяты» газеттері мен «Айқап» журанлы шыға бастады, бұл басылымдардың бетінде
орыс классикалық әдебиетінің аударма шығармалары жарияланды.
4. төртінші кезең-1917 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі көркем аударманың дамуы.
сонымен, ғылыми- теориялық көздерден белгілі болғандай, Қазақстандағы аударма
ісі Қазақстанның ресейге қосыла бастаған тарихи кезеңнен бастап дами бастады. орыс
шенеуніктерінің аудармаға қатысы бар миссионерлік іс-әрекеті орыс тіліндегі қазақ
көркем әдебиеті шығармаларының пайда болуына түрткі болды.
сонымен, аударма халықтар арасындағы жалпы мәдени байланыстар өрісін
кеңейтіп қана қоймайды, сондай-ақ, ұлттық әдебиетті де байытады. сондықтан да
аударма әдебиетті ұлттық әдебиеттердің байланысы мен шығармашылық қарым-
қатынастарының бір түрі есебінде қарастыру қажет. осы тұрғыда р.Хайруллин былай
деп жазады: «Аударма саласы – мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. ол
туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек, күн тәртібінде
тұра бермек. Және солардың актуальдылығы – белгілі кезеңдерге байланысты жағдай.
Аударма туралы қай кезеңде не айтылса да маңызын жоймайды, өйткені ол қашан да
жаңа, соны проблемаларға жол ашады, мұрындық болады» [4, 36]. Шындығында да,
аударма саласында бүгінде өз шешімін күткен мәселелер баршылық. соның ішінде
аударма өнеріндегі көркемдік, дәлділік дегендердің мазмұны неде деген сауалға жауап
іздеу – аудармадағы қазіргі уақыттың зәру мәселелерінің бірі.
Аудармадағы қазақ тілінің орны, ерекшелігі, салмағы туралы, оны іске асырушы
– аудармашының өнері, дарыны туралы мәселелердің басын ашып алудың маңызы
зор. Бұлардың бәрі – аударма өнерінің өзіндік ерекшеліктерін тануға, ондағы өзекті
проблемалардың сыңайын байқауға жол ашады.
Дегенмен, аударманың теориялық мәселелерін қарастырмастан бұрын, аударма
әдебиеттің тарихын зерттеу қажет. Біздің ойымызша, аударма әдебиеттің тарихы -
әдебиеттер байланысын зерттеудегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Аударма тарихына дендеу үшін «аударма» ұғымының әр түрлі тарихи кезеңдерде
өзгеріске ұшырап отырғанын ескеру керек. осыған орай, аударма принциптері мен оған
қойылатын талаптар да өзгеріп отырды. Жалпы аудармаға қойылатын талаптар, атап
394
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
айтқанда: аударма шығармаларда автордың жеке стилінің, ұлттық бояу-нақыштардың,
түпнұсқаның нақты-тарихи және әлеуметтік ерекшеліктердің сақталуы, көркемдік
пішіннің өзіндік сипатының жоғалмауы және т.б. – қатып қалған талаптар емес және олар
әдеби тәжірибеде біртіндеп қалыптасты.
Аталмыш талаптар аударма ойы дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінде әр түрлі
деңгейде көрініс тапты. Басқа халықтар әдебиетінің тереңіне бойлаған сайын аударма
өнері де ұштала түсті. Жалпы Қазақстандағы аударма ісі Қазақстанның ресейге қосылған
кезінен бастау алады. Қазақстанға миссионерлік мақсатпен келген орыс шенеуніктерінің
іс-әрекеті қазақ көркем әдебиеті туындыларының орыс тілінде жарық көруіне түрткі
болды. Дегенмен, сол кезеңдегі баспасөз бетінде қазақ әдебиеті шығармалрының орыс
тіліне аударылу мәселелері аз талқыланды.
Аударма өнерінде А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсариннің орны ерекше, олар
орыс классикалық әдебиетін қазақ тіліне кәсіби биік дәрежеде аударды. Әсіресе,
Ы.Алтынсариннің еңбегі орасан зор. Ағартушы и.А.крыловтың «Қарға мен түлкі», «екі
тышқан», «Қайырымды түлкі» деген мысал өлеңдерін ең бірінші болып аударып, 1879
жылы «киргизская хрестоматиясында» бастырып шығарды. Бұл – орыс халқы әдебиеті
мен қазақ халқы әдебиетінің өзара байланыс, қарым-қатынасы, бірін-бірі толықтыру,
жетілдіру бағытының алғашқы бастамасы болатын.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай да 1898 жылдары крыловтан «есек пен бұлбұл»,
«Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден», «Қарға мен түлкі»,
«Бақа мен өгіз» деген мысалдарынаударған. Бұл аудармалардың қазақ балалар жазба
әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалы зор болды.
осы уақыттан бастап орыс халқының балалар әдебиеті мен қазақ балалар жазба
әдебиетінің өзара байланысы, қарым-қатынасы үнемі өріс алып отырды.
Қазақ аударма ісі 19 ғасырдың соңы, 20 ғасыр басында жандана түсті. Қазақ
баспасөзінің дамуы аударма ісінің қарқынды дамуына түрткі болды.
Қазан төңкерісінен кейінгі әлеуметтік өзгерістер дүмпуі қазақ жерін де дүр
сілкіндірді. Әсіресе, төңкерістің алғашқы жылдарында халықтың мәдени дәрежесін,
білімін көтеру – маңызды міндеттердің бірі болып табылды. Бірақ бұл кезеңде білімге
құштар халықтың талабын қанағаттандыратын құралдар: оқулықтар, кітаптар қазақ
тілінде мүлдем жеткіліксіз еді. сондықтан қазақтың оқыған азаматтарының барлығы
дерлік аудармамен шұғылданды. Бұл – тарихи қажеттілік еді. осы тұстағы аударманың бір
ерекшелігі, Ә.сатыбалдиевтің [5] айтуынша, бір жағынан, орыстың және дүние жүзілік
классикалық әдебиеттің шығармалары аударылса; екінші жағынан, ғылыми, саяси,
ғылыми-техникалық, ауылшаруашылығына арналған әдебиет те аударылды. сондай-ақ,
аударма партиялық үгіт пен насихаттың қызметіне жегіп, саяси-әлеуметтік өзгерістердің
мән жайын жалпы жұртшылыққа түсіндірудің саяси құралы да болды. Өз кезегінде бұл
Қазақстандағы аударма ісін жаңа бір белеске көтерді. Қазақ аудармашылары шеберлігінің
ұшталуы, жетілуі нәтижесінде қазақ халқы орыс және шетел әдебиетімен таныса алды
және керісінше орыс халқы қазақ әдебиеті үлгілеріне қаныға бастады.
паЙДаланылҒан ӘДебиеттеР
1. Неупокоева и.Г. Некоторые вопросы изучения взаимосвязей и взаимодействия национальных
литератур. материалы дисскуссии. – м.: издательство АН ссср, 1961. – 13-51с.
2. Фёдоров А.в. введение в теорию перевода. - м.: Наука, 1958.- 374с.
3. Лилова А.к. введение в общую теорию перевода. - м.: Наука, 1985. – 150 с.
4. Хайруллин р. Аударма сипаты. Қазақ әдебиетіндегі көркем аударманың кейбір мәселелері. –
Алматы: Ғылым, 1976. - 254б.
5. сатыбалдиев Ә. рухани қазына: көркем аударма мәселелері. – Алматы: Жазушы, 1987- 128 б.
редакцияға 22.08.2009 қабылданды
Достарыңызбен бөлісу: |