Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ҧлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Негізгі тҥсініктер: деректер базасы, ақпарат бірліктері, пәндік аймақ, ақпараттық қор,
объектінің қасиеті, элемент, құрылым, сатыластық,
байланыс, күй, модель
Тақырыптың мазмҧны: Қазіргі уақытта «жүйе» ұғымын анықтауда бірлік жоқ деуге
болады. Қандай да бір формалардағы алғашқы анықтамаларда, жүйе
- бұл элементтер және
олардың арасындағы байланыстар (қатынас) екендігі туралы айтылады. Мысалы, жүйелер
теориясының негізін қалаушы Людвиг фон Берталанфи жүйені ӛзара әрекеттесуші әлементтер
кешені немесе бір-бірімен және ортамен белгілі бір қатынастарда болатын элементтердің
жиынтығы ретінде анықтады. А.Холл жүйені заттар арасындағы және олардың белгілері
арасындағы байланыстармен бірге заттар жиыны ретінде анықтайды. Қай термин - «қатынас»
немесе «байланыс», қолданысқа жақсы деген талас жүруде.
Одан кейінірек жүйелер анықтамаларында мақсаттар ұғымы пайда болады. Мәселен,
«Философиялық сӛздікте» жүйе белгілі бір түрде бір-бірімен
қатынастарда және
байланыстарда болатын, кейбір тұтастык бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы ретінде
анықталады.
Кибернетиканың негізін қалаушылардың бірі У.Р.Эшби алғашқы болып зерттеуші мен
зерттелетін жүйе арасындағы ӛзара әрекетті есепке алу қажеттілігін атап кӛрсетсе де, соңғы
уақыттарда жүйелер
ұғымын анықтауда элементтермен, байланыстармен және олардың
қасиеттерімен, мақсаттарымен қатар бақылаушы термині енгізіле бастады.
М. Месарович пен Я. Такахара «Жалпы жүйелер теориясы» кітабында, жүйе -
«Бақыланатын белгілер мен қасиеттер арасындағы формалды ӛзара байланыс» деп санайды.
Осылайша, ескерілетін факторлардың саны мен абстрактылық
дәрежелеріне қатысты
«жүйе» ұғымын анықтауды келесі символ формасында кӛз алдымызға елестетуге болады.
Әрбір анықтаманы D әрпімен (латынша definitions) және факторларды анықтауда ескертілетін
санмен сәйкес келетін реттік нӛмірмен белгілейміз.
D1. Жүйе бұл тұтастық:
S=A(1,0)
Бұл анықтама бар болу мен тұтастық фактісін білдіреді. А (1,0) екілік пайымдау осы
сапалардың бар болуын немесе жоқ болуын бейнелейді.
D2. Жүйе дегеніміз - ұйымдасқан жиын (Темников Ф. Е.)
S={
ұйымд., М),
мұндағы
ұйым. - ұйымның операторы; М-жиын.
D3. Жүйе дегеніміз - заттардың, қасиеттер мен қатынастардың жиыны (Уемов А. И.):
S
=({m},{n},{r}),
мұндағы,
m - заттар,
n - қасиеттер,
r - қатынастар.
D4. Жүйе дегеніміз - құрылымдар құратын және қоршаған орта жағдайларында белгілі
бір тәртіпті қамтамасыз ететін әлементтер жиыны:
S=(e, ST, BE, E),
мұндағы e - элементтер, ST— құрылым, BE - тәртіп, E - орта.
D5. Жүйе дегеніміз - ӛтулер операторымен және шығулар операторларымен
сипатталатын,
кірулер жиыны, шығулар жиыны, жай-күйлер жиыны:
S=(X,Y,Z,H,G),
Мұндағы, X - кірулер, Ү - шығулар, Z - жай-күй, Н - ӛтулер (ауысулар)
операторы, G -
шығулар операторы. Бұл анықтама автоматикада қарастырылатын бүкіл негізгі
компоненттерді ескереді.
D6. Бұл - кейін сӛзбен тұжырымдау қиын болатын, алтымүшелі анықтама. Ол
биожүйелер деңгейіне сәйкес келеді және генетикалық (тектік)
GN бастауды, KD ӛмір сүру
жағдайын, MB алмасу құбылысын, EV дамуды, EC қызметін және RP кӛшірмені
(жаңғыртуды) ескереді:
S=(GN, KD, MB, EV, FC, RP).