Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет35/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы 
тиіс.
Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына 
соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын 
немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар 
мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша өзге, куәгерлік 
айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде 
мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. 
Сонымен қатар, нотариалдық куәландыруын талап ететін мәмілелер болуы мүмкін, бұлар 
нотариалдық куәландырғаннан кейін ғана жасалады деп саналады.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа 
мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін 
болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті. 
6. Міндеттемелер түсінігі. Міндеттемедегі тараптар. Міндеттемелерді орындау. 
Міндеттемелердің орындауын қамтамасыз ету әдістері. 
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) 
пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер 
жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан 
өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды 
қабылдауға мiндеттi. 
Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде 
бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде кодексте белгiленген ережелерге сәйкес 
үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады. 
Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған 
талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша 
талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге да осындай адамдарға қоятын 
талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.
Мiндеттемелер Азаматтық кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян 
келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады. 
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға 
тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi 
әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс. 
Егер мiндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиiстi уақыт кезеңi 
көзделсе немесе анықтауға мүмкiндiк берсе, мiндеттеме сол күнi немесе тиiсiнше сол 
кезең iшiнде кез келген уақытта орындалуға тиiс.
Мiндеттемеде ол орындалатын мерзiм көзделмесе және бұл мерзiмдi анықтауға 
мүмкiндiк беретiн шарттар болмаса, ол мiндеттеме пайда болғаннан кейiн ақылға 
қонымды мерзiмде орындалуға тиiс.
Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, 
борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы 
қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету тәсiлдерi 
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң 
актiлерiнде белгiленедi. 
Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап 
айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, 
заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет