Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет2/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, 
фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі 
орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар 
пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті 
нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға 
түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. 
әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс. 
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың 
құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау, олардың билік аясы 
(өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері құқықтық нормалар арқылы 
анықталады.
Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана 
құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. 
Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары 
мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім 
алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің 
заңдық шарттарын белгілейді.
Сонымен, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, 
қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті 
мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға 
күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне 
берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын 
орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға 
шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып 
табылады. 
1. 
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтік-құқықтық акт. Құқықтық жүйе. 
Құқықтық жүйенің құрылымы. 
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. 
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар 
Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк 
қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк 
органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; 
8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк 
құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi 
қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет