Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі362,37 Kb.
#1752

1725 

 

В ежегодных посланиях народу Казахстана президент неоднократно делает акцент на 



важности  интеграции  с  нашими  ближайшими  соседями:  «Мы  отвечаем  на  глобальные 

вызовы ХХI века  углублением евразийской интеграции. Мы вместе с Россией и Беларусью 

сформировали  Единое  экономическое  пространство,  идем  к  созданию  Евразийского 

экономического  союза.  Это  –  важный  фактор  общерегиональной  стабильности, повышения 

конкурентоспособности  наших  экономик.  Мы  готовы  поддержать  стремление  других 

государств СНГ присоединиться к евразийской интеграции».   

 

Список использованных источников: 

1.

 



Чазов  О.П.  Интересы  и  политика  России  в  Центральной  Азии  в  новых 

геополитических условиях//Обозреватель. 2012. - №5(268).   

2.

 

Черкасов  Н.А.  Доктрина  развития  Евразийского  экономического  сообщества  в  XXI 



веке // http://www.ipaeurasec.org/magazine/?data=012007_08. 

3.

 



Шайхутдинова  Г.Р.  Продвинутое  сотрудничество  в  договоре,  учреждающем 

Конституцию для Европы // Право и политика. 2007. N 4.  

4.

 

Шишков  Ю.В.  Формирование  европейского  экономического  пространства  / 



Заглядывая в 21-й век: ЕС и СНГ. 

 

 



ӘОЖ 327:340(574) 

ЕУРАЗЭҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ЗАҢДАРЫНЫҢ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҮДЕРІСІ 

 

Турсынов Дулат Канатбекулы 

dulat_tursynov@mail.ru

 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты, 



Астана, Қазақстан 

Ғылыми жетекші – Елмурзаева Р.С. 

 

Әр  түрлі  мемлекеттердің  бірігуі  нәтижесінде  құрылған,  бірлестіктің  мүшелеріне  



міндетті күш шешіміне ие органдар бар. Мұндай органдар конфедерацияларда, қоғамдастық 

пен  мемлекеттердің  одақтары  жанында  құрылуы  мүмкін.  Оған  мысал,  ұлтүсті  ұйым 

статусына ие Еуропалық Одақтың органдары ұлтүсті сипатта қызмет етеді. 

Жаһандық  қаржылық  дағдарыс  жағдайында  даму  деңгейіне  қарамастан  мемлекеттер 

бетпе-бет  келіп  отырған  зардаптарды  ақылдаса  отырып  еңсеру  әлдеқайда  жеңіл  екендігі 

белгілі.  Сондықтан  да  бұрынғы  кеңестік  мемлекеттер  аумағында  құрылған  дәл  сондай 

бірлестіктердің  бірі  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  (ЕурАзЭҚ)  екендігі  белгілі. 

Айта кетерлігі, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қарағанда. ЕурАзЭҚ-тың 

өкілеттігі  жоғары.  Мұның  сыры  да  түсінікті,  себебі  оның  құрамына  Беларусь,  Қазақстан, 

Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері кіреді. Ал бірлестіктің негізгі мақсаты оның 

құрамына  кіретін  елдердің  аумағында  бірыңғай  экономикалық  кеңістік  құру  жолы  арқылы 

өңірлік ықпалдасу болып саналады. ЕурАзЭҚ (еркін сауда зонасы – кедендік одақ –бірыңғай 

экономикалық  кеңістік)  шеңберіндегі  үш  интеграциялық  этап,  Кедендік  Одақ  Комиссиясы 

көлемінде  және  кейіннен  Еуразиялық  экономикалық  комиссия  көлемінде  (ЕЭК)  обьективті 

түрде  ұлтүсті  құрылымның  пайда  болуына  ықпал  етті.  Сонымен  қатар,  Кедендік  Одақ 

Комиссиясының  қызмет  органы  және  Еуразиялық  экономикалық  Одақ  комиссиясы, 

ақырындап ұлтүсті құрылымы қырынан таныла бастады және мүше-елдер (Қазақстан, Ресей 

Федерациясы  және  Белоруссия)  тарапынан  шешім  қабылдай  алатын  дәрежеге  жетті. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  4-бабының  1-тармағына  сәйкес, 

«Республика  жария  еткен  халықаралық  келісімдер  заң  алдында  басымдылыққа  ие  және 

тікелей  қолданыста,  тек  халықаралық  келісімде  оның  қолданылуына  заңның  шығарылуы 

қажет  болмайды»[1,б.3].  Осыған  байланысты  Қазақстан  Республикасы  премьер  министрі 



1726 

 

Кедендік  Одақ  Комиссиясы  міндеттері  шешімі  мәселесімен  Конституциялық  Кеңеске 



жүгінді. 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциялық 

Кеңесі 

2009 


жылдың 

5қарашасындағы  №6  нормативті  қаулыда    Конституцияға  сәйкес  (4-бабы),  Республиканың 

жария  еткен  халықаралық  келісімдердің  заң  алдындағы  басымдылығыны,  халықаралық 

ұйымдар  мен  органдардың  шешіміне  тікелей  қолданылады,  деген  жадыға  түсінік 

берді[2,б.27].Бұл  жүгіну  Республика  Үкіметінің  Кедендік  Одақ  Комиссиясының  2007 

жылдың  6  қарашасындағы  шешімі  мен  сыбайластардың  міндетті  сипаты  Келісімінің  7-

бабындағы,  Кедендік  Одақ  Комиссиясы  жайындағы  Келісімнің  мүше-мемлекеттер 

территориясында  іске  асу  тәсілдерінің  ұйтқысы  болды.  2008  жылдың    24  маусымындағы 

№45-IV  «Кедендік  Одақ  Комиссиясы  Келісімінің  жариялануы»  атты  Қазақстан 

Республикасының  жарияланған  Заңына  сәйкес,  2007  жылдың  6  қарашасындағы    Кедендік 

Одақ  Комиссиясы  келісіміне  сәйкес  құрылған  Комиссия   мемлекеттердің  егемендігі теңдігі 

принциптеріне  сәйкес,  ерікті  мемлекетаралық-келісім  негізінде,  Кедендік  Одақ  дамуы  мен 

құрылым  жағдайын  қамтамасыз  ету  құзыреті  жақтардың  өзара  үлесі  мен  ұлттық  мүддесін 

қаматамасыздандыруға беріледі. 

Келісімде  Белорусь  Республикасының,  Қазақстан  Республикасының  және  Ресей 

Федрациясы мемлекеттік органдарының құзыреті бөлігінің халықаралық ұйым органдарына 

ерікті  кезең-кезегімен  берілуі  қарастырылады.  Яғни  жақтастарға  міндетті  сипатта  (2  және7 

баптар)  өз  құзыреті  шегінде  шешім  қабылдайды.  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясының  4-бабының  3-тармағына  сәйкес  Келісім  оның  жариялануынан  кейін, 

қазақстандық  заң  алдындағы  қолдану  құзыреті  мен  шексіздігіне  байланысты  заңды  сипат 

алды.  

Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  кеңесі  пікірінше,  халықаралық  ұйым 



мен  органдары  елдерінің  мемлекеттік  органдары  құзыретінің  берілу  мүмкіндігін 

қарастыратын  арнайы  нормалары  жоқ.    Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының 

конституциялық  және  халықаралық-мойындалған  статусы  –  тәуелсіз  мемлекет,  оның 

негізінде  мемлекеттің  тәуелсіздігі  мен  сыртқы  және  ішкі    саясаттың  құрылымының 

қалыптасуы  мен  оның  жүзеге  асуы  Республика  үшін  Негізгі  Заңның  нормалары  мен 

жағдайының  сақталуы  тәрізді  шешім  қабылдауға  ықпал  етеді.  Қазақстан  Республикасының 

№54-III  2005  жылдың  30  мамырындағы  «Қазақстан  Республикасының  халықаралық 

келісімдер  туралы»  Заңы  бойынша  жарияланған  халықаралық  келісімдер  қатарында 

«Қазақстан  Республикасының  мемлекетаралық  бірлестіктер  мен  халықаралық  ұйымдарға 

мүшелік  етуі  туралы  айтылған»,«егер  мұндай  келісімдер  олардың  Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздікқұқығының жүзеге асырылуының тапсырылуын қарастыратын 

болса,Қазақстан  Республикасын  органдарының  құқықтық  міндеттерін  шешімін  орнатады» 

делінген.  Осылайша  Парламенттің  заңды  қабылдау  құзыреті  арқылы,  халықаралық 

ұйымдарға  Қазақстанның  кіру  мүмкіндігі,сонымен  қоса  Қазақстан  Республикасының 

егемендік  құқығының  іске  асуы  немесе  Қазақстан  Республикасы  органдарының  құқықтық 

міндетті шешімдерінің орнығуы мүмкіндігін қолдады. 

Қазақстанның құқықтық қызметіне байланысты халықаралық келісімдердің қатарына 

«Өзге  Республикалардың  міндеттері»  нормалары  жатады  (Конституцияның  4-бабының,  1-

тармағы).  Конституциялық  Кеңес,  өзге  міндеттер  халықаралық  келісімдердің  шеңберінде 

болуы мүмкін деп болжайды, яғни олардың құрамды бөлігі ретінде, маңызды (материалды) 

немесе  ұйымдастырушылық  (процессуалдық-іс  жүргізушілік)  жалғасыммен,  өздігінен 

халықаралық келісімдерден тыс. Баяндалған жағдайларды сақтау барысында, бастапқылары 

осы  нормативті  қаулының  шарттары  халықаралық  келісімнің  жарияланған  заңды  қасиетіне 

ие  болуы  мүмкін.  Екіншілері  ондай  қасиетке  қабылетсіз  болып  келеді.  Сондықтан 

Комиссияның  шешімімен  шыққан,  Қазақстанның  Келісіміне  сәйкес  жарияланған, 

Қазақстанның құқығының жүзеге асырылуын және міндеттерінің орындалуын қарастыратын 

үндеуіне  сәйкес,  Негізгі  Заңнын  4-бабының  1-тармағында  көрсетілген,Қазақстанның  өзге 

міндеттерінің қалай орындалатынын түсінуге болады. 



1727 

 

Халықаралық  ұйымдар  мен  олардың  органдарына  сәйкес  құрылған  Халықаралық 



ұйымдар  актісі  бойынша,  мұндай  халықаралық  келісімдерде  атаулы  актілер  мүше-

мемлекеттер сипатына сай мәндетті болса, елдер және олардың мемлекеттік органдары мен 

міндетті тұлғалары барлық қажетті-құқықтық шараларды жүзеге асыруға міндетті. 

Егер  міндетті  Келісімге  сай    Комиссия  актісі    заңға  немесе  басқа  да  нормативті 

құқықтық  актіге  қайшы  келсе,  Комиссияның  қабылдаған  жалпы  ережеге  құқықтық  норма 

қызмет етеді. 

Сонымен  қатар,  Коституциялық  Кеңес,  Қазақстан  үшін,  халықаралық  ұйымдар  мен 

олардың  органдарының  шешімдері,  міндетті  болып  танылмайды.  Конституцияның  91-

бабының  2-тармағы  және  2-баптың  2-тармағындағы  жағдайды  бұзушы,  Республиканың 

егемендігі  оның  барлық  территориясына  бірдей    және  оның  Конституцияның 

біртұтастығының  өзгермеуіне,  мемлекеттік  территориялық  тұтастығы  мен  Республиканы 

басқару  формасына  қол  сұқпаушылық  жағдайын  бұзушы  шеім  міндетті  емес.  Негізгі 

Заңныңадамның  өмірін,  құқығын  және  еркіндігін  мемлекеттің  жоғарғы  байлығы  деп 

жариялайтын    1-бабының  1-тармағы  қазақстандық  заңдар  алдында  құзыреттік  қасиетке  ие 

бола  алмайды,  Комиссияның  шешім  қабылдауда  қабылетсіз  және  адам  мен  азаматтың 

конституциялық құқығы мен еркіндігін қысымға ала алмайды. 

Конституциялық Кеңес арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2008 

жылдың  10  тамызындағы    №1  «Қазақстан  Республикасының  халықаралық  келісімдерінің 

нормаларын  қабылдау  туралы»  Нормативті  қаулысына  сәйкес,  өзіндік  қызметі  бар  және 

заңдарды  қабылдауға  шығаруға  бекітілген  халықаралық  келісімдер,  материалдық 

(қылмыстық-құқықтық 

және 


әкімшілік-құқықтық 

қатынастан 

басқалары) 

және 


процессуалдық құқық ретінде қолданылады[3,б.54]. 

Қазақстан  үшін  міндетті  рәсімді  қабылдаудағы  халықаралық  ұйым  мен  оның 

органдарының  шешімі  халықаралық  келісімдегі  және  қабылданған  республикалық 

референдум шешімінде көрсетілген, сонымен қатар Республика Президенті және Парламенті 

актілеріндегі  келісім  бекітуі  мен  қорытындысында  белгіленген,  Қазақстан  халқы  еркіндігін 

кепілге алуға  бұрмалаудың мүмкіндігін шектеу құқықтық кепілді қарастыруы керек. 

Комиссия  қызметі  принциптері  ретінде,  Комиссияның  еркіндігінің  және  Елдердің 

мемлекеттік  органдарының  құзыретінің  кезең-кезеңімен  тапсырылуы,  өзара  үлес  пен 

Елдердің  ұлттық  мүддесінің  есеп-қисапының  қамтамасыз  етілуі,  қабылданған  шешімдердің 

экономикалық дәлелділігі, ашықтығы, жариялылығы мен обьективтілігі (Келісімнің 2-бабы) 

жарияланды.  Комиссияның  құрамына  әр  Елден  бір  ғана  өкіл  немесе  үкімет  мүшесі  кіреді 

(Келісімнің 4-бабы).  

Осыған  байланысты  мүше-мемлекеттердің  егемендік  еркіндігін  сақтау  үшін 

толықтырылған  кепіл  орнатылды.  «Егер  бір  ел  Комиссияның  қабылдаған  шешімімен 

келіспесе,  ол  мәселе  бәтуаластық  шешім  қабылдайтын,  Кедендік  Одақтың  мемлекет 

басшысы  деңгейіндегі  жоғарғы  органының  қарауына  ұсынылады.  Сонымен  қатар  егер  бұл 

кедендік  одақтың  келісімді-құқықтық  базасын  құрайтын  халықаралық  келісімдерде 

қарастырылатын  болса,  Комиссия  бәтуаластықпен  шешім  қабылдайды.  Кез  келген  ел 

Кедендік одақтың жоғарғы органына, Комиссияның шешімін қайта қарауға ұсыныс білдіре 

алады. Егер шішім қабылдау барысында, қажетті дауы жеткіліксіз болса, Комиссия Кедендік 

Одақтың  жоғарғы  органына  мәселені  қарастыруға  жіберуге  құқылы»  (Келісімнің  7-бабы). 

Сондықтан, Келісімде қаралған рәсім «жанамалық тыйым» әрбір ел позициясының міндетті 

есеп-қисабын қамтамасыз етеді. Комиссияның  Республиканың нормативті құқықты актілері 

алдында басымдылыққа ие тікелей қабылдаған шешімі, Қазақстанның құқықтық қызметінің 

нормасын  өзгертпейді.  Комиссияның  халықаралық  келісімін  шешімін  бекітумен  тең 

басымдылықтар  мен  тікелей  қабылдаулар  сондай  келісім  нормаларының  ситуациялық 

артықшылығын  болжайды  (№18/2  Конституциялық  Кеңес  Қаулысы  2000ж.  11  қазан).  Бұл 

Республиканың  құқықтық  актілерімен  қайшылықтар  болған  жағдайда,  Комиссияның 

қайшылықты  тоқтатқанша  міндетті  шешім  нормасы  қызмет  етеді.  Мінездемелік  сипатқа  ие 

Комиссия шешімінің Республика Заңы алдында басымдылығы жоқ [4]. 



1728 

 

Еуразиялық экономикалық комиссия, Кедендік одақтың және Бірыңғай экономикалық 



кеңістіктің  үздіксіз  қызмет  ететін  реттеуші  органы  болып  табылады,  2012  жылдың  2 

ақпанынан бастап құрыла бастады. Еуразиялық экономикалық Комиссияның негізгі белгісі – 

Кедендік  одақ  пен  Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  құрылымы  мен  даму  жағдайын 

қамтамасыз  ету,интеграцияның  ертеңгі  даму  жалғасын  өңдеу.  Еуразиялық  экономикалық 

комиссия ұлтүсті басқару орган статусына ие және өз қызметінде өз шешімін қандай да бір 

ұлтүсті  үкіметінің  мүддесімен  негіздемей,  еуразиялық  қоғамдастықтың  толықтай  мүддесін 

басқарады. Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістік территориясындаңы мүше-

мемлекеттер  үшін  Комиссияның  шешімі  міндетті  болып  табылады.  Комиссияның  маңызды 

ерекшелігі  барлық  қабылданатын  шешім  алқалық  негізде  жүзеге  асады.  Еуразиялық 

экономикалық комиссия алқасы 9 мүшеден тұрады(әр мүше-мемлекеттен 3 алқа мүшесінен), 

олардың біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болады. Алқа Төрағасы және Алқа Мүшелері 

Жоғарғы Экономикалық кеңес шешімімен,  мемлекет  басшысы деңгейінде, өкілдік мерзімін 

ұзарту мүмкіндігімен 4 жылға сайланады. Алқа шешімді дауыс беру жолымен қабылдайды. 

Әрбір Алқа Мүшесі бір дауысқа ие. 

Еуразиялық  экономикалық  кеңістік  Алқа  Мүшелері  (Министрлер)  жетекшілік  ететін 

қызметтік бағытпен құрылады. Әрбір бағыт экономикалық қызмет  сферасы мен саласының 

блогын көрсетеді. Алқа Мүшелері және Еуразиялық экономикалық кеңістік департаменті өз 

қызметі  шеңбері  бағытында  құзыретті  ұлттық  билік  органдармен  қызмет  етеді.  Қазіргі 

уақытта  Еуразиялық  экономикалық  кеңістік  құрылымында  23  департамент  қызмет  етеді. 

Олардың  жанында  Еуразиялық  экономикалық  кеңістік  Алқасының  ұсынысын  өндіру  және 

мемлекеттік  биліктің  үлттық  органдарының  өкілдерімен  кеңес  өткізу  мақсатында  17 

Консультативті  комитет  құрылған. Комитет  төрағасы болып олардың қызмет  бағытына сай 

Алқа Мүшері орнығады. 

Еуразиялық  экономикалық  кеңістігі  қызметінің  басты  қызметінің  бірі  –  негізгі 

серіктеспен  көпжақты  диалогты  қолдау.  Диалогтың  бірінші  деңгейі  –  шешімді  өндіру  мен 

қабылдау  процесінде  ұлттық  органдармен  тиімді  мемлекетаралық  тәртіп.  Екінші  деңгей  – 

бизнес-қоғамдастықтармен 

тікелей 


жұмыс 

формасы. 

Еуразиялық 

экономикалық 

комиссияның негізгі қызметтік бағыты: кедендік әкелім бажының алынуы және орналасуы; 

үшінші елдің қатысуындағы сауда режимін орнату; сыртқы және өзара сауда статистикасы; 

макроэкономикалық  саясат;  өндірістік  және  ауылшаруашылық  субсидия;  энергетикалық 

саясат;  табиғи  монополия;  мемлекеттік немесе  муниципалдық  сатып  алу;  өзара  инвестиция 

және  қызмет  көрсету  саудасы;  транспорт  және  тасу;  валюталық  саясат;  дараланған  тауарда 

зияттық  қызмет  қорытындысын  қорғау  және  күзету;  жұмыс  және  қызмет  көрсету;  еңбек 

миграциясы;  қаржы  нарығы(банк  сферасы,  сақтандыру  сферасы,валюта  нарығы,  бағалы 

қағаздар нарығы)және басқалар[5].ЕврАзЭҚ-та субсидиарлық принципіндегі интеграциялық 

органдарды (мәселен ЕО) қажетті шектеу мүмкін, ұлтүсті сипатына тікелей қатысты сұрақ та 

ашық  күйінде  қалуы  мүмкін,  яғни  ол  мемлекеттерден  олардың  жүзеге  асуына  толықтыру 

шешімін қабылдауды талап етеді немесе бұл мәселе жаңадан интеграциялық құрылым пайда 

болғаннан соң, ұлттық заңдарды сәйкесінше түзеткеннен соң шешімін табуы мүмкін. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Конституция Республики Казахстан. Алматы.2012-с.98 

2.

 



Сборник постановлений Конституционного Совета РК. Астана. 2010-с.526 

3.

 



Сборник  постановлений  Пленума  Верховного  Суда  Казахской  ССР,  Пленума 

Верховного  Суда  РК,  нормативных  постановлений  Верховного  Суда  РК  (1968-2009). 

Алматы. 2010-с.648 

4.

 



Решения КТС//www.tsouz.ru 

5.

 



Евразийская экономическая комиссия /eurasiancommission.org 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет