Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ҧлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
жіберуді қажетсінбейді.
Сондықтан ақпарат теориясында ақпараттар саны үғымымен байланысты ӛлшем
ықтималдық арақатынастарға негізделеді. Басқару және бақылау жүйелері үшін маңызды
хабарлардың мағыналық мазмұны, байланыс жүйелерінде ешқандай рӛл атқармайды және
ақпараттар саны ұғымында ескерілмейді. Байланыс жүйелері үшін оның кіруінде қандай да
бір хабарлардың қаншалықты жиі пайда болатыны мен олардың беретін дабылдары жүйе
ішіндегі кедергілермен қаншалықты ықтимал бұрмалауға ұшырайтындығы ғана түбегейлі
болып саналады.
Осы себеп бойынша, ақпарат теориясында және жалпы байланыс теориясында
пайдаланылатын ақпараттың математикалық ұғымы осы терминнің кәдімгі әдеттегі мәніне
сәйкес келмейді. Ақпарат теориясына сәйкес, ақпарат сӛзі, адам қаншалықты соны
айтқанында емес, оны соншалықты айта алуы мүмкін екенін білдіреді. Басқаша айтсақ,
ақпарат - бұл хабарды таңдау еркіндігінің ӛлшемі.
Ақпарат - объектілердің ӛзара әрекет етуі нәтижесінде олардың жай-күйлері арасында
орнатылатын белгілі бір сәйкестіктен тұратын материяның қасиеті. Ақпарат хабар
түрінде кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: